Дәріс№13

13 – тақырып. Ақша – несие жүйесі.                   

Дәрістің мақсаты: Студенттердің ақшаның мәнін, оның атқаратын қызметтерін білетіндіктен бұл дәрісте ақшаға деген сұраныс пен ұсынысты оқу,екі деңгейлі банк жүйесімен таныстыру.

1. Ақша және өтімділік түсінігі. М1, М2, М3 ақша агрегаттары.

2. Ақшағы деген сұраныс пен ұсыныс. Ақша нарығындағы тепе-теңдік.

3. Несие жүйесінің құрылымы.

4. Орталық банктің атқаратын қызметі.

5. Несие формалары.

Ақша массасы бұл – қолма қол және аударым ақша нысанындағы шаруашылықта бар барлық ақша құралымының жиынтығы. Ұсыныс – ақша массасының айналымы, берілген мезетте мемлекеттегі төлем құралы айналымының жиынтығы.

                                       М1 = қолда бар ақша мен чектік салым.

                                       М21+чектік емес жинақ ақша салымы+шағын жедел  

                                салымдар

                                 М32+ірі жедел салымдар

Ақша мультипликаторы бұл артық резервтін бөлігі. Ақшаға сұраныс Фишердің тендігімен сәйкес анықталады:

                       М+U=Р+Q

Өтімділік дегеніміз активтердің айырбас құралына айналу онайлығы. Ақша айналығының жылдамдығы  - қолдан қолға өтетін ақша шапшандығы.

                             V=

Ақша жүйесінің элементтері:

  1. ақша бірлігі
  2. баға ауқымы
  3. иммисиялық жүйе
  4. ақша түрлері
  5. ақша жүйесінің институттары

Несие бұл қайтарлатын не пайыздық төлемі төленетін несие. Нисие беру принциптері:

1. Мерзімді лік

2. Қайтарлымды

3. Ақылы

4. Материалдық қамтамассыз етуі

5. Бір мақсатқа бағыталуы.

Несие жүйесі бұл – несие беру нысандары мен тәсілдердің несиелік қатынастар жиынтығы. Несие жүйесінің  негізгі звенолары:

  1. мемлекеттік орталық банк
  2. коммерциялық банк
  3. маманданған несие қаржы институттары

Инфляция дегеніміз бағалардың орташа деңгейінің орташа қарқыны, бірақ бұл жағдайда барлық бағалар өседі деуге болмайды. Инфляция кезінде кейбір бағалар бір қалыпта қалады, ал кейбір бағалар төмендейді. Инфляция баға индексі арқылы өлшенеді. Есімізге түсірелік, жалпы базалық мерзім баға индексі арқылы анықталады. Инфляция деңгейін мына жолмен есептеп шығаруға болады. Осы жылдың (1999 жылдың) баға индексінен алдыңғы жылдың (1998 жылдың) баға индексінен шығарып айырмасын алдыңғы жылдың (1998 жылдың) баға индексіне бөліп, содан кейін оны пайыз түрінде шығару үшін 100-ге көбейтеміз. Инфляция   (латынның inflatio – қампиған деген сөзі) – қағаз ақшаның құнсыздануымен пайда болатын әлеуметтік-экономикалық процестер жиынтығы. Инфляция жалпы  баға деңгейінің көтерілуімен байқалады. Бұның өзі, барлық  бағаның арнайы көтерілуін көрсетпейді. Олардың  баға индексімен өлшенетін жалпы деңгейі өседі.

Инфляцияның бірнеше түрлері бар. Баға өсуі қарқыны көзқарасы тұрғысынан инфляцияны төмендегідей түрге бөлуге болады: а) баяу; ү) қарқынды; б) ұшқыр. Баяу инфляция кезінде бағалар баяу (жылына 10% - дан аздау) өседіү Инфляция 2-3 % болған жағдайда, нарық ұшін орынды құбылыс болып табылады. Қарқынды инфляция кезінде баға жылдам, ырғи-ырғи (жылында 20-дан 200% - ға дейін) өседі. Ұшқыр инфляция  кезінде айналымдағы  ақшаның саны мен баға астрономиялық жылдамдықпен (500-1000%) өседі.

Нарықтық инфляциялық тепе-теңдігінің қандай қабылдануына байланысты инфляция типтерін ашық және басылыңқы деп ауырамыз. Ашық инфляция  еркін баға  құрылымиы экономикасына тән және тауар мен қызмет көрсетуге үнемі бағаның өсуін байқатады.

Басылыңқы инфляция, оны кейде жасырын инфляция деп те айтады. ОЛ бағаны  реттейтін (жалықыда болуыда мүмкін) экономикаға тән, яғни жалпылама мемлекеттің бағаны бақылауымен жүзеге асатын  инфляция.

Шетел экономистері сұрамын мен ұсынымға байланысты инфляцияны екі типке жіктейді: а) сұрамын инфляциясы; ә) өндіріс шығынының өсуімен немесе жиынтық ұсынымының азаюымен болатын ұсыным инфляциясы. Сұрамынинфляциясының мәнін бір өз мен былай деуге болады: «Тауардың  өте аз мөлшеріне өте көп жұмсалмақ».

Ұсыным инфляциясы шығын мен ұсыным нарығының өзгеруі нәтижесінде пайда болуы мүмкін.

Инфляцияны баланстану  дәрежесі бойынша былай жіктейміз: а) баланстанған инфляция және ә)  баланстанбаған инфляция. Баланстанған инфляцияда әртүрлі  тауар мен қызмет көрсетудің бір-біріне  қатынасында  баға  өзгермейді, ал баланстанбаған кезінде-әртүрлі  тауар мен қызмет  көрсетудің бағасы бір-бірімен салыстырғанда тұрақсыз және әртүрлі  пропорцияда өзгереді.Инфляция  баға көмегімен өлшенеді.                     

Инфляция салдарын  нейтрализациялау мақсатында мемлекет инфляцияға қарсы саясат жүргізеді.

Ақша айналымын тұрақтандыруға, ақшаны тұрақтандыруға мына тәсілдерді жатқызамыз: нолдендіру, девалвациялау, револвациялау және  деноминациялау.

Нөлдендірудің экономикалық мәні  мынада: мемлекет құнсыздаған қағаз ақшаны жарасыз деп жариялауы керек. Ескі ақша белгілері жағасына белгілі  айырбасталады.

Деволвация – бұл ұлттық валюта курсының шетел валютасына қатынасы бойынша немесе халықаралық ақша берлігі есебіне төмендеуі.

Револвация – бұл ұлттық валюта курсының шетел валютасы қатынасына қарай көтерілуі, егер инфляция басқа елдерге қарағанда қарқынмен дамитын болса.

Деноминация -  ақша белгісі ұлттық құнының бекемделуі және оларды  жаңа  ақша бірлігіне айырбастауғ сондай арақатынаста баға, тариф, далақы және т.б.  бірмезгілде есептеуді, жүргізу.

Қарыз нарығы – қаржы нарығының бір бөлігі. Ұдайы өндіріс  процесіне уақытша қатысуға пайдалану үшін еркін қалған ақша қорлары өткерілу (өткізу)  объектісі міндетін атқарады. Қарыз  нарығы еркін қалған қайта бөліп, жаңадан ақша ресурстарын құрайды.

Банк ұсынатын несиелер  - қысқа мерзімді, орта мерзімді, ұсақ  мерзімді  болып  жіктеледі.

Несиенің бірнеше түрлері бар: а) банктік, ә) чектік, б) коммерциялық, в) тұтыну,  г) халықаралық.. 

Несиенің өзінің қызметін банк арқылы жүргізеді. Экономикалық көзқарас тұрғысынан,  банктер  -  несие-қаржы  мекемесі . Банктың  негізгі  қызметі тұрғандар  мен  ұйымдардың ,  кәсіпорындардың  еркін  ақша  қорларын  тартып,  қорландыруды  жүзеге  асыру.

Коммерциаялық банктер  әртүрлі  меншік   негізінде  құрылады.  Олар – акционерлік, кооперативтік,  шетел банккапиталының  қосылуымен  жеке  банк де болуы мүмкін.

Коммерциялық банктің классикалық қызметі вексельдік айналымға негізднлген.

Берілген қарыз бойынша алынған пайыз жиынтығы, басқада жүргізген операциялар табысымен бірге және осыдан банк шығынын алып тастағандағы қалдық банк пайдасы болады. Банк пайдасының аты маржа деп аталады.

Банкке табыс әкелетін операцияны –  активті (қарқынды); ал ақша капиталын қосу арқылы жасалған операцияны - пассивті  деп атаймыз.

Активті (қарқынды) операциялар: вексельді, тауар ішіндегі қорлық (қаржылық) және баланстық операция болып бөлінеді.

Осы операциялардың бастысы – вексель есебі мен вексель  бойынша қарыздар беру болып табылады.

Банктің қорлық операциялық бағалы қағаздар-акция, облигация арқылы жүзеге асады. Бұл операцияларға бағалы қағаздар кепілдігі  мен қарыз беру, банк инвестициясы жатады.

Соңғы 10-15 жылда банк қызметінде операцияның жаңа түрлері белең ала бастады. Олар: лизинг, факторинг, қаржы-трастық операциялар.

Лизинг (ағылшын сөзі)  мүліктерді (машина, ірі құрал-жабдықтар т.б.)  уақытша пайдалануға алу немесе беру.

Факторинг – қаржы коммерциялық қызметтің бір түрі. Сондай-ақ банк өз клиентінен  құқықты сатып алып, оған ақшалай  қарыз болғандарды өндіреді.

Коммерциялық банктің жеке және заңды тұлғалар мүліктерін  басқару жұмысын – трастық операция дейміз.

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

1.                  Ақшаға деген сұраныс пен ұсынысты қалай түсінесіз?

2.                  Фишер теңдігі нені көрсетеді?

3.                  Ақша агрегаттарын атаңыз.

4.                  Несие принциптері қандай?

5.                  Екі деңгейлі банктердің атқаратын қызметтеріне сипаттама берініз.

6.                  Банктің активті және пассивті операцияларына не жатады?

7.                  Инфляция дегеніміз не және олардың түрлері қандай?

Қолданылатын әдебиеттер:

1. Әубәкіров Я.Ә., Нәрібаев К.Н., Есқалиев М. Экономикалық теория негіздері.- Алматы: Санат,1998

2. Әубәкіров Я.Ә., Байжұмаев Б.Б., Жақыпова Ф.Н., Табеев Т.П. Экономикалық теория. Оқу құралы. –Алматы:Қазақ университеті, 1998

3. Әпсәләмов Н.Ә., Исабеков Қ., Сұлтанов Ө.С.Экономикалық теория негіздері Оқу құралы.-Алматы:Ғылым,1999ж.

4. Шеденов Ө.Қ., Байжомартов У.С., Жүнісов Б.А., Комягин Б.И. Жалпы экономикалық теория.-Алматы:Ақтөбе,2002ж.


Ұқсас жұмыстар

МАЙЛАР ЖӘНЕ ӨСІМДІК МАЙЛАРЫНЫҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ пәнінің оқу бағдарламасы
Педагогикалық зерттеу практикасы бойынша есеп ( 7M02305 Қазақ филологиясы )
Тағам биотехнологиясы пәнінің жұмыс бағдарламасы
Биотехнологияда қолданылатын биологиялық нысандар пәнінің жұмыс бағдарламасы
Музыкалық тәрбиенің тенденциялары
ТАМАҚ ӨНДІРІСТЕРІНІҢ ЖАЛПЫ ТЕХНОЛОГИЯСЫ пәні бойынша жұмыс бағдарламасы
Диплом алдындағы тәжірибе нәтижелерінің есебі
Электротехниканың теориялық негіздері
Сызықтық дифференциалдық теңдеулер
Педагогикалық тәжірибе бойынша есеп