Дәріс№15
15 – тақырып. Әлемдік шаруашылық .
Дәрістің мақсаты: Студенттердің ғаламдық проблемаларды қалай түсінетіндіктерін біліп, оларды осы мәселелерді шешуде халықаралық еңбек бөлінісінің, халықараплық мигацияның, халықаралық сауданың ролін зор екендігін түсіндіру.
1. Әлемдік шаруашылықтың құрылуының объективті негіздері. Әлемдік шаруашылықтың құрылымы
2. Халықаралық сауда
3. Қарыз капиталдарының халықаралық нарығы.
4. Еңбек ресурстарының халықаралық миграциясы.
5. Халықаралық валюта жүйесі.
«Ғаламдық проблемалар» термині алғашқы рет Батыс елдеріне 60- шы жылдарда пайда болып, әрі қарай кең көлемде таратыла бастады.
Ғаламдық ұғым – франсуздың globol- жалпылама, латынның globas – шар деген сөзінің қортынды туындысы.
Демек, ғаламдық дегеніміз жер шарындағы көкейтесті мәселелер ауқымын қамту болып табылады.
Дүниежүзілік өз ара соғысты болдырмау; қоршаған ортаны қорғау; дамушы елдердің экономикалық артта қалувн жою; энергетикалық, шикізаттық, азық- түлік және демографиялық проблемалар; дүниежүзілік мұхит байлығы мен бейбіт- жағдайда космосты игеру; ауруларды жою және басқалар.
Ғаламдық проблемалардың ерекшелігі сол, оның барлығы адам тағдырына қатыста және оны шешуді тоқтату өркениеттілігі күйретумен бірдей немесе жердегі өндіріс қызметі мен өмір жағдайын деградациялау болып табылмақ.
Өркениеттілік болу негізі әртүрлі процесстердің әсеріне ұшырап отырады:
- милитаризация мен қару – жарақтану;
- қоршаған ортаның төзімсіз ластануы;
- қауіпті аурулардың тарауы мен өсуі: СПИД, рак, нашақорлық т.б.
- дамушы елдердегі демографиялық процестердің асқыну салдарынан тақыр кедейлену, жұмыссыздық, сауатсыздықтың пайда болуы;
- жаппай мәдениеттілікті уағыздау әсерінен ұлттық мәдениеттің ыдырауы.
- дүниежүзілік мұхит байлығын бақылаусыз қанау.
Ақпараттық қатынастың үдеуі өндірістің дамуы мен интелектаулдық құндылықтарды қарқынды пайдаланумен түсіндіріледі. Құндылықтарға: білім, ақпараттар, ғылыми – техникалар, жаңалықтар, алгоритмдар, ресурстар жатады.
Халықаралық капиталды сыртқа шығару түрлері.
Дүниежүзілік валюталық жүйеге қазіргі кезде ұлттық валюта және ұжымдық резервтік валюта мен оған алтын резерві де қоса енеді; өзара валюта қайтарымдылық шарты; валюта паритеті мен курсының механизмі, валюталық шектеудің көлемі; халықаралық есептеу түрлері; халықаралық валюта нарығы режимі мен дүниежүзілік алтын нарығы.
Халықаралық валюталық қор (ХВҚ) Біріккен Ұлттар Ұйымының арнайы мекемесі болып саналады. Бұл мекеме 1944 жылы құрылған, оған дүниежүзінің 160- тан астам мемлекеттері мүше.
Валюта қатынастары үш валюта жүйесі белгілі. Біріншісі стихиялы ХІХ ғасырдың аяғында алтын стандартының негізінде пайда болды. Алтын монеттік және алтын құймалары ретінде стандартқа сай 1922 жылға дейін өмір сүрді. Алтын монеттік стандарт қағаз ақша белгісінің алтын монетаға еркін ауысуын қамтамасыз етті.
Бірінші дүниежүзілік соғыстан соң Генуез конференциясында (Италия 1922 ж.) алтын ұрандық стандартқа көшу туралы халықаралық келісімге қол қойылды. Бұл алтыны аз елдерге халақаралық сауда жасауға кепілдік туғызды.
50- ші жылдары алтын валюта (алтын доллар) стандарттың негізінде валюта жүйесі қалыптасады. Дүниежүзілік ақша міндетін алтынмен қоса АҚШ доллары атқара бастады. Бұл шешім 1944 жылы халықаралық Бреттон– Вуд конференциясында (АҚШ) қабылданады.
Жаңа дүниежүзілік валюта жүйесі 1979 жылдан бастап күшіне еніп, мұны Ямайкада ХВҚ- на қатысушы елдер бекітті. Дүниежүзілік валюта жүйесі тарихында тұңғыш рет дүниежүзілік ақша міндетін алтын емес, ұлттық валюта мен интернационалды есеп ақша атқара бастады. Мұны – интернационалды есепті ақшаны- халықаралық валюта қоры шығарды.
Қазіргі валюталық жүйе- жанжақты валюталық нарықтық стандарт.
Қазіргі валюталық механизм осы кездегі валюталық қатынасты реттейді. Валюталық қатынастың негізгі мәні мынада:
- валюталық өлшем алтынмен тікелей байланысын үзіп, оның алтынға қатаң бағамы жойылды;
- алтын ел ішіндегі айналымды ғана емес, дүниежүзілік нарықты да жалпы төлем құралы қызметін де
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
- Дүниежүзілік нарық, оның құрылымын қалай түсінесіз?
- Қазіргі дүниежүзілік сауданың ерекшеліге неде?
- Халықаралық қарыз капиталы және оның құрылымы қандай?
- Капиталды сыртқа шығару: ол қандай түрде сыртқа шығарылады және оның қазіргі ерекшелігі?
- Жұмыс күшінің дүниежүзілік нарығы: оның миграциялық лектерінің бағыттарын атаңыз?
- Сауда балансы дегеніңіз не? Активті және пассивті сауда балансын қалай түсінесіз?
Қолданылатын әдебиеттер:
1. Әубәкіров Я.Ә., Нәрібаев К.Н., Есқалиев М. Экономикалық теория негіздері.- Алматы: Санат,1998
2. Әубәкіров Я.Ә., Байжұмаев Б.Б., Жақыпова Ф.Н., Табеев Т.П. Экономикалық теория. Оқу құралы. –Алматы:Қазақ университеті, 1998
3. Әпсәләмов Н.Ә., Исабеков Қ., Сұлтанов Ө.С.Экономикалық теория негіздері Оқу құралы.-Алматы:Ғылым,1999ж.
4. Шеденов Ө.Қ., Байжомартов У.С., Жүнісов Б.А., Комягин Б.И. Жалпы экономикалық теория.-Алматы: Ақтөбе,2002ж
Педагогикалық зерттеу практикасы бойынша есеп ( 7M02305 Қазақ филологиясы )
Биотехнологияда қолданылатын биологиялық нысандар пәнінің жұмыс бағдарламасы
МАЙЛАР ЖӘНЕ ӨСІМДІК МАЙЛАРЫНЫҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ пәнінің оқу бағдарламасы
Музыкалық тәрбиенің тенденциялары
Стерилденген сүттің технологиясы
ҚҰРЫЛЫС МАТЕРИАЛДАРЫ туралы ақпарат
Тағам биотехнологиясы пәнінің жұмыс бағдарламасы
Педагогикалық тәжірибе бойынша есеп
Кездейсоқ шамалар ұғымы
Диплом алдындағы тәжірибе нәтижелерінің есебі