11-апта
Дене жаттығуларының жалпы сипаттамасы . Спорттық жаттығуларды студенттерге үйрету
1. Қимыл – қозғалыс ойындары және спорт ойындарының өздеріне тән ерекшеліктері.
2. Мектеп жасына дейінгі балаларда дене тәрбиесін қалыптастырудағы әдістемесі.
3. Спорттық ойындарының әдістемелік ерешеліктері.
Апта
Қимыл – қозғалыс ойындары балаларда қалыптасқан қозғалыс әрекеттері және физикалық сапаларын арттырудың әдісі ретінде қолданылады.
Ойын барысында бала мақсатқа жету үшін бар зейінін соған аударады. Ол ойын ережелеріне бағына отырып , қимыл – қозғалыс әрекеттерін арттыра түседі. Мысалы, сол үшін «Волк во рву» ойыны,балалар ұзындықта секіруді үйренгенде ғана, ойнатылады.
Қимыл – қозғалыс өзіндік спецификасы бар: ол балалардан белгілі бір белгілерге жылдам реакцияларын және ойын барысында өзгеріп отыратын жайттарға тез бейімделуді қажет етеді. Ойын барысындағы әр түрлі ситуациялық жағдайлар қозғалыстар бағыттарының өзгеруіне, бұлшықеттеріне жүктеме түсуіне әкеледі. Мысалы, «Ловишки» ойында әрбір бала жүргізушінің әрекеттерін бақылайды. Жүргізуші жақындай бергенде, бала қарама –қарсы жаққа жүгіріп, жылдамдығын арттырады. Ол өзін қорғанышта екенін сезгенде жылдамдығын азайтады, ал жүргізуші қайта жақындаса, қайта жылдамдығын арттырып қашады.
Барлық қимыл – қозғалыс ойыны белгілі бір белгілер бар, яғни сол белгілер арқылы бір қимыл –қозғалысын өзгертеді. Мысалы, «Дружные ребята» ойынында «построиться!» деген белгі балаларда жылдам рекция береді, яғни бұл кезде балалар қимыл – қозғалыс бағыттарын өзгертеді, мұнда ақырын жүгіріс белгілі бір бағытталған мақсатқа айналады, олар бір сызық бойына лезде жиналады.
Мұндай белсенді қимыл әрекет балаларда жүйке жүйесін жаттықтырды және қозу мен тежелу процесстерін бір қалыпта ұстай білуге, және де байқағыштықты, ойлау қабілетін , кеңістік бағдарлай білуге және тығырықтардан шыға білуге , батылдыққа, шапшаңдыққа үйретеді.
Көптеген зерттеулер мен тәжірибелер нәтижесінде ересек топтарда және мектеп алды даярлық топтарында спорттық ойындар жүргізілу керек деген ойға келді. Спорттық біртіндеп бағдарламаға ендіреді. Яғни балалар қимыл – қозғалыс ойындарын ұйымдастырылып ойнай бастағаннан бастап. Олар ойын – эстафета, жарыс түрінде ұйымдастырылады. Спорттық ойын қимыл – қозғалыс ойыны қарағанда ұйымшылдықты, байқағыштықты, техникалық әрекеттерді көбірек қажет етеді.
Осы спорттық мен басқа ойын түрлерін біріктіретін белгілер ол сауықтыру, оқыту және тәрбиелік мәні бар, және де көңіл – күйлерінің көтерілуі және өздерінің қимыл - қозғалыс әрекеттерін арттыру.
Бірақта қимыл – қозғалыс ойындар спорт ойындарының айырмашылығы инциативасын көрсете алады және түрлі қимыл белгіленген әрекет болды және оның өзіндік спецификасы бар. Командалар құрамында балалар саны шектелген және ойын уақыты да шектелген. Ойынды жүргізу шарттарына байланысты арнайы жасақталған орны болады.
Берілген ойындар балалар дұрыс дағдылар қалыптасады. Олар спорттық ойындар жалпы техникалық дағдыларды меңгерді.
Қозғалыс ойындарының өзіне тән ерекшеліктері.
Ойын қандай түрде болмасын, баланы қуантады. Ал қимыл – қозғалыс ойыны ерекше қуанышқа бөлейді. Ол алауан түрлі сәттермен қызықты тосын әрекеттерге толы. Осы ойындарда балаларда жағымды қасиеттер, көтеріңкі көңіл – күй қалыптасады.
Қимыл – қозғалыс ойыны тақырыптарының талдауды қажет етеді.
Кез келген ойын – шығармашылық, дидактикалық, музыкалық және де қимыл- қозғалысты – бұл балаларды қоршаған ортамен, әлеммен танысуға мүмкіндік жасайды.
Қимыл – қозғалыс ойынының мазмұнында көптеген таным процестерін қалыптастыратын және баланың көзқарасын кеңейтеді. Балалар қоршаған ортаны дұрыс қабылдау үшін, шынайы жағдай келбеті және шынайы ойындық ситуация қажет. Бұл арқылы педагог балаларда эмоциналды түрде ашылуына әсер етеді.
Қозғалыс ойындарын тәрбиеші әр кезде түрлендіріп отыруы керек. Бұл түрлендіру тек қана балалардың қызығушылықтарын арттырып қоймай сонымен қатар, педагогикалық мәселелерді шешуіне әсер етеді. Яғни балалардың қимыл – қозғалыстары неғұрлым жақсырақ болуы үшін және де түрлі қиынрақ ойындар кезінде өзін ұстай білуге , түрлі ситуациялық жағдайлардан шыға білуі үшін түрлендіріп отырады.
Дене тәрбиеснің бір маңызды бөлігі ,ол мектеп жасына дейінгі балаларда физикалық нышандарын дұрыс қалыптастыра білу.
Физикалық нышандарды дұрыс қалыптасытыру, ол баланың морфофункцияналдық, психофизиологиялық және биологиялық ерекшеліктерімен байланысты болып келеді. Бұл нышандарды қалыптастыру балаларда болшақта өздеріне деген сенімділік және психикалық жағынан тұрақты, салмақты, организмі шыныққан, көңіл – күйі тқрақты және үнемі жақсы көңілде болуы, жаңадан құбылыстарды заттарды тез қабылдауына әкеледі.
Жылдамдық дене тәрбие теориясында ол : « адамның функцияналдық комплекстік жағдайы, жәнеде ол қозғалыстың жылдамдығын сипаттайтын, жәнеде қозғалыстың реакциялық уақыты» болып есептеледі. Яғни ол қозғалыстың ең минималды уақыт ішінде қимыл жасауы.
Жылдамдық қозғалыстық реакция кезінде анықталады. Реакцияның қарапайым және күрделі түрлері болады. Қарапайым рекацияда бала алдын ала белгілі іс –әрекеттерге жауабы. Ал күрделі реакция ол – қозғалыстағы объектіге реакция не реакцияны таңдау кезі. Мектеп жасына дейінгі балаларға ең тиімдісі элементарлы қозғалыстағы заттарға реакциясы. Мысалы: допты лақтыру, бір –бірлеріне лақтыруы және т.б.
Шапшаңдық – жаңадан қимыл – қозғалыстарды лезде, тез қабылдауы және үйренуі.
Шапшаңдықтың дамуы ол жүйке жүйесінің икемділігіне, өздерінің қимыл әрекеттерін түсіне білуі және айналадағы жағдайды түсінуіне байланысты болып келеді. Қозғалыстық тапсырмалардың орындалуы сол қимлыдың кеңістік, уақыттық және күштің компанентілігіне байланысты.
Балаларда шапшаңдықтың дамуы ол кеңістікті бағдарлауына , қимылдарды кезектесіп, ұйысдасқан түрде орныдалуына байланысты. Шапшаңдық кез келген қимылдың компоненті болып табылады.
Күш – спорттық немесе сыртқы құбылыстарға төтеп берудегі бұлшықеттік жүктеме.
Күштің көрінуі ол, бастапқыдан, жүйке жүйенің концентрациясына, және бұлшықеттік аппарттың реттелуіне байланысты.
Мектеп жасына дейінгі балаларда тәрбиелеуде олардың жас ерекшелігін және олардың ағзаның ерекшеліктерін ескеру керек. Сондықтан балаларға олардың жас ерекшеліктерін ескере отырып , салмақты аз –аздан түсіру керек.
Шыдамдылық –белгілі бір қимылдық әрекеттерге төтеп бере алу қабілеті. Мектеп жасына дейінгі балаларда энергетикалық ресурстары олардың дамуына көп жұмасалады. Балада біртіндеп жалпы шыдамдылықты дамыту керек.
Түрлі қимылды әрекеттер балаларға мазасыздық, ауыршаңдық, шаршауға әкеледі.
Икемділік – морфофункцияналдық қалыпы тірек – қимыл аппарат жүйесіне байланысты. Икемділік бұлшықеттердің эластикасына байланысты.
Тәжірибенің мақсаты
“Иммунология” пәні бойынша практикалық сабақтар жоспары
Қарапайым түсініктер заттарды санау
Сұйықтық қозғалысының ламинарлық режимі
Үздіксіз педагогикалық тәжірибе (ҮПТ) міндеттері
Пән Жаратылыстанудағы математикалық моделдеу
Үздіксіз педагогикалық тәжірибе міндеттері
Тағам биотехнологиясы пәнінің жұмыс бағдарламасы
Биотехнологияда қолданылатын биологиялық нысандар пәнінің жұмыс бағдарламасы
Жоғары мектеп педагогикасының зерттеу әдістері