15-апта
1-4сыныпта оқыту әдістемесі
Сабақ оқу-жаттығу топтарда (10-12 сыныптар) жүргізіледі және 2 сағаттан аптасына 3 рет, барлығы 6 сағат көлемінде оқу кестесіне енгізіледі. Мамандандырылған дене тәрбиесі оқытушысының жалақысы дене тәрбиесінің міндетті 3 сағатына бөлінген сағаттардың есебінен және үш сағат факультатив сабақтарының немесе қыздар мен жасөспірімдердің бөліп оқытылуы үшін оқу-жаттығу топтарына біріктірілген бірыңғай 10-12-ы сыныптардың дене тәрбиесі сабақтарының 3 сағаты есебінен төленеді.
Қазақстан Республикасы оқушыларының дене тәрбиесі жүйесінің қазіргі кезеңінде, оның мақсаты мен міндеттері Үкіметтің түрлі құжаттарында, «Дене шынықтыру» пәні бойынша мемлекеттік стандартта белгіленген . Яғни, «Қазақстан Республикасында дене шынықтыру мен спортты 2007-2011 жылдар аралығында дамытудың мемлектеттік бағдарламасында» оқу- жатығу процесін тереңдетіп және спорт түрлері бойынша күн ұзағына оқып- үйренетін мамандандырылған сыныптарды ашуды жалпы білім беретін мектептерге ұсыну, жасөспірімдер клубтарын ашу арқылы жалпы білім беретін мектеп дене тәрбиесі сабақтарының құрылымы мен мазмұнын толықтыратын дене шынықтырудың мектептен тыс түрлерін ұйымдастыруды жетілдіру» көзделген. «Дене шынықтыру» пәні бойынша мемлекеттік стандарт осы пәннің мақсаты есебінде «денсаулықты нығайту, білімді, өмірлік маңызды қозғалыс іскерліктері мен дағдыларын, адамгершілік, еңбек жане эстетикалык тәрбиенің міндеттеріне сәйкес жеке адамды үйлесімді дамытуды» белгілеп отыр. Қазіргі мектеп оқушылары дене тәрбиесінің мақсаты И.И. Переверзинның анықтауы бойынша – бұл дене жатығулары және спортпен үздіксіз шұғылдану арқылы салауатты өмір салтының бір бөлшегі есебінде оқушының жеке, дербес дене тәрбиесінің жоғарғы деңгейін қалыптастыру.
Спортталған дене тәрбиесін енгізу маселелері бойынша қазіргі бар зерттеулерді талдау оны құрайтын төмендегілердің бар екенін дәлелдеп отыр:
дененің жетілу белгілерінің даму деңгейін зерттеу; дене тәрбиесінің қосымша жаттығу сабақтары; балалардың спортқа бағыт ұстануының педагогикалық технологиясы; балалардың дене белсенділігін жетілдірудің әлеуметтік және технологиялық аспектілері; оқушылардың дене тәрбиесі бойынша оқу барысын бағдарламалық- әдістемелік жағынан қамту; жеке адамға бағытталған дене тәрбиесі; адам құндылығының басымдылығын мойындау; дене тәрбиесінің дамуының әлемдік тәжірибесінің қазіргі жағдайы тұрғысындағы оқушылардың дене тәрбиесінің міндеттері мен мақсаттарын нақтылау; оқушылар дене тәрбиесін ұйымдастырушылардың әр түрін онтайлы үйлестіру; дене дайындығын бақылау; аймақтық жағдайларды ескере отырып оқушылар дене тәрбиесін жетілдіру; дене тәрбиесімен шұғылданудың себептері; дене жаттығуларымен оқушылардың дербес шұғылдануы; дене шынықтыру бағдарламаларын талдау; дене қасиеттерін дамыту мен қозғалыс әрекеттерін игеруді оңтайландыру; оқушылардың дене тәрбиесі жөніндегі оқу жұмысын жоспарлау .
Жоғарыда айтылғандарды ғылыми-әдістемелік тұрғыдан қамту мамандарының зертеулерінде негізделгенмен де, біздің көзқарасымыз бойынша, қазіргі кезеңде төмендегідей мәселелері алдағы кезде де өзін зерттеуді талап етеді:
а) оқушылар дене тәрбиесін жүйесінің бағдарламалық нормативтік негіздерінің дамуын зерделеу;
ә) оқушылар денесінің жетілдіру бағыттары және оларды анықтайтын себептерді (факторларды) зерттеу;
б) оқушылар дене тәрбиесі жетілдіруді қазіргі тұжырымдамалар тұрғысын анықтау;
в) жалпы білім беретін мектептердің жоғары сыныптарындағы дене тәрбиесі бойынша бағдарламалардың негізгі және өзгермелері бөлімдерінің жүзеге асу шартын анықтау;
г) дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға жоғарғы сынып оқушыларының ынталану себептерін зерттеу;
д) жалпы білім беретін мектептерде спортталған дене тәрбиесін енгізу технологиясын дайындау.
Біздің зерттеу пәніміздегі байқалған жоғарыда айтылғандарға көңіл аудару дене тәрбиесі мен спорттың жетекші мамандарының алдыңғы қатарлы тәжірибесі, сондай-ақ дене шынықтыру мен спортты дамытудың Атырау аймақтық орталығының басшысы есебіндегі өзімнің тәжірибемді жинақтаумен байланысты болып отыр. Қазақстан Республикасының тәуелсіздікті қабылдауымен және дене тәрбиесі жөніндегі Республикалық типтік бағдарламаға көшумен байланысты Атырау облысының жалпы білім беретін мектептерінде оқушылардың дене тәрбиесін жетілдіруге бағытталған, бағдарламалық материалдың өзгермелі бөлігінің мазмұнын толықтырудың әр түрлі жолдарын дене шынықтыру мамандары ұсынды. Мысалы,
Т.А. Ботағариев дене шынықтыру қызметіне барлық қатысушылардың (дене тәрбиесі мұғалімдері, студенттер, оқушылар, жалпы білім беретін мектептердің директорлары, біліктілікті көтеру институттары дене тәрбиесінің әдіскерлері) бірлесе жұмыс жасауына негізделген, оқушылар денесін жетілдірудің аймақтық кешенді бағдарламасын дайындап, тәжірибеге енгізді. Оқушылар дене тәрбиесі процесінің қазіргі даму сатысында шығыс жекпе-жектерін және спорттың өзге де түрлерін бағдарламаның өзгермелі бөліміне кеңінен енгізу құбылысы байқалады. Біздің көзқарасымыз бойынша «Дене шынықтыру» пәні жөніндегі мемлекеттік стандарт қойып отырған талаптар шеңберінде спорттың осы түрлерін оқу-тәрбие процесінің өзге де бөліктерімен өзара байланысуын қолайлы түрде, ғылыми тұрғыдан негіздеп барып қосу қажет секілді.
В.К. Бальсевич атап көрсеткендей, мектептің сабақ кестесі аясындағы дәстүрлі дене тәрбиесі сабағы оқушының дене қасиеттерін оңтайлы дамытуға мүмкіндік туғызатындай жаттығу тиімділігіне қол жеткізе бермейді.
Жоғарыда айтылғандарға байланысты оқушылардың дене дамуын, дене дайындығын, функционалдық деңгейін, сабақтың сауықтыру әсерін арттыру міндеттерін шешуді қамтамасыз ететін иновациялық технологияны ұйымдастыру мен іске асыруды оңтайландыруға ғылыми ізденісті тұрғыдан келу қажет.
Тәжірибенің мақсаты
Сұйықтық қозғалысының ламинарлық режимі
“Иммунология” пәні бойынша практикалық сабақтар жоспары
Биотехнологияда қолданылатын биологиялық нысандар пәнінің жұмыс бағдарламасы
Қарапайым түсініктер заттарды санау
Үздіксіз педагогикалық тәжірибе (ҮПТ) міндеттері
Құқық қорғау қызметінің қағидалары
Математикадан логикалық есептер жинағы
Тағам биотехнологиясы пәнінің жұмыс бағдарламасы
Өсімдіктер физиологиясы пәнінің жұмыс бағдарламасы