1-ағымдық бағалау сұрақтары (1-7 апта бойынша)

1.            Педагогикалық білім  жүйесіндегі информатика курсын  оқыту  әдістемесі. Оның  пәні мен мақсаттары. Информатика ғылым және орта мектептегі  оқу пәні ретінде.

2.            Жалпы білім беретін орта мектепте информатиканы оқытудың  әдістемелік жүйесі. Оның негізгі бөліктерінің жалпы сипаттамасы (оқытудың мазмұны, мақсаты, әдістері, түрлері мен құралдары).

3.            Информатика және есептеуіш техника негіздеріне кіріспе. Мектепте  информатиканы оқыту мақсаттары жүйесінің өзгеруі. Компьютерлік сауаттылық, білімділік, ақпараттық мәдениет.

4.            Жалпы білім беретін орта мектепте  информатиканы оқытудың  мақсаттары мен  міндеттері. Информатика курсының педагогикалық  (жалпы білім беретін) функциясы.

5.            Жалпы білім беретін орта мектептерде информатика негіздерін оқытудың құрылымы.  Информатика және есептеуіш техника мектеп курсының даму болашағы.

6.            Информатика негіздерін оқытуға қажетті құжаттар. Орта жалпы білім берудің  мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты. Информатика бойынша  жалпы  білім беру  стандартының функциялары мен орны. Стандарттың негізгі құрылымы және негізгі бөліктері. Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар мен білім мазмұнының міндетті минимумы. Білім беру стандарты және оқушыларды, мұғалімдерді, білім беру орындарын аттестациялау. Білім беру орындарының негізгі (базистік) оқыту жоспары.

7.            Мектептегі информатика пәні тарауларының мазмұны мен құрылымы. Жалпы орта білім беретін орта мектептерде информатика негіздерін үздіксіз оқытудың  үш кезеңдік құрылымы. Әрбір кезеңнің мақсаттары.

8.            Информатика аумағында  мектеп  білімінің  мазмұнын қалыптастыру. Мектептегі информатика курсы түсінігін қалыптастыру.Бастауыш  мектепте информатиканың кіріктіріліп  оқытылуы. Бастауыш мектепте информатиканың кіріктіріліп  оқытылудың қажеттілігі. Оның мақсаттары мен міндеттері.

9.            Төменгі кластарда информатика негіздерін оқытудың құрылымы: жеке курс, информатикадан практикум, математиканы, тілді және дүниетануды оқыту мазмұнына информатика элементтерін қосу. 1-6 сыныптарда информатика курсының мазмұнына шолу.

10.        Мектептің  информатика курсы бойынша  бағдарламалар мен оқулықтарға талдау. Оқу бағдарламалары мен оқулықтарға қойылатын талаптар. Негізгі  бағдарламаларға және мектеп  информатика курсы бойынша  оқулықтарға  талдау жасау.

11.        Информатика бойынша  оқу-әдістемелік құралдар, олардың мазмұны, қызметі және оларды пайдалану ерекшеліктері.

12.        Мектептің жоғарғы буынында информатиканы саралап оқыту. Оқыту мазмұнын саралау шеңберінде  информатика саласы бойынша білім беруді  жалғастыру  қажеттілігі. Информатиканы тереңдетіп оқыту

13.        Информатика курсын бағдарламалық қамтамасыз ету. Информатика курсы бойынша  бағдарламалық қамтамасыз етудің түрлері мен қызметі (курс тараулары мен жеке тақырыптар бойынша). Педагогикалық  бағдарламалық  құралдар (ПБҚ), олардың топтамасы. ПБҚ-ға қойылатын негізгі талаптар. ПБҚ-ның сапасын бағалау.

14.        Оқытуда телекоммуникациялық технологиялар мен мультимедиа құралдарын пайдалану

15.        Информатика кабинетінде оқушылардың  жұмысын ұйымдастыру. Мектептегі информатика  кабинетіне қойылатын негізгі талаптар. Кабинетті жабдықтау және оған қызмет ету.  Оқушы мен мұғалімнің жұмыс орны. Техника кауіпсіздігіне қойылатын  талаптар. Оқу есептеуіш техника кешені (ОЕТК), оның  құрамы мен қызметі. Жергілікті желі, оны оқу үрдісінде пайдалану. ОЕТК қойылатын талаптар (техникалық, эргономикалық,) санитарлық-гигиеналық және т.б). Компьютерлік техникада  жұмыс істеудің санитарлық- гигиеналық жұмыс істеу  нормалары. Оқытудың техникалық құралдарын пайдаланудың  дидактикалық мүмкіндіктері.


Ұқсас жұмыстар

Математикадан есептер шығару практикумы
Педагогикалық эксперимент түрлері
Жаңа ақпараттық педагогикалық технологиялар пәнінен оқу-әдістемелік кешен
Қаржылық аудиттің әдістемесі
Банктің бағалы қағаздармен операциялары
Академиялық жазу және мәтін
«Персоналды басқару» пәнінен оқу-әдістемелік кешені
Математикалық физика теңдеулері
Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастырудың ережесі
«Бастауыш мектепте информатиканы оқыту теориясы мен технологиясы» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен