Емтиханға арналған бақылау тестілері

1.Экологиялық ізденістерге не жатады:

Модельдеу және болжау

Эксперимент

Экологиялық мониторинг

Бақылау

+Барлығы бірге

2.Өсімдіктер ассоциаясы деген не:

+Түр байлығы ұқсас фитоценоздардың жиынтығы

Әр түрлі өсімдіктер жиынтығы

Жоғары сатыдағы құрлық өсімдіктері

Түр байлығы әр түрлі фитоценоздар жиынтығы

Флора мен фауна бірлестігі

3.«Кездесу жылдамдығы» деген не:

1 м3 топырақ ішіндегі организмдер саны

1 л судағы организмдер саны

+Белгілі бір түрдің кездесу көрсеткіштері

Экожүйедегі барлық түрдің кездесу көрсеткіштері

Өсімдіктің өсу аймағы

4.Организмнің өсіп-өнуге, тіршілігіне әсер ететін оны айнала қоршаған жағдайлар не деп аталады:

Күн көзінің әсері

+Тіршілік ортасы

Экологиялық фактор

Экологиялық ұя

Биотикалық фактор

5.Орманда қайсысы көп:

Гидробионттар

+Эдафобионттар

Мезофиты

Термофильдер

Консументтер

6.Топырақ ортасының құрамдыс бөліктерінің көрсеткіштері қайсысы:

Қатты, қой малжың

Ұнтақ, түйіршілікті, батпақты

+Қатты бөлшектер, топырақ суы, топырақ ауасы

Қысым, бос кеңістіктік

Топарақ суы, тас, саз

7.Су ортасы организмдері қалай аталады:

Ксерофиттер

+Гидробионттар

Геобионттар

Экобионттар

Стенобионттар

8.Фенология нені зерттейді:

Өсімдіктер және жануарлар мекенін

Ауа райының жәндіктерге әсерін

Тіршілік иелерінің өсіп-жетілуіне табиғаттың әсерін

Өсімдіктердің тіршілік ырғақтарын

+Ауа райының тіршілік иелерінің маусымдық өзгерістерне әсерін

9.Ыстық пен суықтан қорғануға байланысты өсімдіктердің физиологиялық бейімделу жолы қайсысы:

Транспирация деңгейін өсіру

Жасушада тұздың жинақталуы

Хлорофилл дәндерінің аса энергиясы көп сәулелерді қабылдамауы

Устьице арқылы суды буландыру

+Жоғарыдағының барлығы

10.Мұхиттың қандай тіршілік аймақтары бар:

Литораль, абиссаль

Литораль, жағалау

Жағалау, абиссаль, тұңғиық

Пелагиаль, жағалау, литораль

+Литораль, пелагиаль, абиссаль

11.Экологиялық факторлар мына топтарға жіктелінеді

Химиялық, биологиялық, физикалық

Биотикалық, абиотикалық, физикалық

Абиотикалық, антропогенді, табиғи

+Абиотикалық, биотикалық, антропогенді

Табиғи, экзогендік, биотикалық

12.Өлі табиғат факторлары қайсысы:

Эдафикалық

Гидросфералық

+Абиотикалық

Антропогендік

Биотикалық

13.Тіршілік иелерінің бір-біріне әсері қай факторлар:

+Биотикалық

Химиялық

Антропогендік

Физикалық

Абиотикалық

14.Экологиялық фактордың организмге өте қолайсыз әсер ету аймағы қайсысы:

Оптимум

+Пессимум

Максимум

Икемділік

Минимум

15.Организмнің қоршаған орта жағдайларының өзгерісіне бейімделе алу қасиеті қалай аталады:

Эврибионттылық

Экологиялық тұрақтылық

+Экологиялық икемділік

Төзімділік

Бейімділік

16.Организмнің қоршаған орта жағдайларына бейімделуіне негізгі әсер етуші факторлар қайсысы:

Өзгергіштік, бейімделу

Тұрақтылық, икемділік

Тұқым қуалаушылық, шыдамдылық, қоректену

Көп ұрпақ әкелу, төзімділік

+Өзгергіштік, тұқым құалаушылық, табиғи сұраптау

17.Қоршаған ортаның абиотикалық факторларына қайсылары жатады:

+Пішін (рельеф), климат, температура, жарық ылғалдылық, тұздылық

Өсімдік шіріндісі, топырақтың минералдық құрамы, ылғалдылық

18.Судың тұздылығы, су өсімдіктерінің және жануарлардың қалдығы, жарық

Атмосфераның газ құрамы; ауа, топырақ, судың ластануы

Өсімдіктер мен жануарлардың паразиттер тудыратын аурулардан өлуі

19.Қоршаған ортаның биотикалық факторларына қайсылары жатады:

Пішін (рельеф), климат, температура, жарық ылғалдылық, тұздылық

Өсімдік шіріндісі, топырақтың минералдық құрамы, ылғалдылық

Судың тұздылығы, су өсімдіктерінің және жануарлардың қалдығы, жарық

Атмосфераның газ құрамы; ауа, топырақ, судың ластануы

+Өсімдіктер мен жануарлардың паразиттер тудыратын аурулардан өлуі

20.Антропогендік факторларға қайсысы жатады:

Рельеф, климат, температура, жарық ылғалдылық, тұздылық

Өсімдік қалдығыі, топырақтың минералдық құрамы, ылғалдылық

Судың тұздылығы, өсімдіктері және жануарларының қалдығы, жарық

+Ауаның құрамы; ауа, су, топырақтың ластануы

Өсімдіктер мен жануарлардың паразиттер тудыратын аурулардан өлуі

21.В.Р. Вильямстың «факторлардың тәуелсіздігі» заңы не жөнінде:

Бір фактордың әсерін басқасымен ауыстыруға болады

+Бір фактордың әсерін басқасымен ауыстыруға болмайды

Ылғалдылық өссе ыстық температураның әсері төмендейді

Фактордың әсерін шектеу организмге зиянды

Бір фактордың басқа факторларға әсер етуі туралы

22.Шелфордтың заңы не жөнінде:

+Экологиялық фактордың аз деңгейде әсер етуі (нашар әсер етуі) жөнінде

Күшті әсер етуі жөнінде

Қолайлы әсер етуі жөнінде

Қолайсыз әсер етуі жөнінде

Еш әсер етпеуі жөнінде

23.Температура факторына байланысты толеранттылығы төмен организм қайсысы:

+Стенотермді

Гидротермді

Пойкилотермді

Эвритермді

Толерантты

24.Эвритермдісі қайсысы:

Климаттың көп өзгерісіне шыдамды

Жоғары ылғалдылыққа бейімделген

+Температураның өзгерісіне шыдамды

Қолайлы жағдайларға бейімделге

Температураның өзгерісіне шыдамсыз

25.Қосмекенділер, бауырмен жорғалаушылар және жәндіктер температураға бейімделуіне байланысты қандай экологиялық топқа жатады:

Гомойотермді

Стенотермді

Эвритермді

+Пойкилотермді

Антитермді

26.«Биологиялық ырғақтар» деген не:

Ішкі органдар жұмысының ырғағы

+Қоршаған орта жағдайларының ырғақты өзгеруіне биологиялық процестердің өзгеріп отыруы

Қоршаған орта жағдайларының уақыт сайын өзгерісі

Тіршілік иелерінің активті және тыныш кезеңдерінің кезектесуі

Тәуліктік өзгерістердің тіршілік иелеріне әсері

27.«Биологиялық сағат» деген не:

Биоценоздың түр құрамына реттуші құбылыс

+Организмнің тіршілік ырғағының реттеліп отыруы

Популяцияның бас сананың реттелуі

Әр түрлі организмдер қатынасының реттелуі

Популяцияның өсіп-өнуінің реттеліп отырылуы

28.«Эфемерлер» деген қандай организмдер:

+Тіршілігі қасқа болатын, біржылдық, әдетте көктемгі өсімдіктер мен жануарлар

Басқа өсімдіктерде паразиттік ететін өсімдіктер

Шырынды қоректі жәндіктер

Жәндікқоректі жәндіктер

Ыстыққа төзімді организмдер

29.«Тіршілікті шектеуші фактор» деген не:

Өсімдіктің пісуін жеделдететік

Пісуін кешіктіретін

Әсері нашар ие күшті болуы себепті, организмнің өсіп-жетілуін жылдамдататын фактор

+Жетіспеушілігі ие артық мөлшері организмнің төзімділіне әсер етуші фактор

Тұрақты экожүелердің пайда болуын қамтамасыз ететін факторлар

30.«Эстивация» деген не:

+Жануарлардың жазғы ұйқысы

Экологиялық икемділік көрсеткіші

Сүтқоректілердің жан-қя қатынастары

Жасөспірім топтың таралуы

Құстардың қысқа қарай басқа жаққа ұшуы

31.«Бентос» деген не:

Пелагиаль организмдері

+Су түбі организмдері

Тұщы су өсімдіктері

Ащы су өсімдіктері

Су жағалауы организмдері

32.«Планктон» деген не:

Пелагиаль аймағының активті қозғалатын жануарлар

Су түбі организмдері

Дене мөлшері өте кіші болатын организмдер

+Пелагиаль-аймағының жылдам қозғала алмайтын  организмдері

Денесі кіші су жануарлары

33.Жануарлар қоршаған орта температураларына қалай бейімделеді:

+Анатомиялық – морфологиялық, физиологиялық және мінез-құлық өзгерту жолымен

Қысқы ұйқы, орын ауыстыру, физиологиялық бейімділіктер

Май жинау, түлеу, жазғы және қысқы ұйқы

Май жинау, түлеу, анатомиялық-морфологиялық өзгерістеу

Орын ауыстыру, бейімделу

34.Экологиялық икемділігі жоғары, яғни қоршаған орта жағдайларының өзгеруіне жақсы бейімделген организм қайсысы:

Стенобионт

Төзімді

+Эврибионт

Эстивацияға ұшыраушы

Икемді

35.Жануарлар организміндегі клеткалық энергия көзі қайсысы:

Орын ауыстыру реакциялары

Гидротация, тотығу реакциялары

АТФ-тың ыдырауы

Клетканың бөлінуі

+Тотығу және АТФ-тың ыдырауы

36.Қоршаған орта температурасына тәуелсіз, өз денесінің температурасын реттей алатын жануарлар қайсысы:

Пойкилотермді

+Гомойотермді

Стенобионты

Эвритермді

Гидротермді

37.Басқа өсімдік денесінде бекініп өсетін, тамыры жоқ өсімдіктер қалай аталады:

Фанерофиттер

Диафиттер

Эдатофиттер

+Эпифиттер

Стенофиттер

38.Қолайсыз температура кезеңі басталысымен өліп қалатын, тек тұқымы мен спорасы қыстап шығатын біржылдық өсімдіктер қайсысы:

+Терофиттер

Фанерофиттер

Криптофиттер

+Эпифиттер

Гелофиттер

39.Тері-жүн қабаты заңы не жөнінде:

Маусым сайын түлеу

Ірі жануарлардың жүні сирек болады

Ұсақ жануарлардың жүні қалың болады

+Солтүстік жануарларының жүні қалын болады

Су жануарларының терісінде жүн болмайды

40.Бергманның қағидасы не жөнінде:

Суық аймақтағы жануарлардың дене өсіндісі кіші болады

+Суық жақтың жануарлары, жылы жақтыкінен ірі болады

Суық жақтың жануарларының ішкі дене мүшелері ірі болады

Ірі жануарлардың дене өсінділері де ірі болады

Жылы жақтың жануарлары суық жақтыкінен ірі болады

41.Алленнің қағидасы не жөнінде:

+Суық аймақтағы жануарлардың дене өсіндісі кіші болады

Суық жақтың жануарлары, жылы жақтыкінен ірі болады

Суық жақтың жануарларының ішкі дене мүшелері ірі болады

Ірі жануарлардың дене өсінділері де ірі болады

Жылы жақтың жануарлары суық жақтыкінен ірі болады

42.Ішкі дене мүшелері туралы қағидасы қайсысы:

Суық аймақтағы жануарлардың дене өсіндісі кіші болады

Суық жақтың жануарлары, жылы жақтың жануарларынан ірі болады

+Солтүстік жануарларының ішкі дене мүшелері оңтүстікінен ірі болады

Ірі жануарлардың дене өсінділері де ірі болады

Оңтүстік жануарларының ішкі дене мүшелері солтүстікімен ірі болады

43.Тіршілік иелерінің қандай биохимиялық процестері тек судың қатысуымен ғана жүреді:

Ассимиляция және газ алмастыру

Осмостық қысым

АТФ –тың ыдырауы және клетканың бөлінуі

Диссимиляция

+Ассимиляция, диссимиляция және газ алмасу

44.    1 м3 ауадағы су буының мөлшері (грамм) не деп аталады:

+Ауаның абсолюттік ылғалдылығы

Ауаның су буымен қанығуа

Қанығудың жетіспеуі

Салыстырмалы ылғалдылық

Термореттеу

45.Ылғалдылықтың өзгерісіне шыдамды организм қалай аталады:

Термобионт

+Эвригигробионт

Гидробионт

Стеногигробионт

Ксеробионт

46.Топырақ суының қай өсімдік игере алмайды:

Сорбцияланған

Жұққан

+Химиялық байланысқан

Бу

Гигроскопиялық

47.Суды артық мөлшерде қажет қылатын өсімдіктер қалай аталады:

Мезофиттер

Ксерофиттер

Эфемерлер

+Гигрофиттер

Суккуленттер

48.Ыстық және қуаншылық жағдайда өсетін өсімдіктер қайсысы:

Мезофиттер

+Ксерофиттер

Эфемерлер

Гигрофиттер

Гидрофиттер

49.Гидатофит өсімдіктер қайсысы:

Жарықсүйгіш

Тропикалықтар

Көленке көтеретіндер

Тамыры жақсы дамығандар

+Су ішінде өсетіндер

50.Су жиналатын паренхимасы жақсы дамыған шырынды өсімдіктер қалай аталады:

+Суккуленттер

Гигрофиттер

Ксерофиттер

Склерофиттер

Эфемер

51.Ксерофиттер қандай екі топқа бөлінеді:

Мезофиттер және гигрофиттер

+Суккуленттер және склерофиттер

Гидрофиттер және гидатофиттер

Суккуленттер және мезофиттер

Галофиттер және псамофиттер

52.Жануарларды ылғалдыққа шыдамдылығына байланысты қандай үш топқа жіктейді:

Мезофиттер, гигрофиттер

+Гигрофил, мезофил, ксерофил

Гигрофит, мезофит, ксерофит

Мезофил, ксерофит

Галофит, псаммофит

53.Фотосинтез үшін аса қажетті фактор қайсысы:

Ылғалдылық

Қысым

+Жарық

Температура

Тығыздық

54.Фотосинтез процесінде маңызды орын алатын, күн сәулелерінің, ұзындығы 380-760 нм толқындары қалай аталады:

+Физиологиялық активті радиация

Ультракүлгін сәулелер

Қысқатолқынды сәулелер

Инфрақызыл сәулелер

Экологиялық маңызды сәулелер

55.Қандай да болмасын қабаттың үстінің жарықты шағылыстыру қасиеті қалай аталады:

Бенталь

Магнето

Секка

+Альбедо

Айна

56.Жарыққа бейімделуіне байланысты өсімдіктер қандай топтарға жіктелінеді:

Жарық сүйгіш және көленке сүйгіш

Жарық сүйгіш және көлеңкені көтерітіндер

Гелиофиттер және сциофиттер

+Жарық сүйгіш, көленке сүйгіш, көленкені көтеретіндер

Жарық жерлердікі, көленке жерлердікі және аралық орын алатындар

57.Жарығы мол аймақта жақсы өсетін өсімдіктер қалай аталады:

Сциофиттер

Факультативті сциофиттер

Ксерофиттер

+Гелиофиттер

Мезофиттер

58.Көлеңке жерлерде жақсы өсетін өсімдіктер қалай аталады:

+Сциофиттер

Факультативті сциофиттер

Ксерофиттер

Гелиофиттер

Мезофиттер

59.«Фотопериодизм» деген не:

Кейбір жануарлардың тек түнде ғана активті өмір сүруі

+Күннің ұзақтығына организмның бейімделуі

Ультракүлгін сәулелердің өсімдіктерге әсері

Жануарлардың орын ауыстыруы

Жасыл өсімдіктердің күн энергиясын сіңіруі

60.Ақпа күн өсімдіктері қалай аталады:

Ксерофиттер

Дуофиттер

+Псаммофиттер

Мезофиттер

Фанерофиттер


Ұқсас жұмыстар

Кредиттік оқыту жүйесіндегі ерекшеліктер
Биологиядан тест тапсырмаларының түрлері
Білімді бақылау формасы
Биология пәнінен оқушылардың білімін тексерудің маңызы
Алгебра, геометрия және логиканың таңдаулы мәселелері пәнінен емтихан сұрақтары
Экологиялық білім және тәрбие берудің теориялық негіздері
Химия сабақтарында ақпараттық технологияларды қолдану
АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕНІ ӘЗІРЛЕУ
Бағалау жүйесінің айырмашылықтары
Педагогикалық психология ғылым ретінде