ДӘРІС 1

1 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС №1

ДЕРБЕС КОМПЬЮТЕРДІҢ НЕГІЗГІ ҚҰРЫЛҒЫЛАРЫМЕН ТАНЫСУ

басы

Мақсаты:

Дербес

компьютердің

жұмысымен

жəне

негізгі

құрылғыларымен танысу. Программалық қамсыздандырылуы ұғымымен

танысу.

1.1 Негізгі теориялық бөлім

Қазіргі кезде ықпалды болып отырған компьютерлер америкалық IBM

фирмасының компьютерлері. Өзінің алғашқы дербес компьютерлерін (IBM

PC) бұл фирма алғаш рет осыдан ширек ғасыр бұрын шығарған. Осыдан

кейін ақ көптеген фирмалар ұқсас компьютерлерін шығара бастады, оларды

IBM-сəйкесі немесе жєй ғана РС деп атайды.

«Сəйкес» дегенді бұл компьютерлерде Intel фирмасыныњ процессорлары

орнатылғандығы деп ұғуымызға да болады. Ал сəйкес еместердің ішінде

Apple фирмасының Macintosh компьютерлерін атауға болады.

ДК-дің міндетті негізгі үш компоненті болады: жүйелік блок, монитор,

пернелік тақта.

Бұлардан басқа ДК-ге қосылатын құрылғылардың ішіндегі негізгілері:

– Принтер – мəтіндік немесе графиктік ақпаратты қағазға басып

шығаруға арналған құрылғы;

– Маус – ақпаратты ДК-ге енгізу қызметін атқаратын құрылғы;

– Модем – ДК-дің басқа компьютерлермен телефон желілері арқылы

байланысына қажетті құрылғы.

1.2 Пернелік тақта сипаттамасы

Пернелік тақта командалар мен түрлі ақпаратты ДК-ге енгізу қызметін

атқарады. Қызметі бойынша пернелік тақтаныњ пернелері 5 топқа бөлінеді:

алфавит блогы, функционалдық пернелер, цифрлық пернелер, курсорды

басқару пернелері, көмекші пернелер.

Алфавиттік блоктарда орыс əріптерден латын əріптеріне өту арнайы

программа – пернелік тақта драйверінің көмегімен жүзеге асады.

Shift қызметші пернесінің көмегімен əріптерді бас əріп түрінде жазуға

болады. Яғни жоғарғы регистр режимі іске қосылады. Caps Lock арнайы

пернесі арқылы үнемі бас əріптерді жазатын режимді іске қосуға болады.

Көмекші пернелердің ішіндегі ең негізгісі Enter пернесі. Оның қызметі

команданы енгізуді аяқтау немесе мəзірден таңдауды аяқтау, келесі жолға

көшу, мəтіндік редакторларда - жаңа абзац бастау.

Ctrl (басқару) жəне Alt (альтернатива) көмекші пернелері тек қана басқа

пернелер комбинациясымен бірге қолданылады, жəне қандай да бір

команданы орындайды. Esc пернесінің көмегімен команданы орындатпауға

болады.

F1…F12 пернелері əр түрлі программаларда қандай да бір команданы

орындайды.

Цифрлық блок атына сəйкес цифрларды енгізуге арналған. Цифрлық

блокты Num Lock пернесімен іске қосамыз.


1.3 Жүйелік блок

Жүйелік блок сыртқы формасы жағынан desktop - столдық формада,

minitower – башня түрінде болады. Кейде жүйелік блок пен монитор

біріктіріліп, бір корпусқа орнатылады. Мысал ретінде notebook қарастыруға

болады.

Жүйелік блоктың алдыңғы жағында Reset батырмасы орналасқан. Ол

компьютер белгісіз бір себептермен қалыпты жағдайда жұмысын жалғастыра

алмаса оны қайта жүктеуге арналған. Қайта жүктеуді пернелік тақтаның

көмегімен де орындауға болады, ол үшін Ctrl+Alt+Delete пернелер

комбинациясын басамыз. Осы тəсілмен компьютерді қайта жүктеу

орындалмай қалса ғана Reset батырмасын қолдану керек.

Жүйелік блоктың ішінде блок питания, материнская плата, процессор,

винчестер, жəне бірнеше контроллер орналасқан. Контроллер – принтерді,

тышқанды, дисководты, т.б. басқаруды орындайтын микросхемалы кішігірім

платалар.

Процессор орналасқан плата материнская плата деп аталады, өйткені ол

негізгісі болып табылады жəне оған басқа контроллерлер жалғанады. Бұл

жалғанатын разъемдар кейде слоттар деп аталады.

Процессор – барлық программаларды орындайтын үлкен интегралды

микросхема.

Процессорда

арифметикалық-логикалық

операциялар

орындалады, компьютердің барлық элементтерін басқаратын командалар

дайындалады. Intel фирмасы Pentium Pro типті процессорлар шығарады.

1.4 Монитор

Монитор экранға мəтіндік жəне графиктік ақпаратты шығаруға арналған.

Монитор экранының мөлшері диагоналінің дюймдік өлшемімен анықталады:

15′′, 17′', 19'' т.с.с. Монитор компьютерге видеокарта арқылы қосылады.

Монитор жұмысының екі режимі бар: мəтіндік жəне графиктік. Мəтіндік

режимде ақпарат экранда 80 символдан тұратын 25 жол бойымен көрсетіледі.

Графиктік режимде монитор экраны нүктелерден (пиксель) тұрады. Бұл

режим түрлі графиктерді, түрлі конфигурациялы жазуларды көрсетуге

арналған.

Монитордың негізгі қасиеттерінің бірі – видеоадаптердің шешімдік

мүмкіндігі (разрешаюшая способность видеоадаптера). Бұл экрандағы

горизонталь жəне вертикаль бойынша орналасатын нүктелер саны. Ол экран

мөлшеріне байланысты емес. Қазіргі мониторларда ол 800*600; 1024*768

жəне 1280*1024.

Күзге əсер ететін параметрлердің бірі – кадрлық ауысудың жиілігі

(частота кадровой развертки). Ол 80-нен кем болмауы керек деп есептеледі.

1.5 Дербес компьютер танысу


1. Дербес компьютердің құрылғыларының өзара жалғасуын, орналасуын

қарап шығу. Жүйелік блок пен монитордың алдыңғы панеліндегі жазулар

мағынасын түсіну. Клавиатурадағы пернелер тобының орналасуына мəн

беру.

2. Компьютерді іске қосуды дұрыс орындау: жүйелік блок, дисплей.

Операциялық жүйенің жүктелуін қадағалау.

3. Принтерді іске қосу оған қағаз орнату.

4. Norton Commander программалық қабықшада F10 пернесі арқылы

шығып, MS DOS операциялық жүйесін жүктеңіз. Ол үшін Пуск – Программы

– Сеанс MS DOS командалар тізбегін орындаңыз. C:\> түріндегі MS DOS

жүйесінің шақыруы пайда болады.

5. Командалық жолда келесі командаларды əрқайсысын Enter пернесі

арқылы енгізіп орындап көріңіз:

CLS – экранды тазалау командасы;

VER - компьютердегі операциялыќ жүйеніњ версиясы көрсетіледі;

DATE – ағымдағы дата көрсетіледі, осы формада жаңа

датаны теріп жазуға болады, оны сақтау үшін Enter;

TIME - ағымдағы уақытты көрсетіледі, осы формада жаңа

уақытты теріп жазуға болады, оны сақтау үшін Enter;

6. Принтер қосылып жəне оған қағаз орнатылған кезде Print Screen

пернесін басыңыз (қағазға экран копиясы басып шығарылады).

7. Ctrl, Alt жəне Delete пернелерін бір мезгілде басып компьютерді қайта

жүктеңіз. Ондағы пайда болған мəліметтерді Pause пернесін басу арқылы

тоқтатып оқып шығыңыз.

8. Əр компьютерде орыс алфавитінен ағылшын алфавитіне

ауыстыратын пернелер комбинациясы əртүрлі программаланған болуы

мүмкін, сол пернелер комбинациясын анықтањыз: Ctrl+Shift немесе Alt+Shift.

9. Орыс алфавитіне көшіп өз аты-жөніңізді теріп жазыңыз, латын

вариантын теріп көріңіз.

10. Компьютерде жұмыс істеуді аяқтау мынандай тəртіппен аяқталады:

Пуск – Завершение работы – Выключить компьютер.

Қолданылған əдебиеттер:

1. Е.К. Балапанов, Б.Бөрібаев, А.Дəулетқұлов Информатикадан 30 сабақ,

Алматы, «Шартарап» 2001

2. Информатика, практикум по технологии работы на компьютере под

ред. проф. Н.В.Макаровой, 1997, Финансы и статистика

3. Специальная информатика С.Симонович, Г.Евсеев, А.Алексеев

Москва, АСТ пресс 2001

4. Практикум по общей информатике под ред. проф. В.П.Омельченко

Ростов-на-Дону, «Феникс» 2003


2 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС №2

ПРОГРАММАЛЫҚ ҚАМСЫЗДАНДЫРЫЛУ. MS DOS ОПЕРАЦИЯЛЫҚ

ЖҮЙЕСІ

басы

Мақсаты: Программалар классификациясын білу. Операциялық жүйелер

мен қолданбалы программаларды айыра білу. Қызметші программалармен

жұмыс. MS DOS командаларын білу, NORTON COMMANDER жұмысын

білу.

2.1 Программалар классификациясы

Программалық қамсыздандырылуы – бұл қолданушының жұмысына

қажетті программалар жиынтығы. Шартты түрде ол 3 класқа бөлінеді:

- жүйелік программалар;

- қолданбалы программалар;

- программалау жүйелері.

Жүйелік программалар əр түрлі көмекші қызметтерді атқарады.

1. Операциялық жүйелер – компьютер қосылғанда жүктелетін

программалар. Ол қолданушы мен компьютер арасындағы диалогты

ұйымдастырады, компьютерді басқарады, басқа программаларды жүктейді.

2. Драйверлер – операциялық жүйелердің енгізу-шығару құрылғыларын

басқару қызметтерін кеңейтуге мүмкіндік береді. Драйвердің көмегімен

компьютерге жаңа құрылғыларды қосуға болады.

3. Программалық қабыршақтар (мысалы, Norton Commander) –

компьютермен қарым-қатынасты көрнекілейді, оңайлатады.

4. Операциялық қабыршақтар – бірнеше программаның бірден жұмыс

істеуін қамтамасыз етеді, графиктік программаларды құруды оңайлатады.

5. Утилиттер – көмекші қызмет атқаратын программалар. Мысалы,

антивирустік программалар – компьютерді вирустардан қорғау, емдеу

қызметін атқарады; диагностикалық программа – компьютердің жұмыс істеу

қабілетін тексереді; коммуникациялық программалар – компьютерлер

арасындағы ақпарат алмасуды ұйымдастырады.

6. Қолданбалы программалар – əр түрлі мақсатта қолданылатын

программалар:

- Мəтіндік редакторлар;

- баспа жүйелері;

- электрондық кестелер;

- мəліметтер қоймасы.

7. Инструменталдық жүйелер – компьютер үшін жаңа программалар

жасауды қамтамасыз етеді. (Паскаль, СИ, Бейсик, т.б.)

2.2 MS DOS операциялық жүйесінің командалары

Жұмыс мақсаты: MS DOS операциялық жүйесінің негізгі

командаларымен танысу. Каталогтармен, файлдармен, дискілермен

жұмыс.

MS DOS операциялық жүйесі командалық интерфейсті қолданатын

операциялық жүйеге жатады, яғни барлық əрекеттер қандай да бір

команданы енгізу арқылы жасалады. Команданы енгізу Enter пернесін басы

арқылы аяқталады. Команда латынның кіші əріптерімен де, үлкен

əріптерімен де теріле береді.

Команда > белгісімен аяқталатын DOS шақыруынан кейін енгізіледі.

Мысалы A> немесе C:\>.

MS DOS программасының анықтама жүйесінен оның командалары

туралы жалпы мағлұматты алуға болады. Ол үшін команданы /?

параметрімен бірге енгізу керек.

Жалпыжүйелік командалар

CLS – экранды тазалау

DATE – ағымдағы датаны орнату

TIME – жүйелік датаны орнату

VER – компьютерде орнатылған ОЖ DOS версиясын көрсету

МЕМ – жүйелік жады туралы мағлұмат шығару

Каталогтармен жұмыс командалары

MD каталог аты – каталог құру

DIR – ағымдағы каталог мазмұнын көру

СD каталог аты – көрсетілген каталогқа кіру

CD.. – ағымдағы каталогтан бір деңгей жоғары шығу

CD\ - түпкі каталогқа көшу

RD каталог аты – көрсетілген каталогты жою. (Тек қана бос каталогты жоюға

болады. Ағымдағы каталог жойылмайды).

Файлдармен жұмыс командалары

1. COPY файлдың толық аты 1 файлдың толық аты 2 - 1 файлды 2

файлға көшіру. Мұндағы толық аты дегеніміз біріншісінде оның орналасқан

жерін, екіншісінде – орналасатын жерін көрсету дегенді білдіреді.

2. Copy con файл аты – мəтіндік файл құру (CTRL+Z – файлды жабу)

3. Copy файл аты con – файлды экранға шығару

4. Copy файл аты prn – файлды принтерге жіберу

5. Copy файл аты1+ файл аты2 файл аты3 - конкатенация (екі файлды

біріктіру).

6. Type файл аты – файлды қарап шығу

7. Ren файлдың бұрынғы аты файлдың жаңа аты – файлдың атын

өзгерту

8. Del файл аты – файлды жою

9. fc (параметр) файл аты файл аты (файл-протокол аты)

Мұндағы параметрлер салыстыру режимін орнату үшін керек. Олар

екеу:

/L – файлдарды жолдарымен салыстыру режимі;

/В – файлдарды байттық салыстыру режимі.

10. attrib - файлдың атрибуттарын көрсету жəне өзгерту. Файл үшін төрт

атрибут қарастырылады: тек қана оқу үшін (read-only), жасырын (hidden),

жүйелік (system), архивтелген (archive).

Тақырып бойынша тапсырма

(Тапсырмадағы 6-шы пунктті орындамас бұрын экран мазмұнын

көшіріп ал)

1. Жүктеліп тұрған ОЖ-нің версиясын анықта.

2. Датаның дұрыс орнатылғанын тексеріп, қате болған жағдайда оны

өзгерт.

3. Уақыттың дұрыс орнатылғанын тексеріп, қате болған жағдайда оны

өзгерт.

4. Компьютер жадын қара.

5. Format командасы туралы анықтаманы қара.

6. Экранды тазала.

7. А дискісіне көш.

8. А дискісінде өз атаңның атымен аталатын каталог құр.

9. Құрылған каталогтың ішінде атаңның балаларының атымен аталатын

ішкі каталогтар құр.

10. Əр ішкі каталогтың ішінде немере1, немере2, ... деп аталатын текстік

файлдар құрып, ішіне сол адамның балаларын тізіп жаз.

11. Құрылған текстік файлдарды біріктіріп, атаңның атымен аталған

каталог ішіне немерелер деген атпен сақта.

12. Файлдың атын өзгертіп, өз атыңмен ата.

13. Файлды қарап шық.

14. А дискісінің мазмұнын қара.

Жұмысты қорғау тəртібі: 1) бұл командалардың орындалуының экрандағы

бейнесін Word редакторына көшіріп, қағазға басу. 2) Тақырып бойынша

қосымша сұрақтарға жауап беру.

2.3 Norton Commander командалары

Жұмыс мақсаты:NC қабыршағының командаларымен жұмыс істеу

дағдыларын қалыптастыру

DOS жүйесінде жұмыс істеуді жеңілдету мақсатында құрылған файлдық

мониторлар бар (File Manager). Атап өтетін болсақ:

• Norton Commander

• Volcov Commander

• FAR

• File Commander/W

• DOS Navigator

• WIN 32

• Windows Commander

• Disco Commander

• WIN NC т.б.

Олардың бірі графиктік режимде, екіншісі мəтіндік режимде жұмыс

істегенімен, жұмыс істеу принциптері біреу. Сондықтан оларды «программа-

клондар» деп атайды.

NORTON COMMANDER қабыршағын жүктеу MS DOS-тың

командалық жолында келесі командаларды енгізу арқылы орындалады:

C:\>NC\NC.EXE

NC терезесі екі бөліктен – панельден тұрады. Онда дискінің мазмұны

беріледі. Əдетте файлдар кіші əріптермен, каталогтар үлкен əріптермен

беріледі.

Norton Commander негізгі командалары:

1) F1- HELP – NORTON

COMMANDER

қабыршағында

пернелер

қызметі туралы қысқаша

мəлімет алуғы болады;

2) F2 – MENU – қолданушы

таңдаған командалар тізімін

жүктеу;

3) F3 – VIEW – файлды қарап

шығу;

4) F4 – EDIT - файлды

редакторлеу;

5) F5 - COPY – файлды көшіру.

Экранда

файлды

қайда

көшіру керектігін енгізетін

сұхбат терезесі шығады;

6) F6 – Renmov – файлдың

сақталынған орнын немесе

атын өзгерту;

7) F7 - MKDir – каталог құру;

8) F8 – Delete – файлды немесе

каталогты жою;

9) F9 - PullDn - Norton Commander

жұмысының

режимдерінің

мəзірін шығару;

10) F10 – Quit - Norton

Commander-ден шығу;

11) Alt+F1, Alt+F2 –сол жақ немесе

оң

жақ

панельде

дискіні

ауыстыру;

12) Alt+F5 – файлдар тобын архивтеу;

13) Alt+F6 – файлдарды архивтен

шығару;

14) Alt+F7 – дискіден қажетті файлды

табу немесе History – алдында

орындалған командаларды қарап

шығу, енгізу;

17) Alt-F9 - Ega Ln - 25 жолдан 43

жолға (EGA мониторы үшін ), 50

жолға көшу(VGA мониторы үшін)

немесе керісінше;

18) Alt+F10 – басқа каталогқа тез

көшу немесе каталогтар діңгегін

шығару;

19) Ctrl+F1, Ctrl+F2 – сол жақ

панельді немесе оң жақ панельді

алып тастау/орнату;

20) Ctrl+F3 – ағымдағы панельде

файлдарды

аты

бойынша

сұрыптау;

21) Ctrl+F4 - ағымдағы панельде

файлдарды кеңейтілуі бойынша

сұрыптау;

22) Ctrl+F5 - ағымдағы панельде

файлдарды

уақыт

бойынша

сұрыптау;

23) Ctrl+F6 - ағымдағы панельде

файлдарды

мөлшері

бойынша сұрыптау;

24) Ctrl+F7 - ағымдағы панельде

файлдарды сұрыптамау;

25) Ctrl - F9 – файлды немесе

файлдар тобын баспаға

жіберу;

26) Ctrl+О

панельдерді

экраннан

алып

тастау/орнату.

27) Ctrl+L – ақпараттық панельді

шығару.

28) Ctrl+Р – ағымдағы емес

панельді экранннан алып

тастау/орнату.

29) Ctrl+U – панельдердің орнын

алмастыру.

30) Ctrl+Enter - ерекшеленген

файлды командалық жолға

апару.

31) Shift+F3 – аты бойынша

файлды қарап шығу.

32) Shift+F4 – аты бойынша

таңдалған

файлды

редакторлеу.

33) Shift+F5 – файлды немесе файлдар

тобын көшіру.

34) Shift+F6 – файлың атын немесе

орнын өзгерту.

35) TAB – бір панельден екіншісіне

ауысу.

36) Каталогқа

кіру

үшін

сол

каталогтың атына курсорды

апарып Enter басса жеткілікті.

37) Ctrl+\ – түпкі каталогқа бару.

38) Ctrl+PgUp – бір деңгей жоғарғы

каталогқа бару

39) Home – басына бару.

40) End – ең аяғына бару

41) Insert –

файлдарды

топқа

біріктіру/алып тастау.

42) Esc – команданы болдырмау.

43) Файлдарды маска бойынша топқа

біріктіру үшін «+» символынан

кейін масканы енгізу керек.

44) Файлдарджы

таңдау

немесе

таңдауды алып тастау үшін «*»

белгісін басу керек. Таңдалынған

файлдар сары түспен боялынып

тұрады.


Ұқсас жұмыстар

Практикалық сабақ
Психология пәніне арналған дәрістің негізгі қызметтері мен ережелері
Дәріс - оқытудың басты формасы
Магистранттың ғылыми-педагогикалық практиканы өту есебі
Педагогикалық зерттеу практикасы бойынша есеп ( 7M02305 Қазақ филологиясы )
ҚҰРЫЛЫС МАТЕРИАЛДАРЫ туралы ақпарат
Математиканы оқытуды ұйымдастыру
МАЙЛАР ЖӘНЕ ӨСІМДІК МАЙЛАРЫНЫҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ пәнінің оқу бағдарламасы
Педагогикалық тәжірибе бойынша есеп
Музыкалық тәрбиенің тенденциялары