ДӘРІС 2

3 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС № 3

WINDOWS ОРТАСЫНДА ЖҰМЫС

Мақсаты: Windows ортасында жұмыс істеудің негізгі принциптерін білу.

Файлдармен жұмысты ұйымдастыру дағдыларын қалыптастыру.

3.1 Windows анықтама жүйесі

- Диспетчер программ терезесінде Справка мəзіріне шертіңіз

- Мəзір ішінен Учебник по Windows таңдаңыз.

- Керекті тақырып немесе ұғым бойынша анықтама жүйесінен

ақпарат тауып, танысыңыз.

3.2 Терезе құрылымы. Тереземен жұмыс дағдылары.

Терезенің бірнеше түрлері бар: Программалар диспетчерінің терезесі,

программалар тобының терезесі, қосымша программа терезесі, құжат

терезесі, сұхбат терезесі.

Программалар тобының терезесі Программалар Диспетчерінің

терезесінде орналасады. Онда əр программаға сəйкес пиктограммалар

болады. Егер программалар тобының терезесі жабық тұрса, онда ол

Программалар Диспетчерінің терезесінің төменгі жағында значок түрінде

орналасады.

Осы пиктограммаға екі рет шерткенде программалар тобының терезесі

ашылады. Мəзір қатарынан Окно мəзірін ашқанда қандай программалар бар

екенін білуге болады.

Терезелердің оң жақ жоғарғы бұрышында терезелерді басқару

батырмалары орналасады: орау, кішірейту/үлкейту, жабу батырмалары.

Терезелердің мөлшерін маус көмегімен өзгерту үшін сілтемені терезе

шекарасына апарып, оңға/солға, жоғары/төмен жылжытамыз.

Терезедегі көрінбй тұрған ақпаратты қарау үшін айналдырма жолағы

қолданылады. Ол үшін терезенің оң жағында немесе төменгі жағында

орналасқан айналдырма жолағын мауспен сырғытамыз.

3.3 Программаның таңбасын жұмыс столында орналастыру

Калькулятор таңбасын жұмыс столына орналастырайыќ.

- Реквизиты программалар тобын ашыңыз

- Калькулятор таңбасына басып отырып сілтемені сырғытыңыз,

сілтемемен бірге таңбаның көшірмесі бірге жылжиды.

- Таңба көшірмесін жұмыс столының кез-келген жеріне апарып,

маус батырмасын жіберіңіз.

Осы амалды Ctrl пернесін баса отырып орындаса программаның

көшірмесін жасауға болады.

Жұмыс столындағы таңбаларды белгілі бір тəртіппен орналастыру үшін

оң жақ батырмамен шақырылатын мəзірден Упорядочить значки пунктін

таңдаймыз.

3.4 Программалар тобын немесе программалық элемент құру

Жаңа программалар тобын құру үшін:

- Программалар Диспетчерінің Файл мəзірін ашыңыз.

- Создать командасын таңдаңыз.

- Пайда болған сұхбат терезесінде Группа программ таңдаңыз. ОК.

- Шыққан сұхбат терезесіндегі Описание өрісіне құрылатын

топтың атын енгізіңіз. Мысалы, «Student»

- Файл Группы өрісін бос қалдырыңыз. Windows өзі файлға ат

береді: STUDENT.GRP. ОК.

- Пайда болған бос терезеге өзімізге қажетті программалардың

таңбаларын көшіріп қоюымызға болады.

Немесе

- Программалар Диспетчерінің Файл мəзірін ашыңыз.

- Создать командасын таңдаңыз.

- Шыққан сұхбат терезесінен Программный Элемент таңдаңыз.

ОК.

- Свойства Программного Элемента сұхбат терезесі ашылады. Осы

жерде программаның қасиетін көрсету керек.

- Описание өрісіне «test» енгізіңіз

- Командная Строка өрісіне жолы кµөсетілген файлдың толық

атын енгізіңіз.

- Егер программаның орналасқан жерін білмесеңіз, Пролистать

батырмасына басыңыз.

- Керекті файлды тауып, ОК басыңыз.

- Сұхбат терезесінде жолы көрсетілген толық файл аты өзі

жазылады.

3.5 Пиктограмманы өзгерту

Таңбаны өзгерту үшін:

- өзгерткіңіз келген пиктограмма орналасқан программалар тобын

ашыңыз.

- Пиктограмманы ерекшелеңіз.

- Файл мəзірін ашып, Свойства командасын таңдаңыз.

- Свойства Программного Элемента сұхбат терезесі ашылады.

- Изменить Значок батырмасын басыңыз.

- Таңбалар тізімінен өзіңізге ұнағанын таңдап, ОК басыңыз.

- Егер өзіңіз ұнатқан таңба табылмаса, Пролистать батырмасын

басыңыз.

- Moricons.dll файлын ерекшелеп, ОК басыңыз.

- Ашылған тізімнен өзіңізге керегін таңдап, ОК.

3.6 Файлдар диспетчерінің жұмысы

Файлдар диспетчері дискілермен, файлдармен жəне каталогтармен

жұмысты ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

- Файлдар Диспетчерін жүктеңіз. Ол Диспетчер Программ терезесінің

Главная тобының ішінде.

- Файлдар Диспетчерінің мəзірі мыналардан тұрады: Файл, Диск,

Дерево, Просмотр, Параметры, Окно, Справка.

- Просмотр арқылы терезе мазмұнын өзгертіп көріңіз. Просмотр, Дерево

жəне Каталоги командаларын орындаңыз.

- Егер каталогтар діңгегі мен файлдар тізімі экранға сыймаса,

айналдырма жолағын пайдаланып көріңіз.

- Просмотр, Только дерево командасын орындаңыз.

- Просмотр, Только каталоги командасын орындап көріңіз.

- Просмотр, Разбить.

- Просмотр, имя.

- Просмотр, Все характеристики файлв.

- Просмотр, Отдельные характеристики

- Сұрыптауды орындаңыз. Ол үшін мына командаларды қолдануға

болады: Просмотр, Сортировка по имени (по типу, по размеру, по дате).

- Дерево, Показать все (Спрятать ветви. Отмечать расширяемые ветви)

командаларын орындап көріңіз.

- Файлдар Диспетчерінің көмегімен бір программаны жүктеп көрейік:

Windows каталогын тауып алыңыз.

- Clock.exe файлын табыңыз. Бұл Сағат программасы.

- Оған екі рет шертіңіз. Экранда сағат программасы пайда болады.

- Программаның жүйелік мəзіріндегі жабу таңбасына - басып

программаны жабыңыз.

3.7 Каталог құру

- Файлдар Диспетчерін жүктењіз.

- Файл, Создать каталог командасын таңдаңыз.

- Ашылған сұхбат терезесіндегі Имя өрісіне Т1 деп ат енгізіңіз. ОК.

- Каталогтың ішінде не бар екенін көру үшін каталогтар діңгегінде Т1

каталог атына шертіңіз.

- Оң жақ панельден каталогтың бос екенін көреміз.

3.8 Файл құру

Реквизиты Диспетчера программ тобында орналасқан Блокнот мəтіндік

редакторын қолданып Т1 каталогының ішінде файл құрайық.

- Блокнот редакторында кез-келген мəтін енгізейік.

- Файл, Сохранить командасын орындаймыз.

- Устройства тізімінде диск Е:\ таңдаймыз.

- Каталог өрісіне Е:\ түпкі каталог атына шертеміз.

- Пайда болған тізімнен Т1 таңдап алып, екі рет шертеміз.

- Имя файла өрісіне Тест деп ат енгіземіз. ОК.

- Файл, выход командасын таңдаймыз.

- Каталогтар діңгегінен Т1 құрамын қарағанда Тест файлы пайда болуы

керек.

3.9 Файлдарды көшіру, орын ауыстыру

Файлды басқа каталогқа көшіру үшін басқа Т2, Т3, Т4 каталогтарын

құрып алу керек.

- Окно, Новое окно командасын орындаймыз. Экранда көмекші жаңа

терезе пайда болады.

- Окно, Горизонтальная мозайка орындаймыз. Терезелер бізге ыңғайлы

болып орналасады.

- Екінші терезенің каталогтар діңгегінде Т2 каталогына шертеміз Оң жақ

панельде оның құрамы көрсетіледі. Қазірше ол бос.

- Бірінші терезенің діңгегінде Т1 басамыз. Оның оң жақ панелінде біз

құрған Тест.txt файлы орналасқан.

- Маус сілтемесін əкеліп, осы файлды ерекшелеп алып, сырғытқан күйі

екінші терезеге əкелеміз.

- Подтверждение операций с мышью сұрағына Да деп жауап береміз.

Немесе

- Файл, Копировать командасын таңдаймыз.

- Шыққан сұхбат терезесінде қайдан, нені, қайда апаратынымызды

көрсетуіміз керек. ОК.

- Копировать командасының орнына Переместить таңдап осы тəсілмен

орын ауыстыруды да орындауға болады.


4 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС № 4

ҚЫЗМЕТШІ ПРОГРАММАЛАРМЕН ЖҰМЫС

Мақсаты: Қызметші программалардың атқаратын қызметін білу жəне

практикада қолдана білуге дағдылану.

4.1 Дискіні дефрагментациялау

1. Пуск батырмасына басыңыз

2. Программы пунктін таңдаңыз

3. Оң жақта пайда болған қосымша мəзірден Стандартные таңдаңыз

4. Келесі қосымша мəзірден Служебные таңдаңыз

5. Дефрагментация диска

6. Выбор диска сұхбат терезесінен керекті дискіні көрсетіңіз

7. ОК

4.2 Дискіні тазалау

1. Пуск батырмасына басыңыз

2. Программы пунктін таңдаңыз

3. Оң жақта пайда болған қосымша мəзірден Стандартные таңдаңыз

4. Келесі қосымша мəзірден Служебные таңдаңыз

5. Очистка диска

6. «Выбор диска» сұхбат терезесінен керекті дискіні көрсетіңіз

7. ОК

8. «Очистка диска для...» сұхбат терезесінде дискіде орын босату үшін

жойылатын файлдар тізімі көрсетіледі – олардың жанында жалауша

көрсетілеген. Егер бұл файлдарды сақтау керек болса, жалаушаны

алып тастаған жеткілікті. ОК.

4.3 Дискіні тексеру

1. Пуск батырмасына басыңыз

2. Программы пунктін таңдаңыз

3. Оң жақта пайда болған қосымша мəзірден Стандартные таңдаңыз

4. Келесі қосымша мəзірден Служебные таңдаңыз

5. Проверка диска

6. Проверка диска сұхбат терезесінен тексерілетін дискіні көрсетіңіз

7. Осы терезеде дискіні тексеру тəсілін (стандартты немесе толық)

таңдаңыз

8. Осы терезедегі «Дополнительно» батырмасын басыңыз

9. Шыққан сұхбат терезесінде Дискіні тексерудің керекті параметрлерін

таңдаңыз

10. ОК

4.4 Дискіні форматтау

1. Дискіні дискжетекке салыңыз

2. «Мой компьютер» терезесін ашыңыз

3. Ашылған терезеде диск таңбасына апарып, жанама мəзірді

шақырыңыз

4. Жанама мəзірден Форматировать командасын таңдаңыз

5. Форматтау тұрін таңдаңыз: «Тез» (диск тақырыбы ғана жойылады),

«Толық» (дискідегі барлық мəліметтер жойылады)

6. «Вывести отчет о результатах» пунктіне жалауша қойыњыз

7. Начать батырмасын басыңыз

Қолданылған əдебиеттер:

1. 1. Е.Балапанов, Б.Бөрібаев, Г.Мадьярова, Жаңа ақпараттық

технологиялар, Алматы 2000 ж.

2. Информатика, практикум по технологии работы на компьютере под

ред. проф. Н.В.Макаровой, 1997, Финансы и статистика

3. Практическая информатика С.Симонович, Г.Евсеев Москва, АСТ пресс

2001 г.

4. Специальная информатика С.Симонович, Г.Евсеев, А.Алексеев Москва

АСТпресс 2001 г.

5. Фигурнов В.З. IBM PC для пользователя, М., ИНФРА, 1998


5 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС № 5

АРХИВТЕУ ПРОГРАММАСЫ

Мақсаты: Архивтеу тəсілдерін біліп, оны практикада қолдану дағдыларын

қалыптастыру

5.1 Файлды архивтеу

1. Пуск батырмасына басыңыз

2. Келесі қосымша мəзірден Программы

3. Стандартные – Служебные – Архивация данных Шыққан сұхбат

терезесінде «Создать новое задание архивации» жолына шертіңіз. ОК

4. «Мастер архивации» терезесінде екі пункттің бірін таңдаймыз

а) мой компьютерді архивтеу – бұл жағдайда қатты дискідегі барлық

ақпарат архивтеледі, оған көп дискета қажет болады. Мұның артықшылығы –

компьютер істен шыққан жағдайда барлық ақпаратты қалпына келтіріп алуға

болады.

б) таңдалған файлдар мен папкаларды архивтеу

5. Далее

6. Келесі сұхбат терезесінде «барлық файлдар» немесе «өзгерістер

енгізілген файлдар» пунктерінің бірін таңдаңыз

7. «Архивировать файлы в...» терезесінде мыналарды көрсетіңіз:

а) архивтелген папканың қайдан алынатыны

б) архивке ат енгізіңіз

8. Далее

9. «Имя задания архивации» ат енгізіңіз

10. Запуск батырмасын басыңыз

11. Дискета толған жағдайда басқасын ауыстыруды ұмытпаңыз

12. Архивтеу аяқталғаннан кейін ОК.

5.2 Файлды архивтен шығару

1. Архивтеу программасын ашыңыз

2. «Восстановить архивированные файлы» жолына шертіңіз

3. Дискетаны дискжетекке салыңыз

4. «Выбор архива» сұхбат терезесінде мыналарды көрсетіңіз:

а) архив сақталған папканы шертіңіз;

б) архивтік файлды тауып, Открыть батырмасын басыңыз

5. Далее. ОК.

6. Егер архив бірнеше дискіге бөлінген болса, «Последний

архивный компонент на этом носителе информации имеет продолжение на

другом носителе. Переити на другой носитель?» хабары шығады.

7. «Да» батырмасын басып, келесі дискетаны салыңыз.

8. ОК.


Ұқсас жұмыстар

Практикалық сабақ
Психология пәніне арналған дәрістің негізгі қызметтері мен ережелері
Дәріс - оқытудың басты формасы
Магистранттың ғылыми-педагогикалық практиканы өту есебі
Педагогикалық зерттеу практикасы бойынша есеп ( 7M02305 Қазақ филологиясы )
ҚҰРЫЛЫС МАТЕРИАЛДАРЫ туралы ақпарат
Математиканы оқытуды ұйымдастыру
МАЙЛАР ЖӘНЕ ӨСІМДІК МАЙЛАРЫНЫҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ пәнінің оқу бағдарламасы
Педагогикалық тәжірибе бойынша есеп
Музыкалық тәрбиенің тенденциялары