ДӘРІС 3

6 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС № 6

МƏТІНДІК РЕДАКТОР MICROSOFT WORD

Мақсаты: Мəтіндік редактордың барлық мүмкіндіктерін қолдана

білуге дағдылану

Мəтінді редакторлеу жəне əрлеу

Мәтін пернелік тақтадан латын немесе қазақ, орыс әріптерін,

пунктуация белгілері мен арнайы символдарды енгізу арқылы теріледі.

Мәтінді теру барысында келесі жолға өту автоматты түрде жүзеге асады.

Жаңа абзацқа көшу үшін ENTER пернесін басамыз.

Мəтінді əрлеу үшін форматтау командалары қолданылады.

Форматтаудың үш негізгі операциясы бар:

- Беттерді форматтау;

- Абзацтарды форматтау;

- Символдарды форматтау.

Беттердің параметрлерін өзгерту үшін Файл → Параметры страницы

командасы қолданылады.

Колонтитул дегеніміз құжаттың əр бетінде шығатын қолданушы

орнатқан ақпарат. Ол төменгі жəне жоғарғы болуы мүмкін. Колонтитулға бет

номері, ағымдағы уақыт, қолданушының аты-жөні, т.б. мəлімет орналасуы

мүмкін. Колонтитул орнату Вид→Колонтитулы командасымен орындалады.

Беттің номерлерін қою Вставка→Номера страниц командасымен

орындалады.

Абзацтарды форматтау оларды теру кезінде немесе теріліп қойғаннан

кейін де орындауға болады. Бет параметрлерін орнатқаннан кейін мəтінді

енгізу аумағы құжаттың жоғарғы жағында орналасқан сызғышта ашық

түспен ерекшеленіп тұрады. Осы енгізу аумағын сызғыш маркерлерін оңға,

солға жылжыту арқылы кішірейтіп, үлкейтуге болады.

Мəтінді туралау (выравнивание) форматтау саймандар тақтасындағы

«По ширине», «По правому краю», «По центру», «По левому краю»

батырмаларын юбасы арқылыы орындалады. Ол үшін туралайтын мəтін

бөлігін міндетті түрде рекшелеп алу керек.

Жоларалық интервалды орнату үшін Формат→Абзац командасы

қолданылады.

Символдарды форматтау Формат→Шрифт командасының көмегімен

орындалады немесе осы командаларға сəйкес келетін форматтау саймандар

тақтасында орналасқан батырмаларады қолданамыз.

Маркерленген

немесе

номерленген

тізімді

орнату

үшін

Формат→Список командасын орындап, шыққан сұхбат терезесінен

маркердің түрін немесе номерлену түрін таңдаймыз.

4.3 Мəтінге графиктік нысанда орнату.

Егер мəтінге берілген шрифте жоқ символды қою керек болса,

Вставка→Символ командасын орындап, керекті символды шыққан тізімнен

таңдап алыып, Вставить, Закрыть батырмаларын басамыз.

Мəтін арасына сурет қою үшін сурет қойлатын орынды курсормен

белгілеп алып, Вставка→Рисунок командасын орындаймыз. МS Clip Gallery

терезесінде керекті суретті таңдау керек.

Егер мəтінге қолданушы өзі құрайтын суретті қою керек болса, онда

Вставка→Объект командасын орындау керек. Точечный рисунок Paintbrush

таңдалып, қолданушы суреті құрылады.

Мəтінге түрлі математикалық күрделі формулалар қою керек болса,

Вставка – Объект командасы орындалып, шыққан терезедегі тізімнен

формулалар редакторы – Microsoft Equation 3.0. шақырылады.

Мəтінге автофигура қою үшін Вставка→Рисунок→Автофигуры

командасы орындалады, немесе Рисование саймандар тақтасынан керекті

автофигураны таңдауға болады.

4.4 Кестелермен жұмыс.

Мəтіндік редакторда қарапайым кесте қоюдың бірнеше тəсілдері бар:

- Стандартты саймандар тақтасынан Добавить таблицу батырмасын

басып, бағандар мен жолдардың керекті санын белгілеу;

- Таблица→Добавить таблицу командасын орындап, шыққан

терезеде бағандар мен жолдардың керекті санын белгілеу;

- Таблица→Нарисовать таблицу командасын орындап, маустың

қарындаш түріндегі сілтемесімен кесте сызықтарын жүргізу.

Кестені форматтау үшін Таблицы и границы саймандар тақтасын

пайдаланып, немесе Формат→Границы и заливка командасы арқылы

орындауға болады.

Таблица мəзіріне кестеге байланысты командалардың барлығы кіреді.

4.5 Тапсырма

1. Word-та жаңа құжат құрыңыз. Оны өз атыңызбен сақтаңыз.

2. Шеттіктерін сол жақтан 3 см, оң жақтан 1,5 см, жоғарғы жəне төменгі

шеттіктерін 2 см орнтыңыз.

3. Құжатқа колонтитул орнатыңыз: Өз аты-жөніңіз, топ номері, ағымдағы

уақыт.

4. Ақпараттануға байланысты безендірілген А4 форматындағы екі

ақпараттық бет жасаңыз. Ол жұмыста тақырыпқа қатысты мəтін

теріліп, WORD редакторының төмендегі мүмкіндіктерін қолданыңыз:

символды, абзацты форматтау үлгілері, WordArt нысаны, графиктік

нысан, тізім, кесте, күрделі кесте, мəтінді колонкаға бөліп орнату,

сілтеме түсінік (сноска) қою.

5. Құжаттың жаңа бетінде жоғарғы жəне төменгі индекстерді қолданып

химиялық формула жазыңыз.

6. Microsoft Equation 3.0 формулалар редакторын пайдаланып төмендегі

формуланы жазыңыз.

(

)

+

+

+

+

=

8,0

,

2

8,0

2,0,

cos

cos

1

2,0

,

1

1

2

2

2

x

e

x

x

x

x

x

x

Ln

Y

x

7. Alt+PrintScreen пернелер комбинациясының көмегімен Word терезесін

формулалар жазылған бетке Вставить командасымен орналастырыңыз.

Автофигараларды қолданып суреттегі кейбір терезе элементтеріне

түсініктемелер орнатыңыз.

8. Құжат бетттеріне номер орнатыңыз.


Ұқсас жұмыстар

Практикалық сабақ
Психология пәніне арналған дәрістің негізгі қызметтері мен ережелері
Дәріс - оқытудың басты формасы
Магистранттың ғылыми-педагогикалық практиканы өту есебі
Педагогикалық зерттеу практикасы бойынша есеп ( 7M02305 Қазақ филологиясы )
ҚҰРЫЛЫС МАТЕРИАЛДАРЫ туралы ақпарат
Математиканы оқытуды ұйымдастыру
МАЙЛАР ЖӘНЕ ӨСІМДІК МАЙЛАРЫНЫҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ пәнінің оқу бағдарламасы
Педагогикалық тәжірибе бойынша есеп
Музыкалық тәрбиенің тенденциялары