ДӘРІС 5

10 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС № 10

БЕТТЕРДІ КОНСОЛИДАЦИЯЛАУ

басы

Мақсат: Беттерді консолидациялау тәсілдерімен таныстыру.

10.1 Теориялық мəліметтер

Консолидация дегеніміз – ақпаратты бірнеше беттерден бір

қорытынды бетке біріктіру. Ақпарат алынатын беттер сол кітапта немесе

басқа кітапта да орналасуы мүмкін.

Мысалы бір фирманың бөлімдері туралы ақпарат əр түрлі кітаптарда

сақталса, олардың барлығы жайлы қорытынды мəлімет алу үшін Данные-

Консолидация командасын қолдануға болады. Бұл команданы бірнеше

тəсілмен қолдануға болады. Ол беттерді байланыстыра консолидациялау

жəне ендіре консолидациялау. Біріншісінде ақпарат алынатын беттерде

өзгерістер болса, ол қорытынды беттегі өзгеріске əкеледі. Ал екінші тəсілінде

бұл өзгерістер жүрмейді.

Берілгендерді орналасуы бойынша жəне категория бойынша

консолидациялауға болады. Орналасуы бойынша консолидациялағанда

ақпарат беттердегі бірдей орналасқан ұяшықтардан жиналады. Категория

бойынша консолидацияланғанда бағандар мен жолдардың аттарына

байланысты ақпарат жиналады.

Беттерді консолидациялау барысында Консолидация сұхбат

терезесіндегі Функция ашылатын тізіміндегі кез-келген функцияны

қолдануға болады. Əдетте, басқасы көрсетілмеген жағдайда Сумма

функциясы қолданылады. Бұдан басқа мынандай функциялар бар:

Количество значений, Среднее, Максимум, Минимум, Произведение,

Количество чисел, Несмещенное отклонение, Смещенное отклонение,

Несмещенная дисперсия, Смещенная дисперсия.

10.2 Орналасуы бойынша консолидациялаудың орындалуы

Мысал, кəсіпорындағы екі жартыжылдықтағы шығын мен түскен

пайда туралы мəлімет берілсін (Сурет 1, Сурет 2):

Сурет 1 – Бірінші жарты жылдық бойынша мəліметтер кестесі

Сурет 2 – Екінші жарты жылдық бойынша мəліметтер кестесі

Бұл беттерді орналасуы бойынша консолидациялау үшін:

1) Қорытынды бетті белсенділеп, мəліметтер консолидацияланатын

ұяшықтарды ерекшелейміз;

2) Данные – Консолидация командасын таңдаймыз;

3) Консолидация сұхбат терезесіндегі Функциялар тізімінен керекті

функцияны таңдаймыз;

4) Мəліметтер диапазонына сілтемені Ссылка өрісіне көрсетеміз.

Сілтеме мынандай түрде болады: [Файл аты]Беттің атауы!Сілтеме. Бұл

жердегі Сілтеме дегеніміз ұяшықтар диапазоны;

5) Добавить батырмасын басамыз. Нəтижесінде Ссылка өрісіндегі

сілтеме Список диапазонов өрісіне ауысады;

6) ОК батырмасын басқаннан кейін мəліметтер қорытындысы

«Шығын жəне пайда» қорытынды бетіне көшеді (Сурет 3).

Сурет 3 - Консолидацияланған мəліметтердің қорытынды кестесі

10.2 Категория бойынша консолидациялау

Категория бойынша консолидациялауда мәліметтер алынатын

беттердегі мәліметтер жиыны әр түрлі болуы мүмкін. Мысалы (Сурет 4,

Сурет 5):


Сурет 4 – Бірінші жарты жылдық бойынша мəліметтер кестесі

Сурет 5 – Екінші жарты жылдық бойынша мəліметтер кестесі

Категория бойынша консолидациялау үшін:

1) Қорытынды бетте жоғарғы ұяшықты ерекшелейміз. Нәтижелік

мәліметтер осы ұяшықтан оңға және төмен қарай орналасады;.

2) Данные – Консолидация командасын таңдаймыз. «В левом

столбце» пунктін таңдаймыз;

3) Ссылка өрісінде керекті диапазондарды көрсетеміз;

4) Добавить батырмасын басып, ОК. Нәтижесінде қорытынды бет

шығады (Сурет 6).

Сурет 6 - Консолидацияланған мəліметтердің қорытынды кестесі

Ескерту: Бұл тәсілдерде файлда сақтап, келесі ашқанда нәтижелер

қалады, бірақ мәліметтерді өзгертетін болсақ, Консолидация командасын

қайта орындау керек.

10.3 Мәліметтер алынатын беттер мен қорытынды бет арасында

байланыс орната консолидациялау

Мәліметтер алынатын беттер мен қорытынды беттің арасында үнемі

байланыс орнап тұру үшін, яғни мәліметтер өзгергенде қорытынды кестедегі

нәтиже де автоматты түрде өзгеру үшін Консолидация терезесінде

«Создавать связи с исходными данными» пунктін таңдау керек.

10.4 Тақырып бойынша сұрақтар Вопросы для самоконтроля

1) Беттер консолидациясы дегеніміз не?

2) Беттерді қандай тәсілдермен консолидациялауға болады?

3) Консолидациялағанда қандай функцияларды қолдануға болады?


11 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС № 11

МАКРОСТАР. МАКРОС ҚҰРУ

басы

Мақсат: Макрос туралы мағлұмат алу.

11. 1 Теориялық мәліметтер

Макрос дегеніміз – жиі қолданылатын командалар жиынын тез

орындау тəсілі. EXCEL-де макростың екі түрі бар. Біріншісі - командалық

макрос (командалар тізбегі), екіншісі – функционалдық макрос (қолданушы

функциясы). Командалық макрос ретінде кестені сақтау командаларының

тізбегі болса, функционалдық макросқа түсімнен төленетін салық мөлшерін

есептеу функциясын жатқызуға болады. Командалық макросты екі пернені

басу арқылы орындауға болады, ал функционалдық макрос кесте ұяшығына

қойғанда ғана орындалады. EXCEL-де макрос құрудың екі тəсілі бар:

VisualBasic тілінің немесе макростар тілі MS EXCEL 4.0 көмегімен.

11.2 Макрос құру жəне қолдану

1) Макрос жазу

Берілген кестенің ерекшеленген бөлігін форматтауға арналған макрос

құрайық (Сурет 1):

Сурет 1- Берілген кесте

1. Файл – Создать командасын таңдаймыз;

2. Сервис – Макрос командасының қосымша мəзірінен Начать

запись... пунктін таңдаймыз;

3. «Запись макроса» сұхбат терезесіндегі «Имя макроса» өрісіне

құрылатын макросқа ат енгіземіз. Мысалы, Формат_Ячейки;

4. Осы терезеде команданы орындауға сəйкес келетін пернелер

комбинациясын тағайындауға болады. Мысалы, Ctrl+Q;

5. «Сохранить в: » өрісінде «Эта книга» пунктін таңдаймыз;

6. ОК батырмасын басқаннан кейін экранда макрос жазу тақтасы

пайда болады

. Осыдан кейін қолданушының əр əрекеті макросқа

жазылып қалады;

7. Осыдан кейін форматтауға қажетті командаларды қатесіз

орындауымыз қажет. Яғни, Формат – Ячейки командасын орындап, шыққан

сұхбат терезесінен Граница астарлы бетін ашамыз. Осы терезеде сызық

түрін, түсін таңдаймыз;

8. Макросты жазу тақтасынан «Остановить запись» батырмасын

басамыз. Нəтижесі Сурет 2-де көрсетілген:

Сурет 2 – Кестені форматтау

2) Макросты қолдану

1. Кестенің форматтау орындалатын бөлігін ерекшелеңіз;

Ctrl+Q макросқа сəйкестендірілген пернелер комбинациясын

басыңыз. Нəтижесінде құрылған макрос орындалады. Яғни ерекшеленген

ұяшықтар форматталады.

11.3 Макросты саймандар тақтасында орнату

Макросты орындайтын батырманы саймандар тақтасына орнатып

қоюға болады. Мысалы кестеге ұяшық қоятын макросты орындауға

жіберетін батырманы стандартты саймандар тақтасына орнатайық. Ол үшін:

1. «Настройка» сұхбат терезесінің «Команды» астарлы бетіндегі

«Категории» тізімінде «Вставка» пунктін жəне бос батырмаларды

таңдаймыз;

2. «Ячейки» батырмасын стандартты саймандар тақтасына апарып,

жанама мəзірден керекті белгіні таңдаймыз. Жанама мəзірден батырмаға ат

таңдауға да болады.

11.4 Бетте командалық батырма орнату

Құрылған макросты орындауға жіберетін командалық батырма

жасауға болады. Ол үшін:

1. Маус сілтемесін саймандар тақтасының кез-келген жеріне апарып,

оң жақ батырманы басқаннан кейінгі шыққан жанама мәзірден Формы

пунктін таңдаймыз;

2. «Кнопка» элементін таңдап, маус сілтемесімен бетте батырманы

қоятын жерге апарып шертеміз.

3. «Назначить макрос объекту» сұхбат терезесінен алдын-ала

құрылып қойған макросты таңдаймыз. ОК.


11.5 Графиктік нысанға макрос тағайындау

Ол үшін:

1. Рисование саймандар тақтасынан кез-келген фигураны таңдап

бетке орналастырамыз, яғни бетте графиктік нысан пайда болады;

2. Нысанның жанама мәзірінен «Назначить макрос…» командасын

таңдаймыз;

3. Пайда болған «Назначить макрос объекту» сұхбат терезесінде

алдын-ала құрылып қойған макросты таңдаймыз.

11.6 Тапсырма

1) Қандай да бір есептеулер орындайтын макрос құрыңыз;

2) Осы макросты орындауға жіберетін графиктік нысан жасаңыз;

3) Макросты орындататын батырманы саймандар тақтасына

орнатыңыз.


12 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС № 12

EXCEL ПРОГРАММАСЫНДА

МƏЛІМЕТТЕР ҚОЙМАСЫМЕН ЖҰМЫС

Мақсат: Excel программасында мəліметтер қоймасымен жұмысты

ұйымдастыра білу. Тізімді форманың көмегімен толтыру. Автофильтр,

кеңейтілген фильтр көмегімен мəліметтерді іріктей алу.

ЭЕМ-нің маңызды ерекшеліктерінің бірі – үлкен көлемдегі ақпаратты

өњдеу, оларды сақтау. Мұнда ақпарат ретінде тек қана мəтін мен графиктік

құжаттар (суреттер, сызбалар, фотолар, географиялық карталар) емес,

сонымен бірге бүкілəлемдік желі беттері, дыбыстық жəне видеофайлдар да

қарастырылуы мүмкін. Осындай көлемдегі ақпаратпен жұмыс мəліметтер

қоймасының көмегімен жүзеге асады.

Мəліметтер қоймасы (МҚ) дегеніміз – ол бір-бірімен байланысқан

əртүрлі ақпарат көздерінен алынған мəліметтерді бір жерге жинақтап сақтау.

Əдетте МҚ қандай да бір тақырыппен, белгілі бір мəселені шешу үшін

қолданылады.

Мəліметтер қоймасына қарапайым мысал ретінде телефондық

анықтама жүйесі, поездар қозғалысының кестесі, кəсіпорындардағы

қызметкерлер жайлы мəліметтер, студенттердің сессияны тапсыру

нəтижелері, т.с.с.

Excel программасының мүмкіндіктерінің бірі – мəліметтер

қоймасымен жұмыс. Мəліметтер қоймасын көз алдымызға тізім ретінде

елестете аламыз. Мұнда бағандар өрістер деп, ал жолдар жазбалар деп

аталады. Бағандардағы мəліметтер міндетті түрде бір типтес болуы керек.

Мысалы Фамилия бағанына тек қана фамилиялар енгізілсе, Саны бағанына

тек қана сан түріндегі мəліметтер енгізіледі.

Тізім жасаудың екі тəсілі бар: 1) ұяшықтарға тікелей мəліметтреді

енгізу арқылы; 2) форманың көмегімен.

Форманың көмегімен мəліметтер қоймасын толтыру үш қадамнан

тұрады.

1. Негізгі жолды енгізу, мұнда өрістердің аттары жазылады.

2. курсорды негізгі жолдың кез-келген жеріне апарып, Данные –

Форма командасын орындағаннан кейін мəліметттерді енгізуге ыңғайлы

енгізу формасы пайда болады. Мұнда жазбаларды басқару командалық

батырмалардың көмегімен жүзеге асырылады.

- Жазба қосу (Добавить);

- Ерекшеленген жазбаны жою (Удалить);

- Жазба төңірегінде жасалған өзгерістерді болдырмау (Вернуть);

- Бір жазбаға кері ауысу (Назад);

- Келесі жазбаға көшу (Далее);

- Берілген шарттарды қанағаттандыратын жазбаларды іздеу.

3. Бұл қадамда формадағы барлық өрістерге мəліметтер енгізіледі.

Бір өрістен екінші өріске өту Tab пернесінің көмегімен жүзеге асырылады.


Енгізу Добавить батырмасын басумен аяқталады. Осыдан кейін келесі

жазбаларды енгізуге болады.

Тізімге керекті мəліметтердің барлығы енгізіліп болғаннан кейін

Закрыть батырмасын басамыз.

Форманың көмегімен жазбаларды іздеу. Формадағы Критерий

батырмасын бассақ форма іздеу құралына айналады. Іздеу шартын сəйкес

өріске енгіземіз.

Мысалы 3000 теңгеден қымбат болатын тауар тізімін шығарып алу

үшін Бағасы дап аталатын өріске >3000 шартын енгіземіз. Жаңа критерийді

енгізбес бұрын Очистить батырмасын басамыз.

Жазбаларды редакторлеу. Форманың сұхбат терезесінде ағымдағы

жазбаларды редакторлеуге болады. Бірақ формулалар мен өзгерістерден

қорғалған ұяшықтарда редакторлеу жүргізілмейді.

Формамен жұмыс істеу кезінде жазбалар тізімнің соңына орналасады.

Жаңадан енгізілетін жазбаны тізімнің ортасына орналастыру үшін Вставка –

Строки командасын орындаймыз. Бос жол ағымдағы жазбаның алдына

орналасады. Қалған жазбалар бір жол төмен жылжиды.

Жазбаларды сұрыптау. Жазбаларды белгілі бір тəртіппен сұрыптап

орналастыру үшін Данные – Сортировка командасын орындағаннан кейін

шыққан сұхбат терезесінде сұрыптау параметрлерін таңдаймыз. Бұл терезеде

үш деңгейлік сұрыптау орындауға болады. Сұрыптау параметрлерін одан да

тереңдету үшін осы терезедегі Параметры батырмасын басамыз.

Автофильтрді қолдану. Үлкен тізімнің белгілі бір бөлігін ғана шығару

үшін Автофильтрді қолданамыз. Ол үшін:

1. Бүкіл тізімді тақырыбымен бірге ерекшелейміз.

2. Данные – Фильтр – Автофильтр командасын орындаймыз.

Нəтижесінде өріс тақырыптарында мəндер тізімін ашатын стрелкалы

батырмалар пайда болады.

3. Осы батырмалардың көмегімен мəндер тізімін ашып, ішінен

керектісін таңдаймыз (Барлығы, Алғашқы 10, ... нақты бір мəндер)

Тізімді бұрынғы толық қалпына келтіру үшін Данные – Фильтр

– Показать все командасын орындаса жеткілікті.

Первые 10 Автофильтра опциясын қолдана отырып, сұрыптау

жұмысын жүргізбей ақ ең үлкен немесе ең кіші он жазбаларды іріктеп алуға

болады.

Автофильтрді баптау (настройка). Условие опциясын қолдана

отырып, іріктеу шартын күрделендіруге болады. Мысалы, 10 жəне 20 қаңтар

аралығында тапсырыс берген клиенттерді іріктеп алу керек болсын. Ол үшін:

1. Дата заказа бағанындағы мəндер тізімін ашатын батырмаға

басып, тізімнен Условие таңдаймыз.

2. Экранда Пользовательский автофильтр сұхбат терезесі пайда

болады. Мұндағы сол жақтағы жоғарғы өрістен > белгісін, соған сəйкес

келетін жоғарғы оң жақ өріске 10.01.05 мəнін енгіземіз.

3. Жолдардың ортасынан И операторын таңдағанна кейін, төменгі

сол жақ өрісте < белгісін, соған сəйкес төменгі оң жақ өрістен 20.01.05 мəнін

таңдаймыз.

4. Керекті шарттарды енгізеннен кейін ОК батырмасын басамыз.

Нəтижесінде біздің енгізген шарттарымызды қанағаттандыратын

жазбалар ғана іріктеліп шығады.

Автофильтр режимінен шығу үшін Данные – Фильтр – Автофильтр

командасын қайта орындаймыз.

Кеңейтілген фильтр. Бірнеше өрістерден белгілі бір шарттарды

қанағаттандыратын жазбаларды іріктеп алу мүмкіндігі де бар. Ол үшін:

Данные - Фильтр – Расширенный фильтр командасын орындаймыз. Бұл

команданы орындамас бұрын шарттар орналасатын жəне нəтижелік кесте

орналасатын орындарды анықтап алған дұрыс. Бұл диапазондар командалар

тізбегін орындау барысында ашылатын сұхбат терезесіне енгізіледі.

Тапсырма

1) Қандай да бір мəселеге байланысты мəліметтер қоймасын

құрыңыз.

2) Сұрыптауды орындаңыз;

3) Автофильтр мысалын келтіріңіз;

4) Қандай да бір шарттарды қанағаттандыратын кеңейтілген фильтр

орындаңыз.

Қолданылған əдебиеттер:

1. Е.К.Балапанов, Б.Бөрібаев, А.Дəулетқұлов Информатикадан 30 сабақ,

Алматы, 1999

2. Office 97, WORD 97, Excel 97 без проблем, М. Бином, 1997

3. Овчаренко Е.К., Ильина О.П., Балыберлин Е.В. Финансово-

экономические расчеты в Excel М., Информационно-издательский

дом «Филин» 1998

4. Практику по общей информатике под ред. проф. В.П. Омельченко,

Ростов-на-Дону «Феникс», 2003

5. Нұрсадықова Р.К. Excel программасы бойынша студенттерге

арналған əдістемелік құрал



Ұқсас жұмыстар

Магистранттың ғылыми-педагогикалық практиканы өту есебі
ҚҰРЫЛЫС МАТЕРИАЛДАРЫ туралы ақпарат
Психология пәніне арналған дәрістің негізгі қызметтері мен ережелері
Педагогикалық зерттеу практикасы бойынша есеп ( 7M02305 Қазақ филологиясы )
МАЙЛАР ЖӘНЕ ӨСІМДІК МАЙЛАРЫНЫҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ пәнінің оқу бағдарламасы
Педагогикалық тәжірибе бойынша есеп
Математиканы оқытуды ұйымдастыру
Музыкалық тәрбиенің тенденциялары
ОРГАНИКАЛЫҚ ХИМИЯ - ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Биотехнологияда қолданылатын биологиялық нысандар пәнінің жұмыс бағдарламасы