1. Қолданылу аймағы

 Бұл ПОӘК   5В010100    «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығы студенттерінің «кәсіби қазақ тілі » пәнін оқуға арналған.

      Кәсіби бағдар бере отырып оқыту  қазақ тілінде сөйлеу тілін қалыптастыру мен дамытудың ең маңызды факторы болып табылады. Кәсіби бағдарлық дегеніміз – оқыту үрдісінде болашақ маманды қалыптастыру үшін қолайлы жағдай туғызу, тіл үйренушілерді мамандығына сәйкес оқыту, мамандықтарына қатысты лексикалық минимумды игерту.

      Мамандардың пікірінше, кәсіби бағытты ескере отырып оқыту

студенттердің таңдаған мамандықтарына қажетті білімді толық игерген, кәсіби мүмкіндігі мол маман иесін даярлауда өз әсерін тигізеді. Студенттерді мамандықтарына қатысты оқыту болашақ мамандардың кәсіби даярлығы мен дағдыларын қалыптастыруда атқаратын рөлі ерекше. Өзінің мамандығы бойынша білім ала отырып, студент кәсіби – жеке тұлғаға тән ерекшеліктерді сезініп, моральдық-психологиялық ахуалды түсіне бастайды. Өзінің болашақ мамандығына тән барлық аспектілермен жете танысып, игерген теориялық білімдерін тиянақтап, мамандығына деген өз көзқарастары қалыптасады.

Қай пәннің болмасын жалпы білім беру жүйесіндегі маңызын танытатын сипат   сол пән мазмұны мен қоғамдық-әлеуметтік сұраныс арасындағы сәйкестік болып табылады. Осы тұрғыдан келгенде мемлекеттік тіл ретіндегі қазақ тілін кәсіби бағытта меңгерту мәселесі өзекті деп саналады.  


Ұқсас жұмыстар

Жарық көздері
Компьютердің архитектурасы
Магнитті оптикалық дисктер
Химиялық зат
Экскаваторлар. Жіктелуі, қолданылу облысы
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕЛЕРДЕ МАРИИ МОНТЕССОРИ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ
Жартылай өткізгіш лазерлер
ҚАЛДЫҚТАРДЫҢ ТҮЗІЛУІ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ӘСЕРІ
Монтессори әдісі
Жарық диодының жиынтығы мен конструкциясы