Кеңестік және шетелдік психологтардың еңбектеріндегі мектепке даярлау мәселесі

 И.Н. Гуткинаның «Мектепке психологиялық даярлық» деген кітабында ол мектепке психологиялық даярлықты мотивациялық (себеп салдарлық), жас ерекшелік және гинетикалық себептерге негізделген тұжырымдамадан тұрады деп түсіндірген.

         1. Жас ерекшелік себебі адамның жасын дамудың ішкі және сыртқы  факторлардың ереше үйлесімі ретінде түсінуді көрсетеді.Ол нақты бір жас кезеңдегі психикалық дамудың заңдылықтарын анықтайды.Жасты бұлайша түсіну Л.С.Выготскийдің мәдени-тарихи тұжырымдамасында айтылған.

         Л.С. Выготскийдің ұсынған жас ерекшелік түсінігі келесі түсініктерге негізделеді.

v                            Дамудың әлеуметтік жағдайы туралы;

v                            Баланың дағдарыстық жас ерекшелік туралы;

v                            Баланың психикалық дамуын анықтайтын және әр жас кезеңінің аяғында туындайтын психикалық жаңаша түрлену туралы.

Дамудың әлеуметтік жағдайы деп Л.С. Выготский былайша түсінеді:ішкі процестердің дамуы мен сыртқы жағдайлардың ерекше үйлесімі, ол әр жас кезеңнен тән және сәйкес жас ерекшелік кезеңіндегі психикалық дамудың динамикасында, оның аяғында туындайтын жаңа сапалы өзіндік психикалық қалыптасуын да негіздейді.

         Бұл түсінік баланың дамуының дербес ерекшеліктерін түсіну үшін ғана емес, сондай-ақ жас ерекшеліктерін ашып көрсету үшін де маңызыды.Л.И.Божовичтың көрсетуінше баланың жас ерекшелігінің қалыптасуына ортаның әсерін мынандай жағдайда түсінуге болады, егер ортаның өзгеруі мен (мысалы бала бақшадан мектепке өту), баланың өзіндегі өзгерісті де ескерсек, оның одан арғы психикалық дамуына ортаның әсері негіздеген сипатқа ие болады.

         Л.С. Выготскийдің ойынша, баланың дамуындағы ортаның ролін түсіну үшін оған абсолюттік өлшеммен емес, қатыстық өлшеммен қарау керек.Бұл дегеніміз, қандайда бір ортаның әсері баланың әр түрлі жас ерекшелігіне байланысты әрқалай әсер етеді.Осылайша,  Л.С. Выготскийдың ойынша кандай да бір ортаның әсері баланың қандай психологиялық ерекшелігіне ол септігін тигізетініне байланыстыерекшеленуі мүмкін.Бұл ерекшеліктер (дербес және жас) ішкі фактор бола отырып,дамудың шынайы факторы ретінде көрініс береді.Ортаның сыртқы талаптарының баланың өзінің мүмкіншіліктерімен және қажеттіліктерімен қатынасы баланың одан арғы дамуын анықтайтын басты звено болып табылады.

         Дамудың ішкі фокторы  Л.И.Божовичтың көзқарасы бойынша, «баланың ішкі позциясы» деген түсінікпен берілген жүйені ұсынады.Ішкі позиция-баланың өмірде шынайы алатын объективті орнына және ол алғысы келетін орынға деген қатынасымен сипатталады.Ол баланың тәжірибесіне , оның мүмкіншілігіне, қажеттіліктер мен талпыныстарына негізделе қалыптасады және баланың шындыққа, қоршаған ортаға және өз-өзіне деген қатынасының құрылымын негіздейді. Л.И.Божовичтың көзқарасы бойынша ішкі позиция арқылы қоршаған ортадан келеиін әсері өзгереді.

         Балаға ортаның әсер етуі, сондай-ақ ортадан келетін талаптар оның өзіндік қажеттіліктерінің құрылымына кіргенде ғана оның дамуының факторлары бола алады.Бала ортаның талаптарынорындауға тырысады,  «егер оның орындағаны баланың қоршаған ортадағы сәйкес объективті орнымен қамтып қана қоймай, сол орынды иеленуге мүмкіндік берсе онда ол оның ішкі тезициясын қанағаттандырады».

         Баланың жас кезеңінің аяғында болатын өзгерістер психологиялық жаңа түрлену ретінде беріледі және психикалық процестердің дамуында, тұлғада және өзіндік санадағы өзгеріс ретінде тіркелуі мүмкін.

Л.С. Выготскийдың, А.Н. Леонтьвтың және Д.Б. Элькониннің ізбасарлары жас ерекшелік мінездемесіне баланың жетекші іс-әрект туралы түсінікті қолданып, оның ішінде баланың психикалық дамуы жүзеге асады.

Әр жас кезеңіндегі өзіндік жетекші іс-әрекет бөліп көресетеді:

§                                           Сәбилік кезеңдегі – тікелей эмоциялық қатынас;

§                                           Ерте сәбилік шақта – заттың іс-әрекеті;

§                                           Мектепке дейінгі жаста – ойын;

§                                           Бастауыш мекиеп жасында – оқу;

§                                           Жекіншектік жаста – қарым-қатынас;

§                                           Жас өспірімдік шақта – кәсіби оқу.

§                                           Мәтін бойынша тапсырмалар:

1.     Мәтінді оқыңыз

2.     Мәтін бойынша сөздік құрыңыз

3.     Орыс тіліне аударыңыз

Әр жас кезеңіндегі өзіндік жетекші іс-әрекет бөліп көресетеді:

§                                           Сәбилік кезеңдегі – тікелей эмоциялық қатынас;

§                                           Ерте сәбилік шақта – заттың іс-әрекеті;

§                                           Мектепке дейінгі жаста – ойын;

§                                           Бастауыш мекиеп жасында – оқу;

§                                           Жекіншектік жаста – қарым-қатынас;

§                                           Жас өспірімдік шақта – кәсіби оқу.


Ұқсас жұмыстар

Балалардың ересектермен қарым - қатынас типін анықтау
Психология ғылымының кеңестік кезеңдегі даму тарихы
Маугли балалар
Психология тарихының әдістері
Ахмет Байтұрсыновтың мұраларының ғылыми-педагогикалық негіздері
Психологиядағы зерттеу әдістері
Қазақстанда оқушыларға этномәдени білім берудің қалыптасуы мен дамуы
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫ ДАМУЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ
Қазақтың тұрмыс - салт дәстүрі негізінде мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекке баулудың әдістемесі
Кіші мектеп жасындағы балалардың қарым-қатынас сферасы