Мектепке дейінгі балалардың мектепке даярлығы

 Мектепке даярлығы. Мектепке бару бала өміріндегі төңкеріліс кезеңі. Оқушының айырықша ерекшелігі ол сабақтың міндетті әрі қоғамдық маңызы бар іс-әрекет болып табылады. Осы үшін ол мұғалім, мектеп, отбасы алдында жауапкершілік алады. Оқушының өмірі барлық мектеп оқушыларына бірдей қатал тәртіптер жүйесіне бағынады .

         Мұғалім мен оқушының арасында мүлдем ерекше өзара қарым-қатынасорнайды. Мұғалім баланың қызығушылығын тудыратын немесе тудырмайтын тек ересек адамға емес. Ол балаға қойылатын қоғамдық талаптардың ресми иеленушісі болып табылады. Баланың сабақта алатын бағасы, балаға деген жеке қатынасының көрінісі емес, керсінше оның оқу міндеттерін орындаудағы білімін объективті өлшемі нашар баға алғанда тыңдамай кетуге немесе өкіну арқылы орнын толтыруға болмайды.

         Сыныптағы балалардың өзара қатынасы да ойын барысында қалыптасатын қарым-қатынастан өзгеше.Баланың құрдастары арасындағы орнын анықтайтын басты өлшем ол мұғалімнің бағалауы және оқудағы жетістіктері.Сондай-ақ міндетті іс-әрекетке бірлесе қатысу ортақ жауапкершілікке құрылатын өзара қарым-қатынастың жаңа түрін туындатады.Білім меңгеру мен қайта құру, өз-өзін өзгерту жалғыз оқу мақсатында болады.Білім мен оқу әрекеттері дәл осы уақыт үшін ғана емес, болашақ үшін де меңгеріледі.

           Мектепке психологиялық дайын болудың маңызды бір жағы ол баланың еркінің неғұрлым жетілген деңгейі.Әр балада бұл деңгейі әртүрлі болады, бірақ алты жасар баланы ерекшелейтін белгісі, олмотивтер бірлестігі болып табылады.Ол балаға өз мінез-құлқын басқаруға мүмкіндік береді, ал ол бірден 1сыныпқа келгенде ортақ іс-әрекетке кіріп кетуіне мектеп пен мұғалімдер қоятын, талаптар жүйесін қабылдауға қажет.

Мәтін бойынша тапсырмалар:

1.     Көп нүктенің орнына «о» немесе «ө» әрпін қойып жазыңыз:

Б...лашақ, пих...л.. гиялық, б...лудың, ...бъективті, ...лшемі, міндетін ...рындаудағы

    2. Берілген сөздерді  жуан, жіңішкелігіне қарай топтап жазыңыз:

Мектепке, дейінгі, басқару, ортақ, іс -әрекет, талаптар, жүйесі, қабылдау

3       Берілген сөздерге фонетикалық талдау жасаңыз

Балабақшадағы, балалардың, өзара ,қатынасы


Ұқсас жұмыстар

Мектеп жасына дейінгі балалардың психикалық оқуы мен дамуы
Бастауыш мектеп оқушысының мектепке даярлығы
Баланы мектепке даярлау ерекшелігі. Баланың мектепке оқуға дайындығы
Бес-алты жастағы балалардың мекетепке психологиялық дайындық мәселелері
Мектепалды даярлық балаларының оқуға дайындығы
Мектепалды даярлық тобындағы балалардың гендерлік ерекшеліктері
Баланы мектепке психологиялық-педагогикалық дайындаудың негіздерін анықтау
Психикалық дамуы тежелген бастауыш сынып оқушыларының мeктeптeгі жүйeлі oқуғa дaярлығы мен зейінін қaлыптacтыру әдіcтeрін тoптacтыру
Мектепке оқуға дайындықтың психологиялық негізі
6 жасар балаларды мектепке оқытуға дайындау