Мектепке дейінгі жастағы баланың психологиялық танымдық ерекшеліктері

 Мектеп жасына дейінгі баланы оқытуды бастау және дайындау оның маңызды психологиялық заңдылықтарын дамуын есепке алу қажеттілігімен байланысты. Оған баланың жетілген ақыл-ой мүмкіншіліктері мен оны қанағаттандырудың мектепке дейінгі дәстүрлі тәсілдерінің арасындағы пісіп-жетілген қарама-қайшылықты жатқызуға болады.Баланың ақыл-ой аймағы жүйелі оқытуға тек белгілі бір мөлшерде дайын ғана емес, тіпті оны талап етеді. Бұл қарама-қайшылық тұлғаның басқа айырмашылықтарына да таралады. Бұл жаста бала қоғамдық бақылауға жататын іс-әрекет түрінде өзін-өзі бекітуге талпынады және бұрын қолы жетпеген өмір аймағына кіреді. Басқаша айтқанда бала тек оқушы деген жаңа әлеуметтік позицияны қабылдауға ған емес, соған талпынуға дайын.

         Мектепке дейінгі балалық шақтағы сенсорлық даму. Мектепке дейінгі шақ баланың сезімдік тәжірибесінің орасан зор молайып, ретке келу, қабылдау мен ойлаудың адамға тән формаларын игеру, қиялдың күшті даму, ырықты зейін мен мағыналы естің бастамалары  қалыптасу кезеңі болып саналады .

         Үш жастан жеті жасқа дейінгі көру, есту, тері қимыл сезгіштігінің тыбалдырықтарының едәуір төмендейтіні байқалады. Көздің көргіштігі, түстер мен олардың реңдерін ажырату нәзіктігі артып, фонематикалық және жоғары дыбысты естуі дамиды, қол белсенді сезіну мүшесіне айналады.Бірақ бұл барлық өзгерістер өздігінен бола салмайды. Олар баланың бомыстағы заттар мен құбылыстарды олардың сан алуан қасиеттері мен қарым-қатынастарын тесеруге бағытталған қабылдаудың жаңа іс-әрекеттеін игеруінің нәтижесі боып есептеледі.Қабылдау іс-әрекеттері заттар мен құбылыстар қасиеттерін айқындау мен ескеруді талап ететін мазмұнды іс-әрекет түрлерін игеруге байланысты қалыптасады.Форманы, көлемді, түсті көру қабылдауын дамыту үшін аппликация, сурет салу, конструкциялау сияқты әрекеттің жемісті түрлерін айырықша маңызы бар.Сезініп қабылдау мүсіндеу, қол еңбегі процесіне, фонематикалық есту тілдік қарым-қатынас процесінде жоғары дыбысты есту музыкалық сабақтарда дамып жетіледі.

                           Мәтін бойынша тапсырмалар:

1. Мәтінді оқыңыз

2.  Көп нүктенің орнына «н» мен «ң» әрпін қойып көшіріңіз:

...әтижесі, қабылдауды..., оларды..., өздігі...е..., ре...дерін.

3.  Орыс тіліне аударыңыз

               Мектепке дейінгі балалық шақтағы сенсорлық даму. Мектепке дейінгі шақ баланың сезімдік тәжірибесінің орасан зор молайып, ретке келу, қабылдау мен ойлаудың адамға тән формаларын игеру, қиялдың күшті даму, ырықты зейін мен мағыналы естің бастамалары  қалыптасу кезеңі болып саналады .


Ұқсас жұмыстар

12 ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ БЕРУГЕ КӨШУДЕ МЕКТЕПАЛДЫ ДАЯРЛЫҚ ТОП БАЛАЛАРЫН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ
Баланы мектепке психологиялық даярлаудың педогогикалық- психологиялық негіздемесі
Бала дамуында туындаған мәселелерді ескерту
Мектепке дейінгі жастағы балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудың теориялық мәні
Мектепалды даярлық тобындағы балалардың гендерлік ерекшеліктері
Оқушылардың ойлауы және сөйлеуі
БАСТАУЫШ МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Мектепке дейінгі жастағы баланың эмоционалдық саласын дамыту құралдарын қарастыру
Мектепке дейінгі балалардың оқу танымдық іс -әрекетін ұйымдастыруды теориялық тұрғыда негіздеу
Балаларды мектепалды даярлау мәселелері