Мектеп жасына дейінгі баланы бақылау

 Мектеп жасына дейінгі баланы бақылау оның қиялының бай екенін көрсетеді.Бала екі дүние – ақиқат дүниеде және ойындардан суреттерден ойлап тапқан ертектерден көрінетін өздерінің өиялдарында – бірдей өмір сүретін тәрізді ісер туғызады. Осындай алғашқы әсер кейбір зерттеушілерді мектеп жасына дейінгі балаға тән іс-әрекет түрлерінің қайнар көзі қиял болмақ деген пікірге ұрындырады.Алайда, неғұрлым мұқият жүргізілген зерттеулер қиялдың  даму іс-әрекеттің ойын бейнелеу және басқа да түрлерін игерудің себебі емес, нәтижесі екенін көрсетіп береді.Қиялдың бастапқы формалары өте жартымсыз болады және іс-әрекеттің өзін орындау барысында ғана пайда болады.Тек біртіндеп, бүкіл мектепке дейінгі балалық шақта қиял біршама дербестікке ие болады.Баланың қиял бейнелері айқын, көрнекті эмоциялық жағынан бай, бірақ басқарылуы жағынан әзілдесу болып келеді.Қиялды негізгі бағыты оны біртіндеп саналы ниетке бағындырып, белгілі түпке ойларды жүзеге асырудың құралына айналдыру.

         Мектепке дейінгі балалық шақ ырықсыз зейін мен естің басым болатын шағы. Бала өзі үшін тікелей қызықты саналап, эмоциялар қоздыратын нәрселерге зейінді келеді және назарын аудырып, «өзі есті қалатынды» есіне сақтайды. Сөздік пікірлерден гөрі көрнекті бейнелер әлде қайда оңай есте қалады. Тіпті тексті есте қалдыруда мазмұннан гөрі ырық пен ұйқастық көбірек маңызы бар. Алайда бұл мектеп жасына дейінгі бала ырықты зейін мен әдейі есте сақтауға қабілетсіз деген сөз емес.Мектепке дейінгі шақтың соңында зейінді ұзағырақ ырықты басқару мүмкіндігі қалыптасын, жеті жасқа қарай бейнелік еспен теңделетін сөздік мағыналы ес дами бастайды. Бұл баланың іс-әрекетінің әсіресе сабақты жүйелі оқыту жағдайында, жалпы күрделенуімен байланысты. Есті дамытудағы үлкен өзгеріс сәті бала алдында есте қалдыру мақсатын қойып, тиісті тәсілдерін қолдануды бастайтын (мысалы, есте қалдыру үшін сөздерді бірнеше рет қайталайды) арнайы мнемикалық іс-әрекеттің пайда болу.

                   Мәтін бойынша тапсырмалар:

1. Мәтінді мәнерлеп оқып, орыс тіліне аударыңыз.

2. Мәтін бойынша берілген сұрақтарға жауап даярлаңыз.

3. Төмендегі сөздерді  орын тәртібімен орналастырып , сөйлем құраңыз:

 Дейінгі, ырықсыз, зейін мен, балалық шақ, мектепке, естің, шағы, басым, болатын


Ұқсас жұмыстар

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ПЕДАГОГИКА ТУРАЛЫ
Мектеп жасына дейінгі балалардың бойында табиғатқа деген сүйіспеншілікті қалыптастыру
Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие берудің әдістемесі
Экологиялық мәдениет тәрбиесінің тұжырымдамасы
Мектеп жасына дейінгі балалардың дидактикалық ойын арқылы танымдық қабілеттерін дамытуға бағытталған эксперименттік жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі топта дидактикалық ойындар арқылы балалардың танымдық қабілеттерін дамыту
Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие беру
Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту жұмысы
Мектепке оқуға дайындықтың психологиялық негізі
Мектеп жасына дейінгі балалардың оқу–танымдық әрекетін қалыптастыру