Баланың таным іс- әрекеттерінің түрлері

 Таным іс-әрекеттерінің барлық түрлерін жетілдіру баланың тілін дамытуға сүйенеді. Сөз балалар игеретін сенсорлық эталондарды бекітіп, ұғымдар мен түсініктерді тасушы ретінде ойлау процестеріне еніп, логикалық пікірлесу мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді. Сөйлеу қиял қызыметін бағыттайды, ырықтылық элементін енгізе отырып, зейң мен ес алдында міндеттер қояды есте сақтауға мән береді. Сөйлеу арқылы балаға адам зат тапқан жинақтылық тәжірибе, атап айқанда, психикалық іс-әрекеттің өзінің тәжірибесі беріледі.

         Мектепке дейінгілердің психикалық дамуының басты ерекшелігі өткір сезімталдық болып табылады. Біріншіден, мінез-құлық адамгершілік психологиялық нормалары мен тәртіптерін меңгеру, екіншіден баланың  жүйелі оқытудың мақсат пен тәсілін меңгеруге даярлығы. Айта кететіні, бұл кезеңде балада оқып-үйренгісі келетін жағдай туындайды. Бұл кезеңнің сензитивтілігі сауаттылығы меңгеру процесінде де өте айқын көрініс береді. Егер педагог осы сәтті өткізіп алып, сауатын ашуда кешігіп қалса, онда келекшекте оны меңгеруы аса бір қиындықпен жүреді.

         Жоғары айтылған бойынша, осы кезеңде педагогтың мақсатты түрде әсер етуі баланың психикалық дамуын анықтайтын фактор болып табылатыны түсінікті болады.

         Алты жасар баланың мектепке құрайтын жақсы оқуын көп жағдайда оның оған дайындығы анықтайды.

         Психологиялық даярлығын құрайтын негізгі компонеттері ақыл-ой, тұлғалық және даярлығы болып табылады.

                          Мәтін бойынша тапсырмалар:

1.     Берілген сөздерге тиісті жалғауларды жалғаңыз

 (- ның, -нің, -лық, -лік, -тың, -тің)

Бала, психология, кезең, қиындық, дамуы, даярлығы.

       2.   Көп нүктенің орнына «ы» немесе «і» әрпін қойып жазыңыз:

Көлеңкеге тығ...лып,

Көс ...леді күш...гім.

Күн көзіне бұйығ...п,

Маужырайды мыс...ғым.         

3. Сөйлемдерді мәнерлеп оқып, орыс тіліне жазбаша аударыңыз.

Мектепке дейінгілердің психикалық дамуының басты ерекшелігі өткір сезімталдық болып табылады. Біріншіден, мінез-құлық адамгершілік психологиялық нормалары мен тәртіптерін меңгеру, екіншіден баланың  жүйелі оқытудың мақсат пен тәсілін меңгеруге даярлығы. Айта кететіні, бұл кезеңде балада оқып-үйренгісі келетін жағдай туындайды


Ұқсас жұмыстар

Психологтың мектеп алды тобындағы балалармен жүргізілетін жұмысының мазмұны
Бастауыш сынып оқушыларының ұжымдық танымының теориялық негіздері
Педагогика тарихындағы ой-пікірлердегі тәрбие мақсаты
Ерте жастағы (1 жастан 3 жасқа дейінгі) балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған «Алғашқы қадам» бағдарламасы
Жеке тұлғаның дамуы, тәрбиесі және қалыптасуында іс - әрекеттің және қарым қатынастың алатын орны
Кемтар балаларға психологиялық көмек көрсету мәселесі
Педагогика баланың дамуы жайында
Жеке адамның дамуы және қалыптасуы
Тәрбие - жеке адамды дамытудағы басты факторлардың бірі
Мектепке дейінгі жастағы балалар