Мектп жасына дейінгі баланың ақыл-ой даярлығы

 Ақыл-ой даярлығы. Ұзақ уақыт бойы баланың ақыл-ойын дамуы туралы оның сандық көрсеткіші бойынша, оның «аөыл-ой инвертарының» көлемі бойынша есептеген, яғни сөздік қорының саны бойынша.Қазірдің өзінде кейбір ата-аналардың ойынша баласы неғұрлым көп сөз білсе, соғұрлым ол дамыған деп есептеледі. Алайда бұд олай емес.Қазіргі күнгі балалар көп ақпараттың астында қалды, жаңа сөздер мен сөйлемдерді гупка тәрізді өзіңе сіңіріп алады.Олардың сөздіктері тез ұлғаяды, алайда бұл дәл осындай қарқынмен оның ойлауы да дамып келеді деген сөз емес.Мұндай тікелей байланыстылық жоқ .

         Әрине, белгілі бір ой-өріс, тірі және өлім табиғат туралы адам мен оның еңбегі туралы, қоғамдық өмір туралы нақты білім қоры болғаны алты жасар бала үшін фундамент ретінде қажет.Алайда сөздік қоры, арнайы білім мен дағдылар бұл мектепке баланың ақыл-ойы даярлығының жалғыз өлшемі деп ойлау қажет.

         Бар бағдарламалар мен ойлаудың меңгеру баладан оны салыстыра талдай, жалпылай білуді, өзбетті қорытынды жасауды, яғни неғұрлым дамыған танымдық процестердің талап етеді.

         Зерттеуде анықталғандай мысалы, ересек мектепке дейінгі жастағы балалардың меңгерген қоғамда жаслаған сенсорлық эталондар жүйесін пайдалана отырып, заттың сыртқы қасиетін тексерудің кейбір рационалды тәсілдерін меңгереді.Оларды пайдалану балаға күрделі заттарды дифференциялы қабылдауға, талдауға мүмкіндік береді .

         Мектепке дейінгілер ортақ байланыстарды, ғылыми білімнің негізінде жатқан прициптер мен заңдылықтарды түсіне алады.Мысалы, 6-7 жасар бала тек табиғат туралы жеке фактілерді меңгеруге ғана емес, сондай-ақ ағзаның қоршаған ортамен байланысты туралы заттың формасы мен оның қызметі, қажеттілік пен мінез-құлық туралы білімі де меңгеруге қабілетті.Алайда мектепке деңгейлер танымдық іс-әрекеттің жоғары деңгейіне тек егер осы кезеңдегі оқыту ойлау процесінің белсенді дамуына, «жақын арада даму аймағына» бағдарлана дамуына бағытталған кезде жете алады.

         Алты жасар баланың қолынан көп нәрсе келеді, алайда оның ойлау мүнкіншілігін асыра бағалауға болмайды.Ойлаудың логикалық формасы оларға тән болса да, әрі жеткілікті мөлшерде емес.Көру – бейнелік ойлаудың жоғары формасы мектепке дейінгілердің ақыл-ойынының дамуының қорытындысы болып табылады.

                      Мәтін бойыша тапсырмалар:

1. Жаттап алыңыз.

Адамды биік шыңға жеткізетін еңбек.

Біз баға жетпес білім қорын арттырып,

Оны жаңаша түрлендіре білуіміз керек.

Н.Ә. Назарбаев

2. . Мына мақал – мәтелдерді жаттап ал.

а) Өнерлінің өзегі талмас.(Мастер не знает нужды.)

ә) Сабағы жаман жемістің дәні де жаман.(От плохого семени не жди хорошего племени.)

б) Жеті рет өлшеп, бір рет піш.( Семь раз отмер, один раз отрежь)

3. Мәтіннен көптік жалғаулы сөздерді теріп жазыңыз.

9-семинар Баланың ерік жігерінің даярлығы

Ерік жігерінің даярлығы.Болашақ бірінші сынып оқушысының еріктік даярлығын қалыптастыру да ерекше назарын талап етеді.Өйткені оны ауыр еңбек күтіп тұр бала тек өзі қалған нәрсені істеу ғана емес, сондай-ақ мұғалім мектеп тәртібі, бағдарлама талап ететін нәрселерді де орындауы қажет.

         Алты жаста ерік әрекетінің негізгі элементтері қалыптасады: бала мақсат қоя  алады, шешім қабылдай алады, әрекеттің жоспарын белгілей алады, оны орындай алады, кедергілер туындаған жағдайда белгілі бір күш жұмсай алады, өзінің әрекетінің нәтижесін бағалай алады. Бірақ ерік әрекетінің барлық бұл элементтері әлі толық жетілмеген. Мысалға, анықталған мақсаты дұрыс түсінілмеген әрі тұрақсыз мақсатты ұстап тұру көбіне тапсырманың қиындығы арқылы оны орындаудың ұзақтылығымен анықталынады [18,55].

         Алты жаста бала «аз-аздап өзінің әрекетінде материалдық тіклкей әсерін азайтады; әрекет негізінде тек сезім ғана емес, ой мен моральдық сезімдер де жатыр; әрекеттің өз осы арқылы белгілі бір мағынаға ие болып, мінез-құлық болып қалыптасады».

         Балалардың еркін дамуындағы бардық зерттеушілердің айтуынша мектепке дейінгі жаста ойын мотивациясы арқылы мақсатқа тезірек жетеді.

                                Мәтін бойынша тапсырмалар:

1. Мәтінді оқыңыз

2. Тақырып бойынша әңгіме жазыңыз

3. Төмендегі сөздерді буын түрлеріне бөліп жазыңыздар

Балалардың еркін дамуындағы бардық зерттеушілердің айтуынша мектепке дейінгі жаста ойын мотивациясы арқылы мақсатқа тезірек жетеді.


Ұқсас жұмыстар

Педагогикалық технологиялардың құрылымы
Мектеп жасына дейінгі балалардың психикалық оқуы мен дамуы
Дүниетану сабағында бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін дамыту мен жетілдіру тәсілдері
Мектепке оқуға дайындықтың психологиялық негізі
Баланы мектепке даярлау ерекшелігі. Баланың мектепке оқуға дайындығы
6 жасар балаларды мектепке оқытуға дайындау
Балалар психикасының даму сатылары
12 ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДА МЕКТЕПАЛДЫ ДАЯРЛЫҚТЫҢ ҒЫЛЫМИ- ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Мектепалды даярлық тобындағы балалардың гендерлік ерекшеліктері
Балалар психологиясы пәні оның міндеті