Мектеп жасына дейінгі балалардың дамуына жалпы сипаттама

 Мектеп жасына дейінгі баланы оқытуды бастау және дайындау оның маңызды психологиялық заңдылықтарын дамуын есепке алу қажеттілігімен байланысты. Оған баланың жетілген ақыл-ой мүмкіншіліктері мен оны қанағаттандырудың мектепке дейінгі дәстүрлі тәсілдерінің арасындағы пісіп-жетілген қарама-қайшылықты жатқызуға болады.Баланың ақыл-ой аймағы жүйелі оқытуға тек белгілі бір мөлшерде дайын ғана емес, тіпті оны талап етеді. Бұл қарама-қайшылық тұлғаның басқа айырмашылықтарына да таралады. Бұл жаста бала қоғамдық бақылауға жататын іс-әрекет түрінде өзін-өзі бекітуге талпынады және бұрын қолы жетпеген өмір аймағына кіреді. Басқаша айтқанда бала тек оқушы деген жаңа әлеуметтік позицияны қабылдауға ған емес, соған талпынуға дайын.

         Мектепке дейінгі балалық шақтағы сенсорлық даму. Мектепке дейінгі шақ баланың сезімдік тәжірибесінің орасан зор молайып, ретке келу, қабылдау мен ойлаудың адамға тән формаларын игеру, қиялдың күшті даму, ырықты зейін мен мағыналы естің бастамалары  қалыптасу кезеңі болып саналады.

         Үш жастан жеті жасқа дейінгі көру, есту, тері қимыл сезгіштігінің тыбалдырықтарының едәуір төмендейтіні байқалады. Көздің көргіштігі, түстер мен олардың реңдерін ажырату нәзіктігі артып, фонематикалық және жоғары дыбысты естуі дамиды, қол белсенді сезіну мүшесіне айналады.Бірақ бұл барлық өзгерістер өздігіне бола салмайды. Олар баланың бомыстағы заттар мен құбылыстарды олардың сан алуан қасиеттері мен қарым-қатынастарын тесеруге бағытталған қабылдаудың жаңа іс-әрекеттеін игеруінің нәтижесі боып есептеледі.Қабылдау іс-әрекеттері заттар мен құбылыстар қасиеттерін айқындау мен ескеруді талап ететін мазмұнды іс-әрекет түрлерін игеруге байланысты қалыптасады.Форманы, көлемді, түсті көру қабылдауын дамыту үшін аппликация, сурет салу, конструкциялау сияқты әрекеттің жемісті түрлерін айырықша маңызы бар.Сезініп қабылдау мүсіндеу, қол еңбегі процесіне, фонематикалық есту тілдік қарым-қатынас процесінде жоғары дыбысты есту музыкалық сабақтарда дамып жетіледі.

         Қабылдаудың жетіле түсуімен тығыз байланыста баланың ойлауы да дамып отырады. Егер сәбилік шақта ойлау заттық (атап айтқанда, құрылдық) іс-әрекет процесінде жүзеге асса, мектеп жасына дейінгі балада ол практикалық әрекеттің алдын алады. Бұлай болу себебі, бала бұрынғы  тәжірибеде жасалған әрекет тәсілін басқа, бірақ алғашқыда дәлме-дәл келмейтін жағдайда ауыстыруды үйренеді .

         Мектепке дейінгі шақта бала өмірлік мәселелерді үш түрлі: көрнекті-әсерлі, көрнекті- бейнелі және ұғымдарға сүйенген логикалық пірірлесу, тәсілдермен шешеді.Бала неғұрлым жас болған сайын, ол соғұрлым практикалық байқап көрулерді жиі қолданады, есейген сайын ол көрнекті-бейнелі және логикалық тәсілдерді көбірек жүгінеді.

         Мектеп жасына дейінгі баланың ойлауын дамыту  негізіне ақыл-ой әрекеттерін қалыптастыру жатады. Бұл қалыптастырудың басталар жері материалдық заттарды шынайы елестеткен ішкі ықшамдалған әрекеттерге және ақырындап, нақты заттар елестермен немесе ұғымдармен ауыстырылған бүтіндей ішкі жағдайда жүзеге асатын іс-әрекетке ауысады. Сыртқы әрекеттерді осылай интериозациялау жолымен ойдың көрнекті-бейнелі және логикалық ұғымдық формалары пайда болады .

                                     Мәтін бойынша тапсырмалар:

1.     Мәтінді оқыңыз

2.      Орыс тіліне аударыңыз

Мектепке дейінгі шақта бала өмірлік мәселелерді үш түрлі: көрнекті-әсерлі, көрнекті- бейнелі және ұғымдарға сүйенген логикалық пірірлесу, тәсілдермен шешеді.Бала неғұрлым жас болған сайын, ол соғұрлым практикалық байқап көрулерді жиі қолданады, есейген сайын ол көрнекті-бейнелі және логикалық тәсілдерді көбірек жүгінеді.

3.     Берілген сөздермен сөз тіркестерін құрастырыңыз, қазақ тіліне тән      дыбыстарға назар аударыңыз

Мектеп жасына дейінгі,  баланың ойлауын дамыту,    ақыл-ой әрекеттерін қалыптастыру


Ұқсас жұмыстар

Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу
Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесі
Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесінің ғылыми-теориялық негіздері
Мектеп жасына дейінгі жетім балалардың моторлы аясының жағдайы мен түзетудің кейбір жолдары
Дене жаттығуларының техникасы
Әртүрлі жас топтарында сурет салуға үйрету
Балалар психологиясы пәнінен дәрістер
Сюжеттік сурет салу процесінде жоғары мектеп жасына дейінгі балалардың байланыстырып сөйлеуін дамыту
Сәби шақтағы балалардың дене тәрбиесі
Баланың денесін спорттық ойындар арқылы жаттықтыру