Баланың мектепке даярлауда бала бақшамен жанұяның өзара байланысын дамыту жолдары

 Жанұя бүкіл ғасырлар бойы адам баласы тәрбиесінің құралы болып келеді.Сондықтан, ол адам үшін ең жақын әлеуметтік орта болып табылады.Жанұя белгісі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралардың сақтаушысы.Онда бала алғаш рет өмір жолымен танысады, моральдық нормаларын игереді.Сондықтан, үйелмендік өмір жеке адамның азамат болып өсуінің негізі.

         Жанұя тәрбиесіндегі ата-аналардың міндеттері туралы Қазақстан Республикасының Конституциясының 2 тарау 23 бабында былай делінген:

1.     Неке мен отбасы мемлекеттің қорғауында болады.

2.     Балаларын тәрбиелеу мен оларды асырау ата-аналардың етене міндеттері мен құқықтары.

3.     Кәмлетке толған  балалар еңбекке жарамсыз ата-аналарына жәрдемдесуге міндетті және құқылы.

Жанұя оқыту мен тәрбие жұмысындағы мектептің одақтасы.Ол бала тәрбиесі жөніндегі мектеппен тығыз байланыста болуды өте жақсы түсінеді.Өйткені, бала тәрбиесінің отбасында, мектепке нәтижелі болуы осындай ынтымақтастыққа негізделеді.

         Жанұя тәрбиесі – бұл қоғамдық тәрбиенің бір бөлігі, мемлекет алдындағы ата-аналардың борышы.Оған дәлел: балалар мекемелері жөнінде халықтың қажеттілігін  толық қанағаттандыру, балалардың еңбек, спорт лагерлерінің, жас натуралистер станцияларының, ғылыми-техникалық және көркем шығармашылық үйірмелерінің жұмысын кеңейту; анаы, балалық шақта қорғауға ерекше көңіл бөлу; жанұя мүшелерінің демалуы үшін санаторийлердің, демалыс үйлерінің жүйесін кеңейту, аналар жағдайын еске алып, әйелдердің халық шаруашылығына қатысуын үйлестіру.

Мәтін бойынша тапсырмалар:

1. Мәтінді оқыңыз

2. Берілген сөздермен сөз тіркестерін құрастырыңыз

Жанұя, аналар, мекемелер

3. Көп нүктенің орнына "о" немесе "ө" әрпін қойып жазыңыз:

Ж...ндері, ж...ғалтпау, ж...ғары, к...птеген, ...те, қ...лданбалы, ...нер, қ...ғам, к...рме.


Ұқсас жұмыстар

Мектеп пен жанұя бірлігі негізінде оқушыларды жан-жақты дамытудың теориялық негіздері
Тәрбие бағыттылығының ұжымдық идеясы
Семинар практикумның ерекшеліктері
Мектеп пен үйелменнің ынтымақтастық ерекшелігінің маңызы
Бастауыш сынып оқушларының мектепке бейімделуі
Отбасында тұлғааралық қарым - қатынас ерекшеліктерін зерттеу әдістемелерін жинақтау
Бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық қасиеттерін дамыту
Отбасымен жұмысты ұйымдастыру формалары
Оқушы тұлғасының қалыптасу процесінде отбасы тәрбиесінің ролі
Тәрбиеші мамандығының тарихы