Жанұяда баланың тіршілік әрекетін ұйымдастыру мәселелері

 Жанұяда басты мәселелердің бірі – баланың тіршілік әрекетін үйымдастыру.Бұған баланың күн ырығы, міндеттері, қойылған талаптар, оның үй еңбегіне қатысуы, оқу-әрекеті, бос уақытын үйымдастыру жатады.

         Бала өмірін және іс-әрекетін ұйымдастыруда негізгі жағдайларын бірі – ұтымды ырғақ жасау.Күн ырғағы өмір тәртібі, еңбекпен демалыстың парсаттылықпен, кезектесіп өтуі, талаптарды орындау, жақсы әдеттерді қалыптастыру.Күн ырғағы баланы жинақтылыққа, тілалғыштыққа, дәлдікке,мұқияттылыққа үйретеді, денсаулығын нығайтады, еңбек қабілетін жақсартады.Күн ырғағын жасауда ата-ана баланың жасын, үй-жағдайын, денсаулығын, мұғалімдер мен сынып жетекшісінің кеңесін, жанұя мен мектеп ырғағының бірлігін еске алуы тиіс.Жанұяда күн ырғағының негізгі құрамды элементтері – еңбек, демалыс, ойын, сабаққа дайындалу, тамақтану, ұйқы және т.б. дұрыс алмасып отыруы қажет.Сөйтіп, бала белгілі бір уақытта тамақтанып, белгілі бір уақытта ұйықтауы тиіс.Сондықтан, ата-аналар балаларын белгілі бір уақытта сабаққа дайындалуға, ұйықтауға, тұруға, үйретуге, яғни, ырғақ элементтері берік орындауы тиіс.Сонымен, дұрыс ұйымдастырылған күг ырғағы белгілідағдыға үйретеді, яғни әдетке айналады, ал әдет келешекте бала қажетін қанағаттандырады.

         Жанұясының жағдайын және баланың жас ерекшелігін ескере отырып, оны ата-аналар түрлі еңбек іс-әрекеттеріне үйретілуі қажет.Бала жанұя мүшесі, оның өз міндетін адал ниетпен орындауы зор қуаныш.Жанұясының бала еңбегіне артық салмақ түсірмей парасатты ұйымдастырғаны жөн.Үйге берілген оқу тапсырмаларын үнемі орындап отыруға бақылау жасау, көмектесу, балаларды өз бетімен жұмыс істей білуге үйрету.

Мәтін бойынша тапсырмалар:

1. Мәтінді оқыңыз

2. Берілген сөздерді  жуан, жіңішкелігіне қарай топтап жазыңыз:  

Бала, еңбегіне, артық, салмақ, түсірмей, парасатты ұйымдастырғаны жөн


Ұқсас жұмыстар

Жанұя қоғамының ең маңызды тобы, бірлестігі
Жанұяның педагогикалык процесін ұйымдастырудын теориялык негіздері
Бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық қасиеттерін дамыту
Отбасында педагогикалық процестерді ұйымдастырудың теориялық негіздері
Мектеп жасына дейінгі балалардың қарым - қатынас ерекшеліктері мен негізгі формалары
Отбасы тәрбиесін жетілдірудегі педагогикалық ұжым мен отбасының бірлескен қызметі
Жеке тұлғаның тәрбиесі, қалыптасуын зерттеу
Қиын бала ұғымына түсінік
Мектепке дейіңгі балалардың құрдастармен қарым-қатынасына ата - аналардың тәрбие стилінің әсерін зерттеу
Отбасында тұлғааралық қарым - қатынас ерекшеліктерін зерттеу әдістемелерін жинақтау