Жанұяда балаларды тәрбиелеу

 Жанұясында балаларды тәрбиелеудің табысты болуы ата-аналардың өзінің тәрбиелік ықпалын балабақшалармен, мектеппен қалай үйлестіре білуіне байланысты. Балаларды жанұясында тәрбиелеу мектеппен, ондағы педагогтармен тығыз байланысты жасау негізінде жүзеге асырылады. Жанұясына өзінің балаларды тәрбиелеу жөніндегі жауапты міндетін орындауына нәтижелі көмектесу үшін, мектепке дейінгі мекемелермен  педагогтары баланың өсіп жетіліп келе жатқан үй жағдайларымен танысып, ата-аналардың өздерінің тәрбие жұмысын орындауға әзірлік дәрежесін анықтап отыруға міндетті және ортақ тәрбие міндеттерін шешуге принципті, іскер байланыс жасап тұру жөнінде олармен келісіп отыруға тиісті.

         Балалардың рухани байлығы, кіршікшіз тазалығы және күш қуат жағынан жетілетіндігі жарасымды болып үйлесетін жан-жақты дамыған адамдарды тәрбиелеудің қиын міндетін жүзеге асыру отбасынан басталады. Тәрбиелеу мақсатына баланың өмірі мен неше түрлі жұмыстарын жанұясында ұйымдастыру жолымен, тәрбиенің түрлі тәсілдері мен құралдарын қолдану жолымен жетуге болады.Ата-аналармен тәрбиешілердің тікелей ықпалының шешуші маңызы зор.Бірақ, сыртқы жағдайдың: тұрғын үй жағдайының, балабақшалардың қандай рол атқарғанын бағаламай қоймауға болмайды. Бала тәрбиесінде тұрғын үйдің тазалығы, жарықтығы, жылылығы, желдетуі, сондай-ақ, ондағы мебелдің, киім-кешектің, аяқ-киімнің, кітаптардың және тұрмыс пен мәдениеттің таза ұсталуы да маңызды мәселе болып табылады.Ең қарапайым тазалық жағдайларын сақтаудың балалардың қалыпты дұрыс өсуі үшін зор маңызы бар, тазалық жағдайларын сақтау, тұрмыс мәдениетіне, тазалыққа баулуға ықпал жасап отырады.Ата-аналар балаларын үй ішінде тәртіп болуының, жиһаздың, шауашылық және мәдениет тұрмысы бұйымдарының, сондай-ақ, өздерінің киімдерінің таза болуының қамын ойлайтын етіп үйретіп отыруға міндетті.Тұратын үйдің астан кестен болып былығып жатуы, баланың берекесін кетіреді.Тұрмыстағы ретсіздік, тәртіпсіздік баланың мінез-құлқында салақтыққа жетелейді.Бала жанұясының ішінде қарым-қатынастар зор ықпал етеді.Сүйіспеншілік пен татулыққа негізделген өзара қарым-қатынастарды байқаған бала өзін бір түрлі тыныш, бақытты сезінеді.Ата-аналарының қандай да болсын мейрімін, еркелетуін бала қуана қабылдайды.Ата-аналардың арасында татулық болмай, бала олардың таластарының, ал кейде нағыз ұрыс-керістерінің еріксіз  куәсі болған жағдайларда, баланың көңіл-күйі бүзылып бірден күрт түседі.

         Жақсы ұйымдасқан жанұясында өмірдің белгілі бір ішкі тәртібі, яғни еңбек, демалу, тамақтану, сабаққа әзірлену, қыдыру, мәдени көңіл көтеру, дұрыс ұйымдастырылған күн тәртібі болуы тиіс.Бұл ішкі тәртіп жанұясы мүшелерінің санына.Олардың жасына қарай қалыптасады, жанұясы мүшесінің ең кішкентайынан бастап, әрқайсысына белгілі бір міндеттер мен мінез-құлық ережелерін жүктейді.Бұл тәртіп айырықша бір күш жұмсап, ескерту жасап отырмай-ақ орындала береді.Осының нәтижесінде жанұясының мүшесі ортақ мүдделер үшін орындап отыратын жанұясының ішкі тәртібі жасалады.Жанұясы мүшелерінің өзара қарым-қатынастары жақсы болса, оның ішкі өмірі тату-тәтті болса, оның әрбір мүшесі қуанышқа, шаттыққа, бақытты сезімге бөленді.Осындай жағдайда салмақты, байсалды, мейлінше жігерлі, көңіл шат, қиыншылықтарды оңай жеңетін, ұжымшылдық дағдыларды үйренген адамдар өсіп шығады.Ең кішкене кездегі үйренген дағдылар бәрінен де берік орнығады.Жанұясында қалыпты қарым-қатынас сақтаудың, онда ұрыс-керіссіз дұрыс жағдайлардың  болуының ойлау әрқашанда балаларға  жақсы әсер етеді.

Мәтін бойынша тапсырмалар:

1. Мәтінді оқыңыз

2. Төмендегі сөздермен сөз тіркестерін жасаңыз:

   құстар, сүйсіне, азаттық, жаппай, дағдылы, тәсіл, басқыншы, табиғат,сүйіспеншілік.

3. Берілген зат есімдерден сын есімдер жасаңыз:

Бейне, шығарма,  өнер, көңіл, материал, қолдан, технология, табиғат, кешен, ақыл.


Ұқсас жұмыстар

Бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық қасиеттерін дамытудағы жанұяның ролін теориялық - әдістемелік тұрғыда негіздеу
Бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық қасиеттерін дамыту
Жанұяның әлеуметтік - философиялық сипаты
Бастауыш сынып оқушыларының ата - аналарымен жүргізілетін педагогикалық жұмыстары
Педагогика пәнінен дәрістер кешені
Отбасы тәрбиесі мен мектептегі тәрбиенің үйлесімділігі
Оқушыларды жан-жақты дамытуда мектеп пен жанұяның бірлескен педагогикалық жұмыстары
Бастауыш сынып оқушыларының жеке тұлғасын қалыптастыруда отбасы тәрбиесінің әсері туралы
Кіші мектеп жасындағы оқушылардың жеке тұлғасын қалыптастырудың педагогикалық мәселелері
Жанұяның педагогикалык процесін ұйымдастырудын теориялык негіздері