Шылау сөздер

 Шылау сөздер – толық лексикалық мағынасы жоқ, тек сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстырып тұратын немесе сөзге қосымша мән үстеп тұратын көмекші сөздер. Шылау сөздер мағыналарына, қызметіне қарай үш топқа бөлінеді: септеулік, демеулік, жалғаулық шылаулар.

            Септеулік шылаулар өзі тіркесетін сөздің белгілі бір септік жалғауында тұруын қажет етеді. Септеулік шылаулар: үшін, дейін, шейін, кейін, бұрын, арқылы, бірге, қатар, жөнінде т.б.

            Жалғаулық шылаулар сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстырады: және, мен, бен, пен, бірақ, ал, алайда, не, немесе, өйткені, себебі т.б.

            Демеулік шылаулар – сөйлемге күшейту, тежеу, шектеу, сұрау, болжалдық, күмән сияқты қосымша мағына үстейді. Олар: -ма, -ме,-ба,-бе, -па, -пе, -қана, -ғана, -ақ, -ау, -мыс, -міс т.б.

            Негізгі тапсырмалар, сұрақтар:

1.Шылаулардың түрлерін атаңыз.

2. Шылаулар түрлерін пайдаланып 7 сөйлем құраңыз.


Ұқсас жұмыстар

Түркі тілдері
Шылау сөз
Көне түркі тіліндегі шылаулардың лексика – грамматикалық мағынасы
Көне Түркі тіліндегі шылау сөз табының мағыналық түрлері
КӨНЕ ТҮРКІ ТІЛІНДЕГІ ОНЫ ЗЕРТТЕУШІ ҒАЛЫМДАР
Сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстыруы
Қомсыну демеулік шылауы
Салыстыру демеулік шылаулары
Шылау
Қазақ тіліндегі демеулік шылаулардың қызметі