Сөйлем түрлері (хабарлы, сұраулы, лепті, бұйрықты)

 Айтылу мақсатына қарай сөйлемдер хабарлы, сұраулы, лепті, бұйрықты болып келеді. Хабарлы сөйлем – айтылу мақсаты хабарлау, суреттеу, баяндауды білдіретін сөйлемнің түрі. Бұл сөйлемді айтқанда интонация бірте-бірте бәсеңдеп отырады. Сөйлем соңында нүкте қойылады. Мысалы: Күз басталды. Күн де салқындай бастады.

            Бір нәрсе жайында сұрай айтылған сөйлемді сұраулы сөйлем дейміз. Сұраулы сөйлемдер сұрау интонациясы арқылы, сұрау есімдігінің қолданылуы арқылы және ма,ме, ба, бе, па, пе, ша,ше шылауларының қолданылуы арқылы жасалады. Мысалы: Қайда барасыз? Дәрігерді шақырдың ба?

            Бұйрықты сөйлем – біреуге бұйыру, тілек-өтініш ету мақсатында айтылған сөйлем. Бұйрықты сөйлемнің баяндауышы бұйрық рай тұлғасынан жасалады. Мысалы: Енді ол жаққа барғызба.Соны ойласаңшы.

            Лепті сөйлем – сөйлеушінің көңіл-күйін (қуану, ренжу, өкіну, аяу т.б.) білдіріп, ерекше әуенмен айтылатын сөйлем. Мысалы: Астана неткен тамаша! Оқыса жақсы-ау!

            Негізгі тапсырмалар, сұрақтар:

1.Сұраулы сөйлем қалай жасалады?

2.Лепті сөйлемдерге мысалдар келтіріңіз.

3.Сөйлем түрлерін қамти отыра бір күніңізді қалай өткізгеніңіз туралы қысқа әңгіме құрыңыз.


Ұқсас жұмыстар

Қазақ және ағылшын тілдерінде бұйрық мәнінің білдірілуі
Жай сөйлемнің түрлері жайында
Бастауыш сыныпта жай сөйлемді оқыту әдістемесі
Түрткі сұрақты білдіретін сұраулы сөйлемдер
Қазақ тіліндегі сұраулы сөйлем
Сөйлемдердің түрлі грамматикалық құрылымдарда жасалу және қалыптасу ерекшеліктері
Газет мақала тақырыптарын зерттеу
Сөйлем туралы түсінік және олардың түрлері
Сөйлемнің семантикалық құрылымы
Қазіргі қазақ тіліндегі атаулы сөйлемдер