: Төл сөз бен төлеу сөз, автор сөзі. Олардың тыныс белгілері. Диалог.

 Сөйлеуші кейде өз сөзінің ішінде басқа біреудің сөзін не ойын қатыстырып айтып, не жазып отырады. Егер біреудің сөзін сөйлеуші бұлжытпай, ешқандай өзгеріс жасамай, үтір,нүктесіне дейін солай қолданса, ол төл сөз болады: «Біз өзіміз оқытар жас ұрпақты осы тілдерге де үйретуге тиістіміз», – деді .

            Сөйлеуші өз сөзінің ішінде басқаның сөзін өзгертіп, жалпы ойын, мазмұнын ғана сақтап айтса, ол төлеу сөз болады. Мысалы: Өздері оқытар жас ұрпақты осы тілдерге де үйретуге тиіс екенін айтты. Төл сөзді жеткізу үшінқажетті сөзді  автор сөзі дейді. Басқа біреудің сөзі төл сөз болса, сөйлеуші не жазушы адамның сөзі автор сөзі болады. Тыныс белгілері:

1. « Төл сөз », - автор сөзі.

2. Автор сөзі: « Төл сөз ».

3. Автор сөзі:  « Төл сөз », - автор сөзі.

            Төл сөздердің біразы автор сөзінің қатысынсыз да кездесіп отырады. Екі немесе одан да көп адамдардың сөйлескен сөздерін диалог деп атайды. Диалогті сөйлемдер бас әріппен басталады да, алдынан сызықша қойылады.

            Негізгі тапсырмалар, сұрақтар:

1. Төл сөз, автор сөзі дегеніміз не?

2.Тыныс белгілері туралы айтып беріңдер.

3.«Туристік сапарда» тақырыбына диалог құрастырыңыз.


Ұқсас жұмыстар

Коммуникативтік акт шеңберіндегі төл сөздің семантика - интонациялық сипаты
Төл сөздің тыныс белгілері
Жалпы лингвистикадағы төл сөз бен төлеу сөздің негізгі функцияларын айқындай отырып, ағылшын тіліндегі олардың ерекшеліктерін айқындау, олардың ағылшын тіліндегі көркем шығармаларда қолданылу өзгешеліктеріне зерттеу жүргізіп, төл сөздің төлеу сөзге айналу жолдарына зерттеу жүргізу
Төлеу сөз
Төл және төлеу сөздер тыныс белгілері
Сөйлем құрылымында қолданылатын өзге тыныс белгілері
Қазақ тілінің негізгі салалары
Үй жұмысын орындауға көмек, көптеген мысалдар мен нақты ережелер (қазақ тілі)
Әбіш Кекілбаевтың Елең – алаң романындағы монолог пен көркем диалогтың қызметі
ІШКІ МОНОЛОГТЫҢ АВТОР БАЯНДАУЫНДАҒЫ ОРНЫ МЕН КӨРКЕМДІГІ