: Морфология. Сөз құрамы. Түбір. Қосымша

 Сөз құрамы: түбір, қосымша, туралы мағлұмат беру.

  1. Сөз құрамы

Түбір сөз

Қосымшалы сөз

 Біріккен сөз

Қос сөз

су, ат, ана, от

аң-шы, ас-паз,

күз-гі

белбеу, қолғап

Ата-ана, бала-шаға

сөз тіркесі

қысқарған сөз

темір жол,

жалаң бас

Совхоз, партбилет

Қосымша

                                                

                                        Жұрнақ                              Жалғау

                             

                     сөз                          сөз              көптік              жіктік 

               тудырушы          түрлендіруші     септік              тәуелдік

  1. Морфология- сөз таптарын қарастыратын тіл білімінің бір саласы.

Негізгі тапсырмалар, сұрақтар: 

  1. Морфология нені зерттейді?
  2. Сөз құрамы неден тұрады?
  3. Қосымшаның қазақ тілінде неше түрі бар?
  4. Сөз тудырушы, сөз түрлендіруші жұрнақтарға бірнеше мысал келтіру.

1-жаттығу.Сөз құрамындағы түбiр морфема мен қосымша морфеманы ажыратыңыз.

    Үш күндiк жолдың бүгiнгi сщңғы күнiне шәкiрт бала барын салды. Қорықтан күн шыға атқа мiнейiк деп асыққан-ды. Бұны қаладан алып қайтқалы барған ағайыны Байтасты да таң атар-атпастан өзi оятып,тұрғызып едi.

Күнұзын аттан түспей, өзге жүргiншiлерден оқ бойы алда отырған.

Кей-кейде таныс  Көкүйiрiм мен Буратиген, Тақырбұлақ сияқты қоныс құдықтардың тұс-тұсына келгенде, бала оқшау шығып, астындағы жарау құла бестiсiн азығып-азығып та алады /М.Ә /.

2-жаттығу. Әрбiр сөздiң құрамына  талдау жасаңыздар.

    Сахара тiршiлiгiнде ақын, әншi, ойыншы, күлдiргi адамдар көп кездеседi. Абай аулының өзi болса, бұнда неше алуан сырлы сымбат, өнер үлгiлерi бар. Бiрақ, бүгiн бұл ауылдың барша адамдарына анық тамаша қалдырған жаңа өнер көрiндi. Ендiгi сауықтың әрбiр түрiн тың қонақ бастады /М.Ә./


Ұқсас жұмыстар

Морфологияны оқытуда оқушылардың тақырыпты түсінгендігін жаттығу жұмыстары арқылы жүзеге асыру
Негізгі зерттеу нысаны - туынды сөз
СӨЗДІҢ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ ЖАЙЫНДАҒЫ Ы.МАМАНОВТЫҢ ҰСТАНЫМЫ
Сөздің грамматикалық мағынасы
Бастауыш сыныптарда қазақ тілінің морфологиялық жүйесін оқыту арқылы оқушылардың сауаттылығын арттыру
Қазақ тіл білімінің морфология саласы
Морфология саласының теорияларын зерттелу сипаттары
Қазіргі қазақ тілі
Етістіктің жақ категориясы
СӨЗДІҢ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ пәнінен ЛЕКЦИЯ ТЕЗИСТЕРІ