Сын есім. Сапалық, қатыстық сын есімдер.

 Сын есім туралы, сапалық, қатыстық сын есімдер туралы мәлімет беру.

Заттың түсін, сапасын, белгісін, күйін, салмағын, көлемін, исін т.б. қасиеттерін білдіретін сөз табын сын есім дейміз. Негізгі сын есімдерге –түбір сын есімдер жатады.

Сын есімнің туынды түріне сын есімдердің бірігуі, қосарлануы, зат есім мен сын есімдердің тіркесуі арқылы және сын есімге, басқа сөз таптарына түрлі жұрнақтар қосылуы арқылы жасалған сөздер жатады. Мысалы, ауыз жолды, көп балалы, қара көк, жібек көйлекті т.б.

Сапалық сын есімдер                                       Қатыстық сын есімдер.

дәмді                                                                  қысқы

қызыл                                                                 жазғы

жақсы                                                                 жаңбырлы

жұмсақ                                                               боранды

қисық                                                                 айсыз

қышқыл                                                             құмды

момын                                                               желді

 Негізгі тапсырмалар, сұрақтар:

Сын есім қандай сұрақтарға жауап береді?

Қатыстық сын есімдер қалай жасалады?

Сапалық сын есімдерге қандай сын есімдер жатады?

Негізгі, туынды сын есімдерге мысалдар келтіру. 


Ұқсас жұмыстар

Ағылшын және қазақ тілдеріндегі сын есімдердің қолданылу ерекшелігі
Сын есімнің зерттелу тарихынан мағлұмат
Ескерткіштер тіліндегі сапалық сын есімдер
Сапалық сын есімдер
Сын есімнің семантикалық және граматиқалық сипаты
Қазақ және орыс тілдеріндегі сын есімнің түрлері
Сын есімді оқыту барысында оқушыларға ұлттық тәрбие беру
Қатыстық сын есімдер
Зат есім мен етістіктен жасалған сөздер
СЫН ЕСІМНІҢ ГРАММАТИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯЛАРЫ