13. ГЛОСАРИЙ

 Методология – зерттеу, әдіс, ілім деген сөздерден алынған термин

Аударма - әдеби шығарманың бір тілден екінші тілге көшіріліп қайта жасалуыбасқа тілде түпнұсқа негізінде жазылған көркем туында.

Аңдату – (грек тілінен – алғы сөз) - әдеби шығарманың беташары секілді, негізгі уақиғаға тікелей қатынасы жоқ кіріспе бөлігі

Әдебиет теориясы - әдеби шығармашылығының табиғаты мен қоғамдық қызметін зерттейтін және оны талдаудың методологиясы мен методикасын айқындайтын әдебиет жөніндегі ғылымның негізгі салаларының бірі.

Бейнелеу құралдары - әдебиетте көбінесе бұл ұғым сөз қолдану тәсілдері, бейнелі сөздер, мысалы, жалпы түрде құбылту деп аталатын метафора, метонимия, әсірелеу, тұспалдау, астарлау, теңеу, эпитет және стильдік айшықтар, дыбыстық қайталамалар деген мағынада қолданылады.

Дидактикалық әдебиет (грек тілінен үлгілі, өнегелі, ғибратты) ғылыми-танымдық сипатта түзілген көркем шығармалар

Драма (грек тілінен қимыл-әрекет)  - сахнаға арналған уақиғаны, оған қатысушы кейіпкерлердің іс-әрекетін, көңіл-күйін көрсету арқылы баяндайтын әдеби шығармалар.

Ерікті өлең – қалыптасқан өлең өлшемін берік сақтамай, тармақтардың ырғағын еркін өрнектейтін өлең түрі

Жыр – қазақ халық поэзиясының жанрлық түрі, түпкі, негізгі мағынасында өлеңмен баяндалатын, жырлап айтатын уақиғалы, көлемді поэзиялық шығарма (батырлық жырлар, эпостық ғашықтық жырлар)

Идея - әдебиет шығармасында өмірдегі жай-жағдайлар, адам тағдыры баяндалғанда, суреттелгенде жазушының сөз болып отырған мәселелерге қатынасы, көзқарасы

Кейіптеу (олицетворение) - әр түрлі табиғат құбылыстарына, жансыз нәрселерді адам кейпіне келтіріп немесе қалайда жан бітіргендей етіп суреттейтін көркемдік тәсіл

Комедия (грек тілінен – көңілді топ, өлең деген мағынада) – драмалық жанрдың негізгі бір түрі, өмірдегі келеңсіз, жағымсыз құбылыстарды, адам бойындағы міндерді, қасиетсіздщікті, оспадарлықты күлкілі етіп бейнелейтін сахналық шығарма

Кідіріс – сөйлемнің ішіндегі жеке сөз тіркестерін, не сөзді айтқан кезде мағынасына қарап бөліп, аз-кем дауысты іркіп, тыныс алып толастау

Лирика – көркем әдебиеттің негізгі саласының, жанрының бірі, басты ерекшелігі – адамның көңіл-күйін, сезім дүниесін тікелей бейнелеп көрсетеді.

Меңзеу (синекдоха) – аз бен көпті, үлкен мен кішіні ауыстырып, немесе, бүтіннің орнына бөлшекті айту, жекше ұғымның орнына көпше ұғымды алу, алмастыру.

Монография – белгілі бір тақырыпта жазылған, мәселені тереңдеп ашатын ғылыми-зерттеу еңбек

Мысал – айтылатын өнегелі ойды тұспалдап жеткізетін, көбіне өлең түрінде келетін, сюжетті, шағын көлемді көркем шығарма

Новелла – көлемі жағынан әңгімеге теңдес прозалық шығарма, кейде өлеңмен жазылады.

Өмірбаяндық әдіс – жазушының шығармашылығын жеке өмірлік тәжірибесінің көрінісі ретінде қарастырып, оны шығармашылығындағы өзекті мәселе етіп қоятын зерттеу тәсілі

Пейзаж (франц. – ел, жер) - әдеби шығармадағы жаратылыстың, яки табиғаттың әсем көрінісі, көркем бейнесі

Повесть (орыс тілінен баяндау) – оқиғаны баяндап айтуға негізделетін қарасөзбен жазылған, көлемді шығарма, эпикалық жанрдың орташа түрі

Портрет (француз тілінен бейнеленген ) - әдеби кейіпкердің сырт көрінісін, кескін-кейпін, бой-тұлғасын суреттеу

Рецензия (латын тілінен - қарастыру, тексеру)көркем өнер немесе  әдебиет сынының жанры, көркем шығарманы талдап, баға беру, пікір қорыту

Роман (орта ғасырларда латын тілінде емес, роман тілдерінде жазылған шығарма осылай аталған) – сюжеттік құрылымы күрделі, көп желілі, кең тынысты, кейіпкер бейнесін ол өмір сүрген уақыт, ол тірлік кешкен орта ауқымында, жан-жақты мүсіндейтін, басқа прозалық жанрларға қарағанда ұзақ уақытты, байтақ кеңістікті қамтитын көлемді эпикалық шығарма


Ұқсас жұмыстар

Бас жоспардың жел тармақтары
Дифференциалдық теңдеулерді шешудің Ранге-Кутта әдісі
КӘСІПКЕРЛІК ӘЛЕУМЕТТАНУЫ ПӘНІНІҢ ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Экобиотехнология пәнінен дәрістер жинағы
ТУРИЗМДЕГІ КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТІНІҢ НЕГІЗДЕРІ ПӘНІНЕН ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Гидрофильдік зат
Оқушылардың білімі мен білігін жетілдіру сабақтары
Автоматты басқару жүйесіндегі функциялар
Сызықты емес теңдеулер
Машинажасау мамандығының білім алушыларына Машинажасау мамандығына кіріспе пәнінен студенттердің өзіндік жұмыстарын орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар