Әдебиетті оқытудың қысқаша тарихы

 1917 жылға дейін қазақ жерінде үш түрлі мектептің өмір сүргендігі. Олар, атап айтқанда:

Қадым мектебі: оның өзіндік ерекшеліктері, білім берудегі көздеген мақсаты, пайдасы мен кемшіліктері.

Жәдит мектебі: оның қадымша оқытудан айырмашылықтары, білім берудегі артықшылықтары мен жетімсіз жақтары.

Медреселік білім беру жуйесі: оның прогресшіл жақтары.

Ыбырай Алтынсарин – ағартушы ұстаз, тарихи тұлға. Оның халық ағарту саласындағы тарихи тәжірибесі. Ы.Алтынсариннің қазақ тіліндегі оқулықты қажет еткен таза қазақ мектептерін ашудағы еңбегі. Әдебиеттік оқулық жасаудағы "Қазақ хрестоматиясының" (1879) алатын
орны, хрестоматиядағы материалдардың тәрбиелік-өнегелік жақтары. Өз халқының әдебиетін мәдени мұра ретінде тани білу, оны жинап
бастыруы. Ол әлемдік үздік туындыларды қазақ халқының рухани игілігіне айналуына өз үлесін қосып, жасөспірімдерді адамгершілік рухта тәрбиелсйтін аудармалар жасаған
(Л.Н.Толстой, К.К.Ушинский,
И.Паульсон, т.б. енбектерін). Ыбырайдың ағартушылық
көзқарасының қазақтың дәстүрлі мәдениетімен және орыс педагогтары К.Д.Ушинский, Н.А.Корф, Л.Н.Толстой, т.б. тәжірибелерімсн байланыстылығы. Ыбырайдың      оқыту әдістемесіне қосқан жаңалықтары.

Қазақтың ағартушы-демократтарының халық санасын оятуға қосқан тарихи үлесі: Шоқан, Абай, Шәкәрім, С.Кебеев, Б.Өтетілеуов, С.Торайғыров, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, т.б.

Кеңестік дәуірдегі әдебиетті оқыту әдістемесінің  дамуындағы үш кезең:

1917-1927 жылдар. Әдебиет пәнінің кеңестік идеологияны орнықтырушы қоғамтану құралы ретінде оқытылуы. Мақсаты.

1928-1938 жылдар. Отызыншы жылдардың басында әдебиеттің мсктептік жүйеге негізделмеген тарихи-әдебиеттік курс ретінде оқытылу себептері. Оның зиянды зардаптары.

БКП (б) орталық комитетінің 1931-1932 жылдардағы "Бастауыш және орта мектептер" туралы қос қаулысының мектепте әдеби білім беруді жетілдіру, арнайы бағдарламалар, оқулықтар арқылы оқыту тиімділігін арттырудың бағыт-бағдарын белгілеп бергендігі.

Отызыншы жылдардың екінші жартысындағы әдебиетті оқытудың әдебиеттік оқу, тарихи-әдебиеттік курс ретінде алғаш рет жүйелеп берген бағдарламалардың мазмұны мен қүрылысы.

1939-1990 жылдар. КСРО-да халыққа білім беру жүйесін одан әрі жетілдіру, дамыту мақсатындағы 1958 және 1985 жылдардағы мектеп реформалары. Бұл реформалардың мектепте әдеби білім беру ісін жетілдіруге тигізген әсері.

1970-1990 жылдарда әдебиеттің мектепте оқытылу жайы. Орыс әдебиетін оқытудағы әдістемелік тәжірибелердің қазақ мектебіндегі әдебиетті оқыту ісін жетілдіруге және ғылыми-әдістемелік зерттеулердің қанат жаюына тигізген әсер-ықпалы.

1970-1972 жылдардағы "Литература в школе" журналының бстіндегі оқыту сапасын жақсарту, оқытудың жаңа әдістерін іздестіру мақсатындағы пікірталастардың маңызы.

Әр кезеңде мектспке арналған әдебиет пәні бағдарламалары мен оқулықтарын жасаудағы С.Сейфуллин, М.Әуезов, С.Мұқанов, Қ.Жұмалиев, М.Ғабдуллии, С.Қирабаев, Ш.Кәрібаев, Т.Ақшолақов, т.б. еңбектері. Әдебиетті оқыту әдістемесінің негізін қалаудағы Ә.Қоңыратбаев пен А.Көшімбаевтың алатын орны. Олардың ғылыми-әдістемелік мұрасы.

1990-2000 жылдардағы еліміздегі жалпы және орта білім беру жүйесіндегі түбегейлі бетбұрыс. Оның тарихи-әлеуметтік себептері.

Қазақтың ұлттық мектебі тұжырымдамасының дүниеге келуі. Ұлттық мектеп тұжырымдамасы ұсынған болашақ мектеп үлгісі мен білім берудегі жаңа жүйенің кеңестік білім жүйесінен айырмашылықтары. Қазақ мектебінің жаңа үлгісін белгілеп берген тұжырымдама негізінде әдеби білім тұжырымдамасының жасалғаны (1991,1997жж.). Әдеби білім мазмұнын жаңарту бағытындағы жаңа ұстанымдар мен құндылықтар.

Оқытудың жаңа технологиясы. Оның еліміздегі ғылыми-әдістемелік ізденістерді байыта түсуге тигізген ықпал-әсерлері.

Әдеби білім берудегі модульдік жүйе. Оның өзіндік ерекшеліктері. Ғылыми-әдістемелік басылымдар: Қазақ  тілі мен әдебиеті", "Қазақстан мектебі" журналдары мен «Қазақстан мұғалімі» газеті. Олардың мұғалім біліктілігін арттырудағы рөлі.

Ұлт мектептеріндегі қазақ miлi мен әдебиеті мамандыгы үшін қосымша: Қазақ әдебиетінің орыс мектептерінде оқу пәні ретінде 1932-1940 жылдары оқытылуы. Арнайы жасалган алгашқы багдарламалардың маңызы. Қазақ әдебиетінің орыс мектептерінде оқытылуының 1950-1980 жылдардағы жайы. Қазақ әдебиетін орыс мектебінде оқытуға байланысты әдістемелік нұсқаулар, алғашқы оқулықтар жазудагы Н.С.Смирнова, М.С.Сильченко, Ш.Сәтпаева, Х.Әдібаев еңбектері. Қазақ әдебиетінің тарихы жалпы шолу ретінде өтіліп, көркем шығармалардың аударма сапасына жете назар аударылмағаны. Бұл жағдайдың зиянды зардаптарының болғандыгы.

1980-1995 жылдардағы білім беру саласындағы өзгерістердің қазақ әдебиетін оқыту сапасын көтеруге тигізген ықпалы. К.Д.Бейбітова, И.Р.Махракова, Р.Н.Көшенова, Б.Кәріпжанова, М.М.Ермаханова, К.Ы.Сариева, т.б. әдіскер ғалымдардың орыс мектебіне арналған қазақ әдебиеті бағдарламалары, оқулықтарына шолу.

1991-2000 жылдардағы қоғамдағы түбегейлі өзгерістер мен білім саласындағы көзқарастардың қазақ әдебиетін оқытуға серпіліс әкелгендігі. Қоғамда болып жатқан түбегейлі өзгерістер қазақ әдебиетінің өзіндік ерекшелігіне назар аударылып, ұлттық қүндылықтарымыздың оқу жоспарына еніп, басқа ұлт мектептеріне арналған қазақ әдебиеті пәнін тұңғыш рет қазақша оқыту мәселесі. Тәуелсіздік талабына сай орыс мектебіндегі қазақ әдебиетін оқыту мазмұнының қайта қаралғаны, қазіргі жағдайы. 2001 жылы Ы.Алтынсарин атындағы қазақ білім академиясының жалпы орта білім институтының ұйымдастыруымен оқу орыс, ұйғыр, озбек тілінде жүретін жалпы білім беретін мектептердің 5-9 сыныптарына арналган қазақ әдебиеті бағдарламасы, оқулығы байындалуы.

Қазіргі кездегі қазақ әдебиетін оқытуды жетілдіруге байланысты соны әдістемелік ізденістер. Орыс мектебіндегі қазақ әдебиетін оқыту ісіне арналған еңбектерге шолу.


Ұқсас жұмыстар

ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Әдебиетті оқыту әдістерінің топтары
Абайдың қай тап ақыны екендігі
Оқытудың ауызекі әдістері
ЖОҒАРЫ СЫНЫПТАРДА ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ ТАРИХИ КУРСЫН ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Көркем шығарманы оқыту әдістемесі
ӘДЕБИЕТТІ ОҚЫТУДЫҢ АУЫЗЕКІ ӘДІСТЕРІ
ӘДЕБИЕТ САБАҒЫНДА ЖАЗУШЫ ӨМІРБАЯНЫН ОҚЫТУДЫҢ МАҢЫЗЫ
Қазақ әдебиеті жазушыларының шығармаларын меңгертудің тиімді жолдары
Сабақтан тыс жұмыс түрлері