Әдебиет сабақтарында көркем шығармамен жұмыс істеу кезеңдері

 Сабақ және оның кезеңдері. Кіріспе сабақ, көркем мәтінмен жұмыс кезеңі, қорытынды сабақ.

Кіріспе сабақтар. Ерекшеліктері. Сабақ процесіндегі алатын орны. Оларды ұйымдастыруға қойылатын әдістемелік талаптар. Кіріспе сабақтардың  дұрыс  ұйымдастырылуы. Оларға бөлінетін уақыт мөлшері. Кіріспе сабақтарда көркем шығарманың жанрлық ерекшеліктеріне қатысты мәселелердің ескерілетіні.

Жазушы өмірі мен шығармашылығына шолу тақырыптарды, монографиялық тақырыптарды өтеуге қатысты кіріспе сабақтар. Көркем мәтінмен жұмыс кезеңі. Бұл кезеңнің сабақтың кіріспе бөлігімен сабақтастығы. Оқушының мұғалім тапсырмасымен көркем шығарманы алғаш рет өз бетімен оқуының маңызы. Осы өздік оқудағы алғашқы қабылдау нәтижелерінің сыныпта көркем мәтінмен жүргізілетін жұмыс түрлерін белгілеуге негіз болатыны.

Орталау сыныптардағы көркем мәтінмен жүргізілетін мәнерлеп оқу, мазмұндау, салыстырмалы талдау, т.б. жүмыстар кешені.

Жоғары сыныптарда көркем шығарманы оқып-үйретудің жан-жақты талдау арқылы меңгерілетіні.

Талдау түрлері. Мүғалім нақты шығарманы талдау түрін әдеби шығарманың көркемдік табиғатындагы белгілерге сүйеніп айқындайтыны. Көркем мәтінді талдаудың көптүрлілігі. Оқыту әдістерінің талдау нәтижелерінің мазмұнына қарай белгіленетіні.

Қорытынды сабақтар. Олардың кіріспе сабақтармен, көркем мәтінмен жұмыс кезеңімен тығыз сабақтастығы. Қорытынды сабақтардың көркем шығарманы талдаудың шешуші кезеңі екендігі. Алдыңғы сабақтарда берілген әдеби білімнің қорытынды сабақтарда бекітілетіні. Бекіту сұрактарының орны.

Жазушы өмірбаянын оқыту. Көркем шығармада жазушының өміртанымы, көзқарасы, мәдени-рухани деңгейі, эстетикалық мұратының, қаламгерлік қолтаңбасының көрініп тұратыны.

V-ІХ сыныптарда жазушы өмірбаяны оқытылып отырган көркем туындыға қатысты кіріспе әңгіме түрінде өтілетіні. Х-ХІ сыныптарда оның жазушының өмірі мен шығармашылығы түрінде жан-жақты талданып оқылатыны. Жазушының қоғамдық, тарихи-әлеуметтік қызметіне қатысты деректерді меңгертудің жолдары.

Ақын-жазушылардың өмірі мен шығармашылығын оқытуға арналган әдістемелік еңбектерге шолу.

Шолу тақырыптарды окыту. Шолу тақырыптарының белгілі бір кезеңге жататын әдебиет өкілдерінің шығармашылығын өтуге баспалдақ міндетін атқаратындығы. Оларда әдебиеттің даму процесі қоғам омірімен байланыста қарастырылатыны. Шолу тақырыптарын өтуге қажетті маңызды тарихи-әдеби материалдарды таңдап алудың өлшемдері мен әдістемесі. Оқылатын тақырыпқа сай қосымша әдебиеттерді пайдаланудың маңыздылығы.

Шолу тақырыптарының түрлері, олар бойынша жүргізілетін жүмыс формалары. Шолу тақырыптарын етуде әдебиетті оқыту әдістерін пайдаланудың тиімді жолдары.

Шолу тақырыптарын оқыту әдістемесі туралы еңбектерге шолу.

Сабақта әдеби-сын мұраларды пайдалану. Жогары сыныптарда керкем шығарманы оқытуда әдеби-сын еңбектерін пайдаланудың қажеттігі. Оларды пайдалану тәсілдері.

Әдебиет теориясы мәселелерін оқыту. Көркем шығармадағы әдеби-теориялық ұғымдардың қолданысы жазушының сөз қолданыс шеберлігін айқындайтыны. Әдеби-теориялық ұғымдарды меңгерту үшін жүргізілетін жұмыс түрлері. Әдеби-теориялық ұғымдарды танытудың әдіс-тәсілдері. V-ІХ сыныптарда әдебиеттен берілетін теориялық ұғымдардың көлемі.

Әдеби бағыттар. Бұлардың пайда болу, дамуы мен қалыптасуының тарихи-әлеуметтік себептері. Реализм мен романтизм ұғымдарының әдеби шығармадағы көрінісі.

Әдебиет теориясын оқытуға қатысты еңбектерге шолу.


Ұқсас жұмыстар

Көркем шығарманы талдау мен дамыту бағыттары
АКТ технологияларын оқу сабақтарында қолдану жолдары
Көркем шығарма тілі – мектеп жасына дейінгі баланың тілін дамыту құралы
Бастауыш мектепте шығарманы қабылдау деңгейлерін анықтау
Еңбекті толық оқыту немесе арнайы оқыту
Мектеп жасына дейінгі баланың көркем шығарма тілін дамыту
Әдеби теориялық ұғымдарды меңгерту
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Әдебиетті оқыту әдістерінің топтары
Әдеби теориялық ұғым туралы жалпы түсінік