Мектептегі әдебиет сабағы

 Әдебиет сабағы және оның мектептік пәндер жүйесіндегі орны. Оқу қызметін ұйымдастырудағы мақсат-міндеттері. Әр сабақтың өз тұжырымдамасы, логикасы, білімділік, тәрбиелік бағыт-бағдары болатыны. Сабақтың өзіне дейінгі, өзінен кейінгі сабақтармен үзіліссіз, біртұгас білімдік жүйе құратындығы. Мұғалімнің сабақ процесіндегі ізденісі, шығармашылық қызметі. Сабақтың мұғалім-сынып-оқушы қызметіне қатысты дидактикалық принципке негізделетіні.

Қазіргі кездегі әдебиет сабағына қойылатын талаптар. Әдебиет сабақтары, оның ұйымдастырылуы жөніндегі еңбектерге шолу.

Ұлт  мектептеріндегі қазақ тiлі мен әдебиеті мамандығы үшін косымша: Ұлт мектептеріндегі қазақ әдебиетін окытудың жалпы мәселелері. Ол туралы еңбектерге шолу. Орыс тілді сыныптардағы қазак әдебиеті сабағы, онда берілетін әдеби білімнің көлемі, мақсат-міндеттері, өзіне тән ерекшеліктері. Бағдарламаға енгізілген қазақ әдебиеті туындыларының орыс тіліне аударылуындағы проблемалық мәселелер, аударма сапасы жөнінде түсінік беру қажеттігі. Көркем шығармадағы қазақ халқының салт-дәстүрлік ерекшеліктері әдеби материалмен байланыста түсіндірілетіні. Қазақ әдебиеті туындыларын орыс әдебиетінің ұқсас шығармаларымен салыстыра отырып оқып-үйретудің  тиімділігі.Мәтінді меңгертуге арналған әдебиет тапсырмалар жүйесі, мәтінге дейінгі дайындау кезеңі оқушының белсенділігін, қызығушылығын ояту мәселелері, сөйлеу мәдениетіне дағдыландыру, сөздік қорын байыту т.б.

Оқыту әдістемесіндегі ұтымды, қолайлы әдіс-тәсілдерді орнымен пайдалана білу; оқушылардың бағдарлама бойынша алган білім-дағдыларын әрі карай дамытып, тереңдету, өздігінен жұмыс істеу қабілетін тәрбиелеу.

Әдебиет сабағындағы тіл дамыту жұмыстары. Өзіндік ерекшелігі. Тіл дамыту сабақтарындағы пәнаралық байланыс қызметінің маңызы. Мәнерлеп оқу, ауызша мазмұндау жұмыстарының оқушы тілін дамытудағы рөлі. Оқушыны шешендік өнерге баулудың тіл дамыту жұмыстарына қатыстылығы. Әртүрлі жанрдағы шығармаларды оқыту процесінде жеке сөз, сөз тіркестері, сөйлемдермен, образдармен жұмыс істей білуге баулу.

Жазба жұмыстар арқылы тіл дамыту. Жазба жұмыстарының түрлері. Шығарма жазу аркылы окушының аналитикалық ойлау жүйесінің қалыптасатыны. Оқушыны шығарма жазуга үйретудің әдістемелік тәжірибелері. Мазмұндама жаздыру. Оның оқушының әдеби материалды еске сақтау және жүйелі әрі бейнелі мазмұндау тілін қалыптастыратыны.

V-VІІ, VІІІ-ІХ сыныптардағы шығарма жұмыстарының спецификасы. Х-ХІ сыныптардағы тақырыптық, бағдарламалық, шығармашылык, публицистикалық шығарма түрлері. Шығарманың оқушының жазу тілін қалыптастыруға әсер-ықпалы.

Ұлт  мектептеріндегі қазақ miлi мен әдебиеті мамандыгы үшін қосымша: Орыс тілді сыныптарда қазақ әдебиетіне байланысты тіл дамыту жұмыстарының өзіндік ерекшеліктері. Тіл дамытудың ауызша және жазбаша формаларын қолдану арқылы оқушылардың қазақша сөйлеу тілін ұштау мақсатының көзделетіні. Окушының өз ойын жеткізе білуіне керекті сөздік коры, ойын байланыстыруға комектесетін оқулықтар, комекші құралдар. Осының барлығын бағыттап отыратын, жетекшімен бірігіп ізденуге, бір-бірімен бөлісуге лайықты қолайлы орта.

Әдеби ұғымдардың қазақша атауларына қатысты жүргізілетін жалпы сөздік жұмысы. Өтіліп отырған әдеби шығармаға байланысты сөздік жұмыстары. Оқушы тілі мен ойын дамытатын әдеби мәтіндерде кездесетін таныс емес сөздердің мағынасын ашатын жаттығулар, арнайы тапсырмалар беру, ойлауына ықпал жасау, шыгармашылық қабілетін қамту.

Оқушы білімін есепке алу мен бағалау. Әдебиет сабақтарында білім беру мен бағалаудың біртұтастығы. Оқушы білімін бағалаудың шығармашылық сипаты. Оқушы білімін бағалаудағы күнделікті бағалау мен қорытынды бағалаудың мәні.

Білімді әділ бағалаудың оқушының моральдық-психологиялық тұрпатын қалыптастырудағы тәрбиелік әсер-ықпалы.

Үйге тапсырма беру, оны тексеру, бағалаудың критерийлері. Тапсырманың түрлері. Оқушының білім сапасы жыл бойы тоқсандық, жылдық көрсеткіштері негізінде бақыланатыны. Оқушы білімін есепке алу мен бағалаудағы мүғалім жауапкершілігі.

Әдебиет сабағының көрнекілігі. Әдебиет сабақтарында көрнекіліктерді пайдаланудың мақсаты. Көрнекіліктерді сыныпта, сыныптан тыс жұмыстарда, факультатив сабақтарда пайдаланудың елеулі айырмашылықтарының болатыны. Мұғалімнің көрнекіліктерді сыныпта әдеби білім берудің мақсатына орай таңдап алатыны. Көрнекіліктердің түрлері (көру, есту, синтетикалық, т.б.) және олардың пайдаланудың тәртібі.

Сабақта пайдыланылатын техникалық құралдардың түрлері, олардың әрқайсысының қызметі. Әдебиет сабақтарында көрнекіліктер мен техникалық құралдарды пайдаланудың шегі. Оның әдебиет пәнінің өзіндік ерекшелігіне қатысты жақтары.

Сабақта көрнекіліктер мен техникалық құралдарды пайдалану мәселесіне арналған ғылыми-әдістемелік еңбектерге шолу.


Ұқсас жұмыстар

Әдебиет сабақтарының инновациялық түрлері
Дене мәдениеті және спорттың теориясы мен әдістемесі
Музыканы оқытудың әдістері
Әдебиет сабағының түрлері, оны оқытуда қолданылатын әдіс- тәсілдер жүйесі
Әдебиетті оқыту әдістерінің топтары
Мектептегі әдебиет сабағын ұйымдастыру және оның маңызы
Тарихты оқытудың зерттеу әдістері
Мәнерлеп оқуда зор рөл атқаратын интонация
Музыка сабағындағы пәнаралық интеграция элементтері
Жаңартылған бағдарламаларда оқыту мақсаттарын жүйелеу