Мұғалім даярлау жүйесіндегі педагогикалық практика

 Педагогикалық практика – студенттерді мұғалімдік мамандыққа баулудағы жауапты кезең. Студенттің университет қабырғасында алған білімдерін практикамен ұштастыру. Әрбір практикант студенттің мемлекеттік практикадан өту кезеңінде атқаруға міндетті оқу-тәрбиелік шаралары:

- мектептік әдеби білім талаптарына сай орталау (V-ІХ) сыныптардағы әдебиеттік оқу курсын оқушы мен мүғалімнің бірлескен шығармашылық еңбегі негізінде ұйымдастыра білу. Әрбір сабақты оқушының әдебиет пәніне деген сүйіспеншілігін арттыру, қызығушылығын ояту, әдеби-эстетикалық түсінігін қалыптастыру мақсатына құру;

- жоғары сыныптардағы (Х-ХІ) тарихи-әдебиеттік курсты оқытуда оқушы бойында көркем шығарманы оқып-үйренудің, талдаудың, мәтінмен өз бетінше жұмыс жүргізе білудің білімдік-тәрбиелік дағдыларын қалыптастыру, эстетикалық деңгейін көтеру;

- әдебиетті оқытудың мектеп тәжірибесінде қалыптасқан әдіс-тәсілдерін жаңа технологиясымен тиімді ұштастыра білу;

-  өзі бекітілген сынып оқушыларының мінез-құлқы, әдебиетке бейімділігі, оқырмандық қабылдау дәрежесі, т.б. мәселелер бойынша тұрақты бақылау жүргізу. Алынған нәтижелерді сабақ процесінде, сыныптан тыс жұмыстар кезінде пайдалана білу;

- практика барысында пән бойынша ашық сабақтар, сынып жетекшісі ретінде ашық тәрбие сағаттарын өткізу.

- мектеп басшылығымен, педагогикалық практикаға жетекшілік жасаушы ұстаздармен педагогикалық практика кезеңінде тығыз байланыста ынтымақтаса жұмыс істеу.

- педагогикалық практиканың қорытындысы бойынша мектепте және университетте арнайы конференциялар өткізу, жетістік, кемшіліктер жайында төменгі курс студенттеріне насихаттау.


Ұқсас жұмыстар

Мұғалімнің инновациялық іс - әрекетін дамыту жолдары
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРАКТИКАДА СТУДЕНТТЕРДІҢ КӘСІБИ БІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ҒЫЛЫМИ - ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Жоғары мектеп оқытушысын даярлау үрдісі
Мектептегі әдебиет сабағын ұйымдастыру және оның маңызы
Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдiстемесi мамандығы бойынша іс-тәжірибе есебі
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін үздіксіз педагогикалық практика арқылы даярлау
Мұғалім атқаратын қызметі
Болашақ педагогтің құзіреттіліктерін қалыптастырудың педагогикалық негізі
Ұстаз ұлы тұлға
ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНЕ КӨШУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ МҰҒАЛІМНІҢ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІ