Жалпы білім беретін мектептегі әдебиет курсының мазмұны мен құрылысы

 Әдебиет оқу пәні ретінде халықтың көркем тарихын оқып-үйрену арқылы оқушылардың рухани дүниесінің қалыптасып, дамуын көздейтіндігі. Мектептік әдебиет курсының көркемөнердің өмірмен байланысы, өнердегі түр мен мазмұн бірлігі, өнердің тарихилығы, халықтығы турасындағы теориялық, методологиялық принциптерге негізделетіндігі.

Әдебиет пәні бағадарламасының мемлекеттік құжат ретіндегі қызметі. Оның әдебиеттану, педагогикалық-психология, оқыту әдістемесі, т.б. ғылымдардың методологиялық принциптеріне сүйене отырып жасалатындығы. Көркем шығарманы сыныпта, сыныптан тыс уақыттарда оқып-үйрену мәселелері, оқушының білім-білік дағдыларына қойылатын талаптар, т.б. жөніндегі нұсқаулары, әдістемелік аппараты. Ерекше жағдайларда мүғалімнің бағдарламаны шығармашылықпен жетілдіріп пайдалана алатыны.

Бастауыш (І-ІV), базалық білім (V-ІХ) сыныптарында берілетін әдсби білім көлемі, өтілу принциптері мен мақсаты, Х-Х1 сыныптардағы тарихи-әдебиеттік курстың ғылыми негіздері, мақсаты, әдістемелік құрылымы. Базалық білім беру және тарихи-әдеби курстар негізіндегі әдеби білім берудің дамыта оқыту (сатылай, сұрыптай оқыту), көрнекілік, саналылық пен белсенділік, жүйелілік пен бірізділік, т.б. принциптері.

Әдебиет пәні бағдарламаларын мемлекеттік білім стандарты талаптарына сай жетілдіру, білім мазмұнын жаңарту бағытындағы соңғы кездегі әдіскер ғалымдардың ізденістері.

V-ІХ сыныптар курсы. Бұл сыныптардағы оқушылардың психологиялық ерекшеліктері. Жас ерекшеліктері мен өмірлік, оқырмандық тәжірибе өлшемдерінің әдеби-эстетикалық түсінігін айқындауға тікелей қатынастылығы. Орталау сынып оқушыларының жас ерекшелігіне қатысты мәселелердің бағдарламада ескерілу қажеттігі. Осыған орай V-ІХ сыныптарға арналған әдебиет пәні бағдарламасының сатылы жүйелеу принципіне негізделгені. X сыныпта оқылатын шығармалардың оқушылардың үлттық рухани санасын, тарихи танымын, адамгершілік-эстетикалық кеңіл-күйлерін қалыптастыруға ықпалы. V сыныпта әдебиеттік оқудың бастауыш оқумен сабақтастығы. V-IX сыныптардағы базалық білім курсы. Базалық білімнің екі сатыда өтетіні: V-VІІ сыныптардағы әдеби оқу, оның негізгі мақсат-міндеттері, жанрлық-хронологиялық принциптері. VІІІ-ІХ сыныптағы әдеби білімнің әдеби-тарихи негіздегі бастауыш курс болып белгілену шарттары. Тарихи-хронологиялық принциптері.

Оқу аймағына кіретін әдеби материлдардың мазмұны. Көркем шығарманы оқып-үйренуде оның идеялық-көркемдік ерекшелігіне баса назар аударылатыны. Пән аралық байланыс. Оның әдеби білім беру процесіндегі шешуші рөлі.

Оқушының ауызша және жазбаша тілін дамытуға шыгармашылық белсенділігі мен өзіндік ізденістеріне байланысты жұмыс түрлерінің маңызы.

Х-ХІ сыныптар курсы. Тарихи-әдебиеттік курсты оқытуда Х-ХІ сынып оқушыларының жас ерекшелігін ескеру қажеттігі. Жогары сыныптардағы (Х-ХІ) тарихи-әдебиеттік курстың базалық білім курсымен (V-ІХ) тығыз сабақтастығы. Әдебиеттің тарихи курсының аталған сыныптарда кезең-кезеңімен белгілі бір хронологиялық жүйеде оқытылатыны. Базалық білім курсынан тарихи-әдебиеттік курсқа оқу процесінде әдеби білім көлемінің бірте-бірте үлғая, күрделілене түсетіндігі. Ақын-жазушының өмірі мен шығармашылығы және нақты шығармасы идеялық-көркемдік ерекшеліктеріне сай сараланып, жан-жақты талданатыны.

Х-ХІ сыныптардағы әдеби материалдардың шолу және монографиялық формада болуының негізгі себептері.

Х-ХІ сыныптар үшін ұсынылған әдеби шығармаларды мүмкіндігіне қарай тұтастай оқу. XI сынып білім мазмұны XX гасырдың басынан бүгінге дейінгі қазақ әдебиеті туралы толық мәлімет береді. Оның салаларының, жанрларының жан-жақты қамтылуы. Жоғары сыныптарда әдебистті оқытуда әдебиеттану ғылымының жетістіктерін пайдаланудың тиімді жақтары.

Шетел және туыстас халықтар әдебиетін оқыту ерекшеліктері.


Ұқсас жұмыстар

Мектептегі әдебиет курсының мазмұны
Тарихты оқытудың зерттеу әдістері
Зерттеудің көкейтестілігі
Информатиканы продуктивті оқыту әдістері
Химияны оқыту жолдары
Қазақстан тарихы курсының тәрбиелік мәні
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Жаратылыстану-математикалық бағытта бейіндік оқытудың әдістемелік ерекшеліктері
«Биологияны оқыту әдістемесі» пәннің оқу-әдістемелік кешені
Оқушылар білімін тексеру