Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

 - мәтінді талдап оқуға және пікір алысуға ұсынылған шығармаларды өз бетімен оқып, мұғалім басшылығымен зерделеп меңгеруі, пайымдап оқу, дұрыс оқу.

- өлеңдер мен прозалық туындыларды, 10-12 өлең (бұған поэмалар фрагменттері де кіреді), 3-4 прозалық туындылар үзінділерін жатқа айта білуі;

- тегі, жанры әр түрлі туындыларды, оларда бейнеленген оқиғалар мсн кейіпкерлерге өзіндік қарым-қатынас білдіре отырып, мәнерлеп оқи білуі;

- өзіне бүрын таныс емес кез келген мәтінді (шыгарманы) дауыстап та, іштей де дұрыс оқуы;

- жылына талдап оқуға және пікір алысуға ұсынылған ауыз әдебиетінің, Отандық және шетелдік классикалық балалар әдебиеті үлгілерінің мұғалім басшылығымен және оз бетімен кемінде 20-ға тарта туындыларын оқуы;

- оқып зерделенген туындының тектік, жанрлық сипатын білуі;

- әдебиет және фольклор туралы жалпы ұғымдарды, олардың негізгі сипаттарын; қазақ ауыз әдебиетінің басты жанрларының (тұрмыс-салт жырлары, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, ертегілер, аңыз-әңгімелер, шешендік сөздер, эпостық жырлар, лиро-эпостық жырлар) негізгі сипаттарын және әдебиеттің тектерін (эпос, драма, лирика) білуі;

- оқылған лирикалық туындыларға, олардың көркемдік, поэтикалық тіл ерекшеліктерін пайымдай отырып, өзіндік сезінуі, түйсінуі негізінде баға беруі;

- туындыдағы көркем суреттеу, сипаттаулардың (портрет, пейзаж, интерьер және т.б.), баяндаулардың түрлерін, автор позициясын бейнелеу құралдарын (әжуа, мысқыл, сарказм), юмор мен сатира, аллегория түрлерін айыра білуі; оларға қатысты үғымдарды практикалық колдану деңгейінде меңгеруі;

- тақырыбы бір-біріне үндес (жақын) шығармалардың кейіпкерлерін, оқиғаларын (анықтайтын мәселемен байланыстыра отырып) салыстыра пайымдай алуы;

- өлең сөздің құрылымдық элементтерінің (өлшем, ырғақ, ұйқас, шумақ) мән-мағынасын, негізгі ұғымдарын білуі және олардың практикалық қолданыста ажырата алуы;

- мәнерлеп оқудың партитурасын, яғни барлық элементтерін (дауыс ырғағы мен екпіні, олардың бірде жоғары, бірде бәсең болуы) білуі;

- оқылған шағын эпикалық туындының мазмұнын (кейбір стильдік ерекшеліктерін сақтай отырып) толық, қысқаша және іріктеп мазмұндап айтып беруі;

- оқылған, зерделенген мәтіннің, өзінің сөйлейтін сөзінің, шығарма жұмысының жай күрделі жоспарын құра білуі;

- проблемалық сұраққа ауызша немесе жазбаша байыпты жауап беруі, мәтінге сұрақтар мен тапсырмалар түзе білуі;

- әдеби шыгарма бойынша (кейіпкерлер мінездемесі, кейіпкерлерге салыстырмалы мінездеме), сондай-ақ сол шығармалар бойынша салынған иллюстрациялар мен суреттерге негіздеп өз толғамын, көзқарасын білдіре отырып, шығарма жазу.

- әдеби тақырыпқа бір дерек бойынша реферат әзірлеу, әдеби сын мақалаларға конспект жасай білуі.


Ұқсас жұмыстар

Оқыту процесін мамандармен қамтамасыз етуге қойылатын талаптар
Табиғатқа аялы қарым - қатынастарын дамыту
Информатиканың теориялық негіздері
ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Мектеп оқушыларына өзін-өзі тану пәнін оқытудың ерекшеліктері
Адамзаттың рухани тәжірибесі
Информатиканы оқытудың мақсатты жүйесі
Инновациялық оқыту әдістемесі
ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ Бастауышты оқытудың әдістемесі мен педагогикасы мамандығы үшін
Мектеп физика оқулығы бойынша электрондық оқулық