Көркем шығармаларды оқыту

 Мектепте әдеби білім беру заңдылыктарын сақтаудың міндеттілігі (әдеби білім тұжырымдамасы, бағдарлама, оқулық, т.б.). Пәннің функционалдық қызметінің толықтығының сақталуы, білімді ізгілендіру, оқу-тәрбие ісін демократияландыру, әдеби білімінің жүйелілігі мен үзіліссіздігі, ғылымилығы, оқушының жас ерекшелігіне лайықтығы, түсініктілігі, тарихилық ұстанымы, пәнаралық байланыс т.б.

Көркем мәтінді меңгертуде мәнерлеп оқи білуге үйретудің маңызы. Мазмұндау, оның түрлері. Мәтінді меңгертудің талдау-жинақтау арқылы жүргізілетіні.

Көркем шығарманың сыныптар жүйесі бойынша белгіленген әдеби білім көлеміне сай талдау арқылы жүзеге асатыны. Мектептік талдаудың оқушының әдеби қабілетін дамытуға қызмет ететіні. Көркем туындыны талдаудың педагогикалық принциптері. Талдаудың әдебиетті оқытуда кеңінен қолданылып жүрген түрлері. Образ бойынша талдау, оның өзіндік ерекшелігі. Тақырыптық талдаудың тиімді жақтары. Проблемалық талдау. Проблемалық талдаудың оқушыны көркем туындының ішкі әлеміне бойлатудағы айырықша қызметі. Тұтас талдаудың шығармадағы авторлық позицияны көре білуге колайлылығы. Талдау түрлерінің өзара сабақтастығы.

Эпикалық шығармаларды оқыту. Эпикалық шыгармаларды оқытуды ұйымдастыру. Шағын, орта, кең көлемді эпикалық түрге жататын шыгармаларды оқыту әдістемесіндегі өзгешеліктер.

V-VІІ, VІІІ-ІХ, Х-ХІ сыныптарда көркем шығарманы талдауға қойылатын талаптар. Проблемалық оқыту, оның эпикалық шығармаларды меңгертудегі тиімділігі. Проблемалық сүрақтардың кызметі. Проблемалық ситуация әдіс-тәсілдері. Оқытудың проблемалы түрінде іздену принципінің басым болуы, өздік жұмыстар орындалады, оқушылардың ойлау қабілеті дамиды, шыгармашылық қиял, әр түрлі болжамдар туындайды т.б.

Көркем шығарманың көркемдік құндылығы мен тәрбиелік құнарының жан-жақты ашылатыны.

Шығарманың сюжеттік-композициялық желісіне талдау жасау жолдары. Көркем мәтінмен жүргізілетін ауызша және жазбаша тіл дамыту жұмыстарының түрлері. Тіл дамыту жүмыстарының оқушының сөйлеу мәдениетін қалыптастырудағы қызметі.

Эпикалық шығармаларды окытудағы белгілі әдіскер мұғалімдердің кең тараған әдістемелік тәжірибелері.

Драмалық шығармаларды оқыту. Драмалық шыгармалардың жанрлық ерекшеліктеріне тән заңдылықтарымен таныстыру. Драмалық шығармалардың мәтінімен жүргізілетін жұмыс түрлері. Драмалық шығармаларға тікелей қатысты акт, көрініс, шегініс, монолог, диалог, ремарка, т.б. әдеби-теориялық ұғымдар қызметі.

Драмалық шығармалардың көркемдік ерекшеліктеріне талдау жасау жолдары. Драмалық образ, оның керкемдік бітіміне тән ерекшеліктерге назар аударту. Пьесаны сахналық қойылымға айналдырудағы драматург, режиссер, актер, суретші еңбегі.

Драмалық қойылымдағы декорация, музыкалық көркемдеу, т.б. жұмыстардың пьеса мазмұнын күшейтудегі қызметі.

Мектеп жағдайында драмалық шығармаларды оқытудағы әдістемелік тәжірибелер.

Лириканы оқыту. Лириканы мектепте оқытуға арналган әдіскер ғалымдардың еңбектеріне шолу.

Лириканы оқыту әдістемесі шығарманың тақырыптық идеялық мазмұнына, эстетикалық-көркемдік қуатына, сабақтың оқу-тәрбиелік міндеттеріне сай белгіленетіні. Лирика, ондағы ақындық тіл ой нақтылығымен, табиги бояуымен, суреткерлік куатымен сабақ көрнекілігін қамтамасыз етуі.

V-VІІ сыныптарда лириканы оқыту әдебиеттік оқу сипатында ұйымдастырылатыны. Мәнерлеп оқу – лириканы оқып-үйретудегі оның айырықша қызметі. Мәтінмен жүргізілетін жұмыс түрлері.

VІІІ-ІХ сыныптардағы көркем оқу. Бұл сыныптарда оқушы қызығушылығының лирикалық шығарманың азаматтық үніндегі, әлеуметтік мазмұнындағы астарларға, жеке сөз, сөз тіркесіндегі, тұтас сөйлемдердегі көркемдік бояуларды, эмоциялық реңктерді қабылдау қабілетін дамытуға бағытталатыны. Лириканы оқытудағы басты мәселе мазмұн мен форма бірлігін сақтау. Лирикадағы философиялық-эстетикалық, поэтикалық ой арқауын түсіну, шығармадағы шынайы адамдық сезім биігін ұғу.

Х-ХІ сыныптарда тарихи-әдеби курс табиғатына сай лириканы оқытудың күрделілене түсетіндігі. Лирикалық өлеңнің ақын шығармашылығымен тығыз бірлікте, әрі жан-жақты талданатыны.


Ұқсас жұмыстар

Әдеби шығармаларды оқыту әдістемесі
Көркем шығарманы оқыту әдістемесі
Драмалық шығармалар
Әдебиетті оқыту әдістерінің топтары
Драмалық шығармаларды оқыту
Эпикалық шығармаларды оқыту
Драманың өзіндік ерекшеліктері мен сипаттамасы
Әңгіме жанрын оқыту
Эпикалық шығарманың түрлері
Лирикалық шығармаларды оқыту арқылы бастауыш сынып оқушыларының адамгершілікке тәрбиелеу