Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
ҚМКҚ Электротехника колледжі
«Бекітемін»
Электротехника
колледжінің директоры
____________Е.Р.Баль
“____”________2013ж.
Орта мамандық оқу орындарына арналған «Экономика негіздері» пәні бойынша
Оқу- жұмыс бағдарламасы
Мамандық: 0911000 «Тасымалдауды ұйымдастыру және көліктегі қозғалысты басқару»
Семей 2013
БАҒДАРЛАМА ОРТА КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАЛПЫҒА МІНДЕТТІ СТАНДАРТЫ ЖӘНЕ ТИПТІК БАҒДАРЛАМАСЫ НЕГІЗІНДЕ ӨҢДЕЛГЕН 0911000 «Тасымалдауды ұйымдастыру және көліктегі қозғалысты басқару» МАМАНДЫҚТАР ҮШІН 15% ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ҚОСЫМШАЛАР ЕҢГІЗУМЕН ӨҢДЕЛГЕН
БАҒДАРЛАМАНЫ ҚҰРАСТЫРҒАН ОҚЫТУШЫ
Қожабекова Г. Қ.
БАҒДАРЛАМА ӘЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ ПӘНДЕР
( ЦИКЛІНІҢ) КОМИССИЯСЫ МӘЖІЛІСІНДЕ ҚАРАЛҒАН ЖӘНЕ ҚАБЫЛДАНҒАН__________________________________________
ХАТТАМА _______________________________________________
ПЦК МЕҢГЕРУШІСІ ________________________________
__________________________________________________________
КЕЛІСІЛГЕН______________________________________________
Түсінік хат
Осы үлгілік оқу бағдарламасы 22.08. 2002 жылғы тіркеу № 12 Қазақстан Республикасы техникалық және кәсіптік білім берудің Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартына сәйкес әзірленген. Пәнді оқыту мақсаты оқушыларға экономикалық теориясы саласында жалпы білімдерін беру, жалпы ой-өріс құрастыру және экономикалық теориясының принциптерімен, әдістерімен танысу болып табылады.
Пәннің міндеттері:
· Экономикалық теориясының мәні және әдісін оқу
· Әр түрлі мектептермен танысу
· Экономикалық сананың даму тарихи заңдылығын анықтау
· Макро және микроэкономикалық заңдардың байланысын анықтау.
Оқушылар пәннің мазмұнын білуге тиісті, экономикалық теориясының негіздерін, анықтамаларын және заңдарын түсіну.
Пәнді меңгеру мамандықтарында 16 сағат берілген, оның 12 сағаты теориялық сабақтар; 4 сағаты –практикалық сабақтар.
Пәнаралық байланыстар:
«Тарих», «Қазақстан тарихы», «Философия негіздері», «Шетел тілдері», «География», «Құқық негіздері».
Мамандық пәндері:
Пәнді оқу барысында модульдар бойынша деңгейлік дифференция қарастырылған, тестті бақылау жұмысы және үзілмейтін сабақ сайын бақылау енгізілген.
Тақырыптық жоспары
№ |
Тақырыптардың атауы |
жалпы |
Теория-семинар |
практикалық |
|
1. Экономикалық теорияға кіріспе |
|
|
|
1.1 |
Экономика және оның қоғамдағы ролі. Экономикалық теория ғылым ретінде және оның әдістері. |
2 |
2 |
|
2 |
Экономика жүйелерінің жалпы негіздері |
|||
2.1 |
Меншік және әлеуметтік –экономикалық қоғам құрылысы |
2 |
2 |
|
2.2 |
Өндірісті ұйымдастырудың жалпы түрлері |
2 |
2 |
|
2.3 |
Нарық және қызмет атқару заңдары. Нарық субьектілерінің өзара әсер ету түрлері. Бәсеке. |
2 |
2 |
|
3. Өндіріс және жаңа бағаның айналасы. |
||||
3.1 |
Бизнес және оның әлеуметтік-экономикалық маңызы мен ұйымдастыруы. Жеке капиталды жаңадан өндіру. |
2 |
2 |
|
4 |
Табыстарды алғашқы тарату жүйесі. |
|
||
4.1 |
Меншіктен табылған пайда. |
2 |
2 |
|
5. Макроэкономикаға кіріспе |
||||
5.1 |
Ұлттық шаруашылық. Оның ерекшелігі және көрсеткіштері. Ұлттық шаруашылығының экономикалық өсуі. |
2 |
2 |
|
5.2 |
Макроэкономиканың құрылымы. Макроэкономикалық тепе-теңдік. |
2 |
2 |
|
Барлығы |
16 |
12 |
4 |
Пәннің мазмұны.
1. Экономикалық теорияға кіріспе
Экономика және оның қоғамдағы ролі. Ұғымы, экономиканы басты қызметі. Өндіріс және тұтыну. Өндірістің басты факторлары және мүмкіндіктері. Қазіргі өндірістің құрамасы.
Экономикалық теориясының мәні және әдісі.. Экономикалық қарым-қатынастардың түрлері. Экономикалық заңдар. Экономикалық теорриясының қызметтері. Экономикалық сананың негізгі баыттары. Экономика ғылымының әдістемесі.
2. Экономика жүйелерінің жалпы негіздері
Меншік және қоғамның әлеумет-экономикалық сапасы.
Меншік. Меншіктік қатынастардың құрамасы. Меншік-құқықтық қатынастар жүйесі ретінде. Меншіктің бөлінуі. Қазақстандағы меншік реформасы.
Өндірісті ұйымдастырудың жалпы түрлері. Натуралдық және тауарлық өндіріс. Тауар және оның қасиеттері. Игіліктің бөлінуі. Бағаның еңбек теориясы. Баға заңының қызметтері.
Рынок. Әрекеттену заңдары. Бәсекелестік. Рыноктың экономикалық ролі және қызметтері. Рыноктар жүйесі. Сұраныс және ұсыныс заңдары. Бәсекелестің түрлері. Қазақстан бәсекелес рынокқа жету жолында.
Осы тармақты оқып бітірген соң оқушылар
Білу керек: Экономиканың ұғымы және тағайындауы. Өндіріс және оның құрамасы. Тарихтік факторлар және қоғамның даму түрлері. Экономикалық теорияның принциптері және әдістері. Әр түрлі мектептер теорияларын білу. Ең маңызды ұғымдарды білу.
Игере алу керек: Экономиканың ролін талдауды үйрену, экономиканың басқа ғылымдармен өзара байланыстарын анықтауды білу. Ең басты мәселелерді ерекшелеуді үйрену.
Анықтамалар: Экономика. Өндіріс. Тұтыну. Ресурстар және факторлар. Экономикалық заң. Меншік. Тауар. Натуралдық өндіріс. Еңбек. Ақша. Инфляция. Рынок. Сұраныс. Ұсыныс. Бәсекелестік.
3.Өндіріс және жаңа бағаның айналасы.
Микроэкономиканың ұғымы. Кәсіпкерлік және оның экономикадағы ролі. Экономикалық басқарудың өзгешеліктері. Жаңа бағаны өндіру процесі. Қосымша бағаның теориясы. Қаражатты қайта өндіру. Жеке қаражатты кеңітілген жаңа өндірілуі. ҒТП және жинақтаудың пайдалығы.
4. Табыстарды алғашқы тарату жүйесі.
Жалақы. Кірістерді тарату теориялары. Жалақының әлеумет-экономикалық табиғаты. Жалақы түрлерінің ынталандыру ролі. Тарифтік жүйесінің құрамасы. Шынайы жалақы.
Пайда. Пайда қалыптасу факторлары. Жалпы пайда жиыны. Пайда нормасы, оның экономикалық нормасы.
Меншіктен түсетін пайда. Несие көздері және формалары. Банктардың түрлері және қызметтері. Банктік ісінде жаңа жолдары. Банктер пайдасының нормасы. Акционерлік қоғам және құнды қағаздар рыногі. Рента.
Осы тармақты оқып бітірген соң оқушылар
Білу керек: Кәсіпкерлік және оның ролі. Қосылған бағаның теориясын және қайта өндірістің керектігін білу. Жалақының формалары және оның ролі. Наминалды және шынайы жалақы. Бизнесті дамытуда пайданың ролі. Несиелендіру және оның түрлері. Банктардың ролі. АҚ іс - әрекеттердің негіздері және құнды қағаздар рыногінің қызметтері.
Игере алу керек: Бизнесті құруды үйрену. Пайда нормасын табуды үйрену. Несие % есептеу және акциядан түсетін пайданы есептеу.
Анықтамалар: Микроэкономика. Кәсіпкерлік. Қаражат. Қарапайым және кеңітілген қайта өндіру. Амортизация . Жалақы. Шынайы жалақы. Тарифтің жүйесі. Пайда. Несие. Банк. Акция. АҚ. Дивиденд. Рента. Құнды қағаз.
5. Макроэкономикаға кіріспе.
5.1Ұлттық шаруашылық, оның ерекшелігі және көрсеткіштері. Экономикалық өсу. Шаруашылық деңгейлері. Қазақстанда қаржы-өнеркәсіптік топтарды құру. Макроэкономикалық негізгі мәні мен мазмұны. Макроэкономиканың мақсаттары мен көрсеткіштері. ЖҰӨ құрылысы. Ұлттық санақ және ЖІӨ.
5.2 Ұлттық шаруашылығының экономикалық өсуі .Экономикалық өсудің мақсаты және факторлары. Экономикалық өсуді интенсифтендіру. Экономикалық дамудың жаңа белгілері.
5.3 Макроэкономиканың құрылымы. Меншікті қоғамдық өнім. Өндіріс бөлімшелерінің теңестіктігі. Өндіріс салаларының теңестік моделдері. ҒТР және макроэкономикалық құрылыс динамикасы. Қазақстанның ұлттық шаруашылығының құрылым реформасы.
5.4 Макроэкономикалық тепе-теңдік. Макроэкономикадағы теңсіздік. Экономикалық цикл. Экономикалық өсу циклінің сипаты. . Қазақстандағы 90-шы жылдарыдағдарысы және тұрақтандыру бағдарламалары. .Инфляция және жұмыссыздық. Инфляцияны макроэкономикалық реттеу.
Осы тармақты оқып бітірген соң оқушылар
Білу керек: Макроэкономиканың негізгі мінездемелері. Қазақстан экономикасы дамудағы ҚӨТ ролі. Экономикалық өсудің циклдануы. Инфляция және оны ретеу. Әлеуметке нысанған экономика. Өзін өзі реттеу және мемлекеттің ролі. Экономиканы мемлекеттік реттеу. Бюджеттің кірістері мен шығындары. Халықаралық байланыстардың даму қазіргі деңгейі.
Игере алу керек: Ұлттық кірісті және таза өнімді есептеуін білу. Жұмыс істеу және жұмыссыздықтың деңгейін есептеу.
Анықтамалар: Макроэкономика. УҰО, УЖӨ, ҰК, ТӨ. Жұмыссыздық. Экономикалық белсенді адамдар. Мемлекеттік бюджет. Салықтар. Глобалдану. Валюталық курстар. Экономикалық интеграция.
Практикалық сабақтар:
Практикалық сабақтар №1
Өндірісті ұйымдастырудың жалпы түрлері
Практикалық сабақтар №2
Макроэкономиканың құрылымы. Макроэкономикалық тепе-теңдік.
Әдебиеттердің тізімі:
1. Жолдасова Г.И. Экономика негіздері- Астана «Фолиант», 2008
2. Темірбекова А.Б. «Экономикалық теория негіздері»- Алматы: «Экономика», 2008.
3. Әубәкіров Я.Я., Байжуманов Б.Б. «Экономикалық теория»-Алматы: 1999.
4. Шеденов Ө.Қ. «Жалпы экономикалық теория»-Ақтөбе «А-полиграфия», 2004.
5. Мауленова Г.М. «Экономикалық теория»-А., 2002.
6. Борисов Е.Ф «Экономическая теория» М., Юрист. 2001.
«Экономика негіздері» пәнінен тест сұрақтары
1-нұсқа
$ Дамыған елдердегі экономикалық өсудің ең елеулі себеитері:
А) өндірістегі технологиялық өзгерістер;
в) жұмыс уақыты көлемінің өсуі;
с) қолданыстағы капитал көлемінің өсуі;
д) экономикалықөсуге көмектесетін қаржылық-кредиттік және қазынагерлік саясатты жүзеге асыру;
е) жұмыс күшінің мамандық біліктілігінің өсуі.
$. Экономикалық өсу төмендегідей көрсетілуі мумкін:
А) жиынтықты сұраныс көлемінен;
В) өндірістік мүмкіндіктердің қисығының солға қарай жылжуымен;
С) өндірістік мүмкіндіктердің қисығы бойынша нүктесінің қозғалысымен;
Д) өндірістік мүмкіндіктердің ішкі қисығының бір нүктеден екінші нүктеге қозғалысымен;
Е) өндірістік мүмкіндіктердің қисығының оңға қарай қозғалысымен.
$. Кәсіпкерлік-бұл:
А) тәуекелді қызметтің түрі;
В) меншіктен бөлінбейтін;
С) болашағы айтылмайтын қызмет;
Д) кез келген бизнес;
Е) тәуекелмен байланысты және табыс алуға бағытталған шауашылық қызмет.
$. Фирма қызметінің мақсаттарының қайсысы маңызды болып табылады:
А) табыс алу;
В) сатуды көбейту;
С) өнімдердің сапасын көбейту;
Д) қызметкерлердің еңбекақысын көбейту;
Е) адамдардың тұтыну қажетін қанағаттандыру.
$. Кәсіпкер терминін бірінші қолданған:
А) А. Смит;
В) Р.Контильон;
С) Ж.Б.Сэй,
Д) Й. Шумпетер;
Е) А.Тюнен.
$. Кәсіпкерліктің сипатты белгілеріне жатпайтындары:
А) еркіндік пен құқықтың белгілі бір жиынтық субьектісінің болуы;
В) қабылданған шешімдердің тәуекелі мен нәтижелеріне жауаптылық;
С) табыс алуға, коммерциялық жетістіктерге жетуге бағдарлау;
Д) меншікті нысандары түрлерінің және тұрпаттарының көпжақтылығы;
Е) мемлееттің заңдарын айналып өтіп, табыс алуға ұмтылу.
$. Сұраныс заңы көрсетеді:
А) бағасыз факторларға сұранымның тәуелділігін;
В) тауар бағасына сұраныс көлемінің тікелей тәуелділігін;
С) бағадан сұраныстың кез келген тәуелділігін;
Д) тауар бағасынан сұраныс көлемінің кері тәуелділігі;
Е) сұраныстан бағаның кез келген тәуелділігін.
$. Сұраныс заңына сәйкес, сұраныс көлемінің азаюы ненің нәтижесі болып табылады?
А) ұсыныстың көбеюінен;
В) бағаның көтерілуінің;
С) ұсыныстың азаюының;
Д) тұтынушылардың қанағаттану деңгейі.
$. Егер таураға бір уақытта сұраныс пен ұсыныс өссе, онда көбейетіндер:
А) фирманың табыстары;
В) тауар сапасы;
С) санының тепе-теңдігі;
Д) тұтынушылардың қанағаттану деңгейі;
Е) еңбекақы.
$. Нарық шаруашылығының негізгі субьектілері болып табылатындар:
А) өндіріс факторының иелері;
В) өндірістік, сауда жәненесие беруші капиталистер;
С) жалдамалы жұысшылар, капиталистер, жер иелері;
Д) үй шаруашылығы, бизнес және үкімет;
Е) кәсіподақ, кәсіпкерлердің бірігуі және мемлекеттік институттар.
$. Мыналардың ішінде қайсысы нарық тетіктерінің құрылымдық элементтері болмайды:
А) бәсекелестік;
В) сұраныс;
С) ұсыныс;
Д) бұйрықтық жоспарлау;
Е)баға.
$. Нарықтық экономикасында «қалай өндіру» мәселесі шешіледі:
А) өндірушілердің ұмтылысы арқылы пайда алу және соған қарай өндіріс ұстанымын азайту;
В) сұраныс пен қозғалыс арқылы соңғы өнімге белгеленетін баға;
С) өндірісті мамандандыру негізінде;
Д) өндіріс құралдарын экономикада кеңінен қолдану негізінде;
Е) трансакциялық шығындарды қысқарту негізінде.
$. Несиелендіру принциптерін ата:
А) қауырттық, қайтарымдылық, төлемділік;
В) несие белгілі бір мерзімге беріледі;
С) несие қайтару келісімімен беріледі;
Д) кредитор несиеге пайыз есебінде кіріс алады;
Е) барлығы дұрыс.
$. Нарық инфрақұрылымының элементтері болып табылатындар?
А) тауарлық және қор биржалары, еңбек биржасы, сауда үйлері;
В) әкімшіліктер, соттар, прокуратуралар;
С) зауыт пен фабрикалар;
Д) өндірістің материалдық жағдайы;
Е) адамның өмірлік қызметінің жағдайы.
$. Экономикалық теория нені зерттейді?
А) экономика құрылымын;
В) ұйымдастыру-экономикалық және әлеуметтік-экономикалық қатынастар;
С) қоғамның өндірістік күшін;
Д) адамдардың экономикалық мінез-құлқын;
Е) өндіріс тауарларының технологиясын;
$. Экономикалық теория:
А) барлық экономикалық жүйені зерттеу үшін қолайлы;
В) шаруашылықтың тек капиталистік жүйесін зерттеу үшін қолайлы;
С) социализмге тән экономикалық қатынастарды зерттеу кезінде пайдалы болуы мүмкін емес;
Д) қоғамның өндірістік күштерінің өзгерістерге ұщырауын зерттейді;
Е) тек индустриаландыруға дейінгі жүйені зерттеуге ғана жарамды.
$. Экономикалық ғылымның әдістерін түсіну мыналарды қамтиды:
А) тәжірибе жүргізу; В) нақты деректер жиынтығы;
С) пәннің құрылымы; Д) ғалымның әлемдік көзқарасын белгілеу;
Е) барлық танымдық құралдар жиынтығын оңтайлы қолдану әдістері.
$. Индукция дегеніміз не?
А)экономикалық пайда алуға ғылыми көзқарас; В) жалпы жағдай негізінде жекелік дәйектілеу;
С) тәжірибенің ғылыми негізділігі; Д) экономикалық-математикалық моделдерді әзірлеу;
Е) жекелік негізінде жалпы жағдайға шығару.
$. Дедукция дегенміз не?
А) жалпы жағдай негізіндегі жекелік дәйектеу;
В) жекелік негізіндегі қағидалардың жалпы жағдайын шығару;
С) бекітуді қарапайымдылау; Д) экономикалық үдерістерді моделдеу;
Е) экономикалық оқиғаларға тарихи көзқарас.
$. Өндірістің негізгі факторлары мыналар болып табылады:
А) жер, адамдар, ауа, адамдардың идеяла В) еңбек ,жер, капитал,кәсіпкерлік қабілет;
С) еңбекақы, капитал, пайыз, табыс; Д) қаржы, валюта, пайыз, рента;
Е) макроэкономика және микроэкономика.
$. Қайта өндіру-бұл:
А) өндірістің өзі; В) өндірістің үнемі қайталанатын үдерісі;
С) өндіріс және айырбас; Д) өндіріс және бөлу; Е) өндіріс және тұтыну.
$. Иелену құқығын қалай сипаттауға болады?
А) мұрагерлік игілікті беру құқығы;
В) заттардан пайдалы ерекшеліктерін шығару құқығы;
С) заттар тағдырын анықтау құқығы;
Д) игіліктерді тұлғалық бақылау құқығы;
Е) обьектіні пайдалану мүмкіндішіганықтау құқығы.
$. Мемлекеттік меншікті жекешелендіру-бұл:
А) мемлекеттік меншікті жекешеге айналдыру;
В)Мемлекеттік меншікті ұжымдық еншікке айналдыру;
С) қоғамдық меншікті басқаға айналдыру;
Д) жеке меншіктің қалыптасу үдерісі;
Е) мемлекет қрамағынан алу үдерісі.
$. Еңбекақының кесімді нысан мынаған қатысты:
А)уақыт бойынша;
В)айы бойыншы;
С) сағаты бойынша;
Д) күндік;
Е) көтеріңкі.
$. Пайыз мөлшерлемесі:
А) несиелі капитал сомасының, пайызда көрсетілмеген, несиелі капиталистің табыстарының сомасына қатынасы;
В) несиелі капитал сомасының, ақшада көрсетілген, несиелі капиталистің табыстарының сомасының қатынасы;
С) несиелі капитал сомасының, пайызда көрсетілген, несиелі капиталистің табыстарының сомасына қатынасы;
Д) несиелі капитал сомасының, тауарда көрсетілген, несиелі капиталистің табыстарының сомасына қатынасы;
Е) несиелі капитал сомасының, пайызда, несиелі капиталистің табыстарының сомасына қатынасы.
Тест сұрақтарының дұрыс жауаптары:
Сұрақтардың жауаптары |
1-нұсқа |
2-нұсқа |
1 |
А |
А |
2 |
Е |
С |
3 |
Е |
Д |
4 |
А |
Е |
5 |
В |
Д |
6 |
Е |
А |
7 |
Д |
С |
8 |
В |
С |
9 |
С |
А |
10 |
Д |
В |
11 |
Д |
В |
12 |
А |
Е |
13 |
А |
А |
14 |
А |
Д |
15 |
Д |
Е |
16 |
А |
Д |
17 |
Е |
А |
18 |
Е |
А |
19 |
А |
А |
20 |
В |
Д |
21 |
В |
А |
22 |
Д |
С |
23 |
А |
Д |
24 |
Е |
Д |
25 |
С |
А |
«Экономика негіздері» пәнінен тест сұрақтары:
2-нұсқа
$ .Экономикалық категория ретінде ақша дегеніміз не?
А) бұлжалпы балама рөлін орындайтын тауар;
В) натуралды табиғи өнім;
С) еңбектің алтынмен көрсетілген құны;
Д) бұл осы тауар үшін сатып алынатын еңбек саны;
Е) барлық жауап дұрыс.
$. Төмендегілердің қайсысы тауар болып табылады?
А) табиғат сыйы;
В) ауа;
С) айырбастауға арналған еңбек өнімі;
Д) зауытішілік айналымның жартылай фабрикаттары;
Е) табыс әкелетін стаушының шығарған өнімі.
$. Макроэкономика экономикаға тән қандай құбылыстарды зерттейді?
А) инфляция;
В) экономикалық өсу;
С) Жұмыссыздық;
Д) барлығы дұрыс;
Е) жауап жоқ.
$. Макроэкономика тұлғаларын ата:
А) үкімет, кәсіподақ;
В) өндірушілер және тұтынушылар;
С) орталық банктер;
Д) мемлекет;
Е) барлығы.
$. Ақша тауар құнын өлшеуде мынадай қызметатқарады:
А) ақшаның тұрақтылығы;
В) ақшаның құнсыздануы;
С)ақшаның біртектестігі;
Д) құн өлшеуші құралы;
Е) ақшаныңбөлінімділігі.
$. Тауарға бағаның көтерілуіне байланысты ақшаның құнсыздануы бұл-
А)инфляция;
В)дифляция;
С)билинтализм;
Д) монаментализм;
Е)дұрыс жауабы жоқ..
$.тұтыну құнының анықтамасы:
А) тұтыну қасиеттері, мән-мазмұн бірлігі;
В) зат, тұтынуу игіліктері;
С)адамдардың қажетін өтеу қасиеті, пайдалылығы;
Д) дұрыс жауап жоқ;
Е) а,с.
$.Жеке меншік бұл-
А) кәсіпкерлікті ынталандыру;
В)бәсекенің дамуы;
С) өз меншігін сақтау мен ұлғайтуға ынталандыру;
Д) жеке табыс табу;
Е) өндірістің тиімділігінің негізі.
$. Қоғамдық меншіктің негізгі түрлеріне мыналар жатады:
А) мемлекеттік және муниципалдық;
В) акционерлік және кооперативті;
С) мемлекеттік және акционерлік;
Д)кооперативтік және акционерлік;
Е) мемлекеттік және ортақ..
$. Меншік субьектісі дегеніміз:
А) меншік қатынасының белсенді жағы;
В) меншік обьектілерін иемденеді;
С) меншік қатынастарының әртүрлі обьектілері;
Д) жауап жоқ;
Е) барлық жауап дұрыс.
$.Коммерциялық фирмалардың мақсаты не?
А) мақсат қойылмайды;
В) пайда алу;
С) қоғамға елшілес және тәуелді қызмет етуі;
Д)а және в;
Е) барлығы да дұрыс.
$. Кәсіпкерлік іспен айналысудағы қажеттілік:
А) ақша;
В) тұтынушылардың қажеттілігін сезіне білу;
С) ұшқыр қиял;
Д)капитал;
Е)барлығы дұрыс.
$.Интенсивті өсу дегеніміз не?
А) техника және технологияны толық жетілдіру арқылы ұлттық өнімнің көбеюі;
В) өндіріс қуатының өсуі нәтижесінде өндіріс факторының пайдаланылу санының өсуі және техника мен технологияның жетілуі;
С) қосымша өндіріс факторын тарту арқылы ұлттық өнімнің көбеюі;
Д) өндірістің қайта құрылуы;
Е) ақша қаражатын фирмаға салу.
$. Жалпы ішкі өнім дегеніміз не?
А)өндіріс, бөлу, айырбас,тұтынудың біртұтастығымен;
В) ұлттық табысты нарықтық баға бойынша анықтау үшін қосылады;
С) ұлттық табыс +жанама салықтар;
Д) сол мемлекеттің аумағында орналасқа қызмет өрісінің және материалдықөндіріс саласының ақтық өнімнің жиынтық құны ретінде есептелінеді;
Е) негізгі өндірістік және өндірістік емес қорлар.
$. Экстенсивті өсудің түрлерін ата:
А) экстенсивті;
В) интенсивті;
С) аралас;
Д) микро және макро;
Е) а, в, с.
$.Мемлекеттік бюджетті ата:
А) үкімет қолындағы ақша ресурстарының орталықтанған қоры;
В) сол елдің ақша қоры;
С) әлеуметтік –экономикалық мақсаттағы шығындар;
Д) а, в;
Е) барлығы дұрыс.
$.Қарызға ақша бергені үшін алынатын төлем:
А) несиелік пайыз;
В) банк пайызы;
С) несие;
Д) төлем пайызы;
Е) барлығы дұрыс.
$. Несиелендіру принциптерін ата:
А) қауырттық, қайтарымдылық, төлемділік;
В) несие белгілі бір мерзімге беріледі;
С) несие қайтару келісімімен беріледі;
Д) кредитор несиеге пайыз есебінде кіріс алады;
Е) барлығы дұрыс.
$. Несиелендіру процесіндегі әрекет етуші екіжақты ата:
А) кредитор және дебитор;
В) қауырттық және қайтарымдылық;
С)кредитор және қайтарымдылық;
Д) қауырттық және дебитор;
Е) дұрыс жауабы жоқ.
$. Лизинг дегеніміз:
А) үкімет қолындағы ақша ресурстарының орталықтанған қоры;
В) ақша салу және оны орналастыру;
С) халыққа акция сату процесі;
Д)мүлікті уақытша пайдалануды, арендаға беру немесе алуды білдіреді;
Е) ьарлық жауап дұрыс.
$. Жалпы ұлттық өнім дегеніміз:
А) елдің бір жыл ішінде өндірген барлық дайын тауар және қызметтердің жиынтық, нарықтық құны;
В) өндіріс, бөлу, айырбас,тұтынудың біртұтастығымен;
С) ұлттық табысты нарықтық баға бойынша анықтау үшін қосылады;
Д) ұлттық табыс +жанама салықтар;
Е) сол мемлекеттің аумағында орналасқа қызмет өрісінің және материалдықөндіріс саласының ақтық өнімнің жиынтық құны ретінде есептелінеді.
$. Егер таураға бір уақытта сұраныс пен ұсыныс өссе, онда көбейетіндер:
А) фирманың табыстары; В) тауар сапасы; С) санының тепе-теңдігі;
Д) тұтынушылардың қанағаттану деңгейі; Е) еңбекақы.
$. Нарық шаруашылығының негізгі субьектілері болып табылатындар:
А) өндіріс факторының иелері;
В) өндірістік, сауда жәненесие беруші капиталистер;
С) жалдамалы жұысшылар, капиталистер, жер иелері;
Д) үй шаруашылығы, бизнес және үкімет;
Е) кәсіподақ, кәсіпкерлердің бірігуі және мемлекеттік институттар.
$. Мыналардың ішінде қайсысы нарық тетіктерінің құрылымдық элементтері болмайды:
А) бәсекелестік; В) сұраныс; С) ұсыныс; Д) бұйрықтық жоспарлау;
Е)баға.
$. Нарықтық экономикасында «қалай өндіру» мәселесі шешіледі:
А) өндірушілердің ұмтылысы арқылы пайда алу және соған қарай өндіріс ұстанымын азайту;
В) сұраныс пен қозғалыс арқылы соңғы өнімге белгеленетін баға;
С) өндірісті мамандандыру негізінде;
Д) өндіріс құралдарын экономикада кеңінен қолдану негізінде;
Е) трансакциялық шығындарды қысқарту негізінде.