оқу-жұмыс бағдарламасы

             Қазақстан Республикасының  білім және ғылым министрлігі

                            «Элекротехника колледжі» КМҚК

                                                                                          

                                                                                                                                                                                                                                                         

   Тіркеу      ______                                          «Бекітемін»

                                                                   Электротехника колледжінің

                                                                    Директоры

                                                                     ___________ Е.Р. Баль

                                                                     «    »_________20__ж.

      «Көлік экономикасы және өндірісті басқару» 

пәніне арналған

оқу- жұмыс бағдарламасы

Мамандық: 1203000 «Тасымалдауды ұйымдастыру және

көліктегі қозғалысты басқару»

                                                    Семей       2013 жыл

.

Бағдарлама техникалық кәсіптік білім берудің жалпыға міндетті стандарты және типтік бағдарламасы негізінде «Көлік экономикасы және өндірісті басқару»  пәні бойынша1203000 «Тасымалдауды ұйымдастыру және көліктегі қозғалысты басқару» мамандығы үшін                              15% өзгерістер мен толықтырулар енгізілумен өңделген.

Оқытушы: Қожабекова Г.Қ.

Бағдарлама әлеуметтік-гуманитарлық пәндік циклдік комиссиясының отырысында қаралды__________________________________________

_____________________________________________________________  

                            

ХАТТАМА№_________________________________________________

ПЦК МЕҢГЕРУШІСІ:____________________________Гидулян Н.Л.

КЕЛІСІЛГЕН:_________________________________________________

                                              

  Түсінік хат

   «Көлік экономикасы және өндірісті басқару» пәнін оқыту мақсаты- оқушылардың теориялық және практикалық білімдерін құрастыру.

  Олардың мамандықтарына байланысты өндірістік жағдайларда шешім қабылдауын үйрену және кәсіпорындардың жұмыстарындағы ерекше мәселелерді шеше білу.

     Курстың маңызды мақсаттары:

-         шаруашылық экономикасының ерекшелігін түсіну;

-         темір жол көлігінің меңгеру жұмысында негізгі қызметтерін және принциптерін білу;

-         шаруашылықтың маңызды бағыттырын ұйымдастыру;

-         экономикалық көрсеткіштерін есептеуін және талдауын  білу.

  Оқушылар шаруашылықты істейтін экономикалық заңдарын білуге тиісті және алған білімдерді болашақ мамандықтарында қолдана алулары керек.

   Пәнаралық байланыстар «Нарық экономикасының негіздері», «Қазақстан тарихы», «Темір жолды электрмен жабдықтау», «География», «Қосалқы станциялар», «Еңбекті қорғау», «Макроэкономика», «Микроэкономика», «Маркетинг», «Менеджмент».

                               

                                 

                                     Тақырыптық жоспар

Тақырып пен бөлімдердің атаулары

               Сағат саны

Барлығы

Теория

Практикалық

4 семестр

1.

1-тарау. Қоғамдық өндіріс жүйесіндегі көлік және оның экономикалық ерекшеліктері.

1.1

Кіріспе. Көлік материалдық өндіріс саласы ретінде. Өндіріс үрдісіндегі және қоғам өміріндегі көліктің рөлі.

2

2

1.2

Қазақстанның көлік жүйесі және оның сипаттамасы.

2

2

1.3

Темір жол көлігіндегі жоспарлау мен жобалау.

2

2

1.4

«Қазақстан теміржолы» АҚ-ң көлік саясатының негізгі бағыттары

2

2

2

2-тарау. Теміржол көлігінің  өндірістік-қаржылық іс-әрекетінің сипаттамасы. Теміржол көлігінің техника- экономикалық көрсеткіштері.

2.1

«Қазақстан теміржолы» АҚ-ң құрамына кіретін филиалдар кәсіпорындарының сипаттамасы.

2

2

2.2

Негізгі қорларды тиімді пайдалану көрстекіштерін есептеу. Айналым құралдарын тиімді пайдалану көрстекіштерін есептеу

2

2

Барлығы

12

8

4

5 семестр

2.3

Теміржол көлігіндегі пайдалану жұмыстарының көлемді көрсеткіштері.

2

2

2.4

Теміржол көлігінің табыстары, олардың құрамы мен қалыптасуы.

2

2

2.5

Теміржол  тасымалының өзіндік құны.

2

2

3

3-тарау. Еңбекті жоспарлау мен ұйымдастыру.

3.1

Еңбекті ұйымдастыру негіздері. Еңбек өнімділігі, оның өлшемі, еңбек өнімділігін жоғарылату жолдары.

2

2

4-бөлім. Еңбекақының ұйымдастырылуы мен жоспарлануы.

4.1

Еңбекақы түсінігі. Еңбекақы төлеудің принциптері. Еңбекақы жүйесінің нышандары.

2

2

5-бөлім. ААҚ «Жолаушылар тасымалы» және «Жүк тасымалы»  бөлімдерінің филиалдарының  өндірістік-қаржылық іс-әрекеттерін жоспарлау.

5.1

«Жүк тасымалы»  бөлімдерінің филиалының  негізгі мақсаттары мен міндеттері

2

2

5.2

«Қазақстан Темір жолы Жүк тасымаланың» бөлім филиалының жоспары

2

2

5.3

ААҚ «Жолаушылар тасымалының» негізгі мақсаттары мен міндеттері

2

2

Барлығы

16

10

6

6 семестр

5.4

Станцияның  жоспар-болжамы

2

2

6-бөлім. ЖАҚ «Қазақстан темір жолы ҰК»  кәсіпорындарында өндірістік-қаржылық іс -әрекетінің есебі мен талдауы.

6.1

Аудит.  Ревизия. Бақылау.

2

2

6.2

Станцияның өндірістік-қаржылық іс-әрекетінің есебі мен  техника-экономикалық талдауы.

2

2

6.3

Станцияның өндірістік-қаржылық іс-әрекетінің есебі мен  техника-экономикалық талдауы.

2

2

6.4

Станцияның өндірістік-қаржылық іс-әрекетінің есебі мен  техника-экономикалық талдауы.

2

2

6.5

Станцияның өндірістік-қаржылық іс-әрекетінің есебі мен  техника-экономикалық талдауы.

2

2

Әкімшілік бақылау жұмысы

2

2

Барлығы

14

10

4

Курстық жоба

6

                                            

                                Пәннің мазмұны              

Кіріспе

  Көлік экономикасы мен оның техникалық ғылымдармен байланысы.

  Курстың міндеттері, әдістері мен мазмұны.

1.                          Қоғамдық өндіріс жүйесіндегі көліктің рөлі мен оның экономикалық ерекшеліктері. Теміржол көлігіндегі жоспарлау.

                              Көлік материалдық өндіріс аясы ретінде. Көліктің рөлі.

                              Көлік халық шаруашылығының өндірістік кәсіпорындарының барлық деңгейлерінің құрамды бөлігі болып табылады, бұл жолаушылар және жүк көлігінің барлық түрлерін қосатын көпсалалы ая болып табылады.

                              Көлік тауар өндірушілер мен оларды  тұтынушылармен байланыстыратын сала болып табылады, онсыз нарық пен нарықтық қатынастардың болуы мүмкін емес.

                              Көліктің дамуы мен  оның жұмысын  жақсарту елдің өндірісі мен өндірістік күшінің дамуымен, сонымен қатар адамдардың өмір  және мәдениет деңгейімен тығыз байланыста жүреді. Қоғам өмірінің деңгейі неғұрлым жоғары болса, соғұрлым көлік адам іс-әрекетінің барлық аяларына көбірек енеді.

                              Білуі тиіс: теміржол көлігі- халық шаруашылығының барлық салаларын байланыстыратын сала болып табылады; материалдық өндіріс саласындағы көліктің рөлі.

                              Істей білуі керек: көліктің дамуы мен оның жұмысының жақсартылуы өндіріс дамуымен тығыз байланысты жүреді;

қоғам өмірінің деңгейі неғұрлым жоғары болса, соғұрлым көлік адам іс-әрекетінің барлық аяларына көбірек енетінін дәлелдеп беру.

   Пәнаралық байланыстар: Микроэкономика. Маркетинг. Теміржол көлігіндегі қозғалысты басқару мен тасымалды ұйымдастыру.

   1.2 Қазақстанның көлік жүйесі мен оның сипаттамасы.

  Қазақстанда заманауи көліктің барлық түрлері бар: теміржол, автомобиль, әуе, теңіз, өзен, құбыр.

    Қалаларда жолаушылардың тасымалын қалалық жолаушылар көліктері жүзеге асырады.Өндірістік көліктің арнайы түрлері және кәсіпорындарда технологиялық тасымалдарды жүзеге асыратын көліктің ішкі өндірістік, цехтық құралдары бар.

    Техника- көліктің магистралды түрінің экономикалық сипаттамасы. Қазақстан экономикасындағы теміржол саласының рөлі. Саланың сипаттамасы.

   Білуі тиіс: Қазақстанның көлік жүйесі; көліктің магистралды түрінің технико-экономикалық сипаттамасы.

   Істей білуі керек: Қазақстанның көлік жүйесіне сипаттама беру.

     Пәнаралық байланыстар: Макроэкономика. Теміржол көлігіндегі қозғалысты басқару мен тасымалды ұйымдастыру.

      1.3 Теміржол көлігінде жоспарлау мен жобалауды ұйымдастыру.

    Жоспарлаудың міндеттері мен принциптері, жоспарлардың түрлері мен мазмұны. Жоспарлау мен жобалаудың әдістері, стратегиялық жоспарлау.

       Білуі тиіс:   жоспарлаудың міндеттері мен принциптері; жоспарлардың түрлері мен мазмұны; жоспарлау мен жобалаудың әдістері.

        Істей білуі керек: жоспарлаудың, жобалаудың принциптерін қалыптастыру; жоспарлардың түрлерін сипаттау.

    1.4 Көлік саясатының негізгі бағыттары.  (Реструктуризация).

    Теміржол көлігінің  миссиясы. Реструктуризацияның мақсаттары, міндеттері, принциптері. Реструктуризацияның 3 сатысы. Теміржол көлігінің реструктуризациясының халықаралық тәжірибесі, реструктуризацияның нормативтік-құқықтық базасы. Реформалау бағдарламасын енгізу жоспары. Жасалатын жаңа құрылымдар арасындағы қаржылық және  технологиялық өзара әрекеттесудің негізгі сызбасы.

    Білуі тиіс: теміржол көлігінің реструктуризациясының 3 сатысы; теміржол көлігінің  миссиясы.

   Істей білуі керек: алған білімдерін практикада қолдана білу; теміржол көлігіндегі реструктуризацияның қоғалысына талдау жасай білу.

   Пәнаралық байланыстар: Макроэкономика. Микроэкономика. Маркетинг. Менеджмент. Қоғамдық пәндер.

2.                          Теміржол көлігінің өндірістік-қаржылық іс-әрекетінің сипаттамасы.

        2.1 Қазақстан теміржолы ЖАҚ-на кіретін кәсіпорындар, филиалдардың сипаттамасы.

    Кәсіпорындардың, филиалдардың, шаруашылық құрылымдарының анықтамасы (Холдингтер, бизнес-бірліктер, ЖАҚ).

«Қазақстан теміржолы» ҰК ЖАҚ- ң құрылымы.    «Қазақстан теміржолы» ҰК ЖАҚ- ң  негізгі міндеттері. «Қазақстан теміржолы» ҰК ЖАҚ- ң құрамы.

  Теміржол көлігінің өндірістік қорлары, олардың құрамы.

    Негізгі өндірістік қорлар, олардың мәні, классификациясы. Негізгі қорлардың құрылымы, түрлері.

    Негізгі өндірістік қорлардың натуралды және бағалық сипатындағы бағалаудың тәсілдері. Негізгі өндірістік қорлардың орташа жылдық бағалауын есептеу тәсілі. Негізгі өндірістік қорлардың тозуының түрлері.      

   Негізгі өндірістік қорлардың амортизациясы. Амортизацияны есептеу тәсілдері.

   Негізгі өндірістік қорларды пайдалану көрсеткіштері, олардың мәні. Айналым құралдары, олардың құрамы, құрылымы. Айналым құралдарының нормативтері.

   Айналым құралдарының айналымдылығы мен айналымның көрсеткіштері. Кәсіпорын жұмысының соңғы нәтижелігі мен өндіріс қорларын пайдалану тиімділігі арасындағы өзара байланыс.

    Практикалық сабақ

   интегралды коэффциенттерді пайдаланудың экстенсивті және интенсивті коэффициенттердің, қорсыйымдылығы, қорқайтарымы көрсеткіштерін есептеу.

     Білуі тиіс: еншілес мемлекеттік кәсіпорындардың жабық акционерлік бірлестіктердің  т.б. анықтамасын; бизнес-бірлік, бизнес-процесс, операциондық модель, акционерлеу, субсидия; теміржол көлігінің негізгі қорлар мен айналым құралдарын, олардың құрылымын, негізгі қорларды бағалаудың тәсілдерін.

    Істей білуі керек: Қазақстан теміржолы ЖАҚ-на кіретін кәсіпорындар, филиалдардың, шаруашылық кәсіпорындардың сипаттамасы; амортизацияны, негізгі қорларды, айналым құралдарын есептеу.

        Пәнаралық байланыстар: Маркетинг. Теміржол көлігіндегі қозғалысты басқару мен тасымалды ұйымдастыру.

    2.2 Эксплуатациялық жұмыстың көлемді көрсеткіштері.

  Эксплуатациялық жұмыстың көлемді көрсеткіштердің анықтамасын: берілген өнімнің, тарифтік және эксплуатациялық жүк айналымы, жүктердің, жолаушылардың жөнелтілімін, жолаушылардың тасымалын, жолаушылар айналымын, локомотивтердің қозғалысын т.б.

    Практикалық сабақ

    Эксплуатациялық жұмыстың көлемді көрсеткіштерін есептеу.

    Білуі тиіс: көлемді көрсеткіштердің; теміржол көлігінің келтірілген өнімінің анықтамасын.

     Істей білуі керек: көлемді көрсеткіштерді есептеу.

  2.3 Жылжымалы құрамды және басқа да негізгі құралдарды пайдаланудың сапалы көрсеткіштері.

  Негізгі сапалы көрсеткіштердің анықтамасы: учаскелік жылдамдық, техникалық жылдамдық, статикалық жүктеме, жүктелген вагонның, жұмысшының динамикалық жүктелуі№№, вагонның өнімділігі, локомотивтің өнімділігі т.б.

    Практикалық сабақ

     Қозғалыс құрамасын пайдаланудың сапалы көрсеткіштерін есептеу.

   Білуі тиіс: негізгі сапалы көрсеткіштердің анықтамасын.

    Істей білуі керек: учаскелік жылдамдық, техникалық жылдамдықты есептеу; локомотив пен вагонның өнімділігін екі тәсілмен анықтау .

            Пәнаралық байланыстар: Теміржол көлігіндегі қозғалысты басқару мен тасымалды ұйымдастыру.

2.4                                          Табыстар, олардың құрылымы мен қалыптасуы.  Рентабелділік.

Табыс анықтамасы. Табыс құрылымы. Негізгі және туынды іс-әрекеттен түскен табыстар. Жиынтық табыс дегеніміз не? Табыстардың қалыптасуы. Рентабелдік-өндірістің тиімділігін көрсететін көрсеткіш. Рентабелділіктің түрлері. Өзіндік құнның анықтамасы.

    Практикалық сабақ Табыстарды, тиімділікті есептеу.

   Білуі тиіс: табыс құрылымын; табыстардың қалыптасуын; тиімділіктің анықтамасын.

             Істей білуі керек: жүктерді тасымалдаудан түсетін табыстарды есептеу; рентабелділікті анықтау.

        Пәнаралық байланыстар: Микроэкономика. Теміржол көлігіндегі қозғалысты басқару мен тасымалды ұйымдастыру.

2.5                                          Шығындар, олардың құрылымы, классификациясы мен бюджеттеу.

Шығындардың анықтамасы. Шығындардың эксплуатациялық және қосалқы-көмекші іс-әрекеттер бойынша; шығыстар элементтері; негізгі және қосымша үстеме шығындар; тура және туынды; тәуелді және тәуелсіз шығындар бойынша  бөлінуі. «Қазақстан теміржолы» ҰК ЖАҚ- ң бюджеттік жүйесі. Бюджеттік жүйенің бақылау, есеп, жоспарлаудағы мақсаты.

Бюджеттеудің негізгі міндеттері.

     Практикалық сабақ

   Берілген жұмыс көлемінің шығындарын анықтау. Тасымал көлеміне тәуелді эксплуатациялық шығындардың пайызын анықтау.

    Білуі тиіс: шығындар классификациясын; теміржол көлігінің бюджеттік жүйесін; бюджеттеудің негізгі міндеттері.

    Істей білуі керек: берілген жұмыс көлеміне шығындарды анықтау; тәуелді шығындарды анықтап, оларды есептеу.

Пәнаралық байланыстар: Микроэкономика. Теміржол көлігіндегі қозғалысты басқару мен тасымалды ұйымдастыру.

2.6                                          Теміржол көлігіндегі өзіндік құн.

         Өзіндік құн түсінігі. Теміржолдардың эксплуатациялық шығындарының қозғалыс мөлшеріне тәуелділігі. Тасымалдың өзіндік құнын анықтау тәсілдері.  Өзіндік құнды төмендету жолдары.

       Практикалық сабақ

       Өзіндік құнды есептеу 10 пасс-км, 10 т-км, 10 прив. т-км.

      Білуі тиіс: өзіндік құнның анықтамасын; өзіндік құнды есептеу тәсілін; өзіндік құнды төмендету жолдарын.

      Істей білуі керек:       Өзіндік құнды есептеу 10 пасс-км, 10 т-км, 10 прив. т-км.

Пәнаралық байланыстар: Микроэкономика. Теміржол көлігіндегі қозғалысты басқару мен тасымалды ұйымдастыру.

2.7      Қазақстан Республикасының ұлттық экспедиторлар ассоциациясы.

  Асоциацияның мақсаты барлық көлік түрлерінде экспедированиясының көліктік қызмет көрсету, жарнаманың дамуына үлес қосу; экспедированияның көліктік қызмет көрсету нарығын қалыптастырудың заңды-құқықтық негізін құруға үлес қосу.

    Міндеттері- барлық көлік түрлеріндегі көліктік экспедициялау саласындағы  халықаралық байланыстардың кеңейтілуі мен нығайту.

    Білуі тиіс: Қазақстан Республикасының ұлттық экспедиторлар ассоциациясының мақсаттарын; ҚР экспедиторларымен ұсынылатын қызметтердің түрлері.

  Істей білуі керек: Қазақстан Республикасының ұлттық экспедиторлар ассоциациясының мақсаттарын қалыптастыра білу.

   Пәнаралық байланыстар: Макроэкономика. Теміржол көлігіндегі қозғалысты басқару мен тасымалды ұйымдастыру.

3.                          Еңбекті ұйымдастыру менжоспарлау.

3.1 Еңбекті нормалау.

      Нормалау- еңбекті ұйымдастыруды жақсартудың маңызды бағыттарының бірі болып есептеледі. Еңбекті нормалаудың мәні мен міндеттері.

    Өндіріс процестерінің классификациясы. Автоматтандырылғын, механикаландырылған машиндік, қолдық процестердің сипаттамасы. Өндіріс циклі түсінігі. Жұмыс уақытының бюджеті. Жұмыс уақытының шығындарының классификациясы.

   Станциядағы өндірістік процестің ерекшеліктері. Жқмыс уақыты шығындарының фотосуреті, оның мақсаты мен түрлері.

   Жеке және топтық жұмыс күні. Өзіндікфотосурет. Хронометраж, оның мәні мен мағынасы.Жасалынатын нормативтерге, олардың тәртібіне, жасалуына қойылатын талаптар, классификациясы.

   Уақыт нормасына, олардың жасалуына және жұмысшылар санының нормасының тәртібі мен оларды жобалау. Станция жұмысшыларының,біркезектегі ауысымның еңбектерін нормалау. Еңбектің ұжымдық нормасы және оны жасаудың тәртібі. Жұмысшылар-мерзімді жұмысшыларға нормативтік тапсырмаларды бекіту тәртібі. Нормаларды қайта қарау тәртібі.

    Практикалық сабақ

    Жұмыс күнінің жеке фотосуретінің материалдарын талдау.

    Практикалық сабақ

    Хронометраж материалдарын талдау.

     Практикалық сабақ

     Еңбек шығындары нормаларын есептеу.

    Білуі тиіс:  өндіріс тиімділігін жақсарту ісінде еңбекті нормалаудың маңызы; өндірістік процестердің және жұмыс уақытының шығындырының классификациясы; еңбек шығындарының нормалары мен нормативтері; оларды жобалау мен қайта қараудың тәртібі.

  3.2 Еңбек өнімділігі, оның өлшемі, жақсарту жолдары.

    Еңбекті ұйымдастырудың негізгі принциптері. Жұмысшылардың еңбегін ұйымдастырудың экономикалық, психологиялық  және әлеуметтік міндеттері.

    Еңбек өнімділігі, көрсеткіштері, оларды анықтау тәсілдері, еңбек өнімділігін жоғарылату жолдары мен резервтері.

      Практикалық сабақ

      Еңбек өнімділігін есептеу.

      Білуі тиіс: еңбек формасының бригадалық жәнеарендалық ұйымдастырылуын, бригадалардың әртүрлілігін; станциядағы еңбек өнімділігін жақсарту жолдары мен резервтері.

      Істей алуы керек: станция жұмысшыларының еңбек өнімділігін есептеу.

    Пәнаралық байланыстар: Еңбекті қорғау, Экология негіздері.

4.        Еңбекақы төлеуді жоспарлау мне ұйымдастыру.

4.1 Еңбеақыны ұйымдастыру принциптері, еңбек өнімділігі мне еңбекақы төлеудің байланыстылығы. Нарықтық қатынастарға өту кезіндегі  әлеуметтік  кепілдіктер. Еңбекақыны төлеу жүйесі мне нышандары. Тарифтік жүйе, оның элементтері. Қызметтік жалақылар.Бригадалық ұйымдастыру кезіндегі еңбекақы төлеудің ерекешеліктері.

   Кәсіпорынның еңбекақы төлеу  кезіндегі құқықтары. Еңбекақы қоры, еңбекақы жайлы салық.

  Практикалық сабақ.

  Станция жұмысшыларының еңбекақысын есептеу.

  Білу керек: еңбекақы төлеу нышандарының жүйесі мен мәні; еңбекақы  өсуі мен еңбек өнімділігі арасындағы байланыс; кәсіпорынның еңбекақы төлеу  кезіндегі құқықтары; бюджетке төленетін салықтар, салық түрлері.

  Істей білуі керек: станция жұмысшыларының еңбекақысын есептеу; еңбекақыны ауысымдар мен бригадалар арсында бөлу; табыс салағын есептеу; әлеуметтік салық.

Пәнаралық байланыстар: Басқару іс -әрекетінің негіздері. Еңбекті қорғау. Микроэкономика.

4.2 Бюджетке төленетін салықтар.

   Салық кодексіне сәйкес құрылымдық бөлімшелер өз бетімен  бюджетке салықтарды есептейді және төлейді. Көлік құралдарына жер салығы, меншік салығы. Заңды тұлғалардың табыс салығы. Әлеуметтік салық.

  Практикалық сабақ:

Заңды тұлғалардың табыс салығын есептеу.

Білу керек: Бюджетке төленетін салықтардың түрлерін, Салық кодексінің негізгі жағдайларын.

Істей білуі керек: Заңды тұлғалардың табыс салығын есептеу, әлеуметтік салықты есептеу.

Пәнаралық байланыстар: Микроэкономика.

5.         «ААҚ» жолаушыларды тасымалдау және жүктерлі тасымалдаубөлімшелері филиалының  өндірістік-қаржылық іс-әрекетін жоспарлау.

5.1 «Жүктерді тасымалдау» бөлімшесінің негізгі мақсаттары мен міндеттері.

  Негізгі мақсаты болып темір жол көлігімен тасымлдау процесін тиімді ұйымдастыру  табылады.

Міндеттері келесілер:

-жүк және жолаушылар поездарының қозғалысының кестесін орындау;

- темір жол бағытының  тасымалдау және өту қабілетін жақсарту бойынша іс-әрекеттер;

-тасымалдау жоспарын орындауды жаспарлау және бақылау жүргізу.

Тасымалдау бөлімінің сандары:

-жүктерді жөнелту;

- жүк айналымы- эксплуатациялық т\км жерг.;

- локомотвтің өнімділігі;

-поездың орташа алмағы;

-жұмысшылардың сан;

-еңбекақы қоры.

Индикативті жоспардың мазмұны. Көлемдік және сапалық көрсеткіштер Еңбек бойынша жоспар. Пайдалану жұмыстарының жоспары. Негізгі қорларды жөндеу жоспары.

Білуі керек: жүк бөлімшесінің міндеттерін; жүк бөлімшесінің соңғы сандарын; индикативті жоспардың мазмұны.

Істей білуі керек: жүк тасымаланың көлемдік және сапалық көрсеткіштерін есептеу, пайдалану жұмыстарының шығындарын анықтау.

Пәнаралық байланыстар: Теміржол көлігіндегі қозғалысты басқару мен тасымалды ұйымдастыру.

5.2 ААҚ «Жолаушылар тасымалының» негізгі мақсаттары мен міндеттері.

Негізгі мақсаттары:

-               жеке және заңды тұлғалардың темір жол көлігімен жолаушыларды тасымалдауды, қолжүктерін тасымалдау, халықаралық және ішкі тасымалдау қажеттілігін уақытында және сапалы қамтамасыз ету;

Негізгі міндеттер:

-         темір жол көлігімен жолаушыларды тасымалдауды, қолжүктерін тасымалдау, халықаралық және ішкі тасымалдау кезіндегі жүктіжәне поштаны тасымалдау ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

-         жолаушылар вагондарын және электрпоездарды паркілерін жөндеу және қызмет көрстеу, пайдалан жұмыстарын ұйымдастыру.

Индикативті жоспардың құрамы:

Көлемді көрсеткіштер жоспары.

Негізгі қорлар шығындары,, еңбек жоспары т.б.        

Білуі керек:  ААҚ «Жолаушылар тасымалының» негізгі мақсаттары мен міндеттері, «Жолаушылар тасымалы» индикативті жоспарының құрамы.

Істей білуі керек: «Жолаушылар тасымалы» жоспарының көрсеткіштерін есептеу.

Пәнаралық байланыстар: Теміржол көлігіндегі қозғалысты басқару мен тасымалды ұйымдастыру.

5.3 Станцияның жоспар-болжамы.

Станцияның жоспар-болжамының құрамы.

Станция жұмысының  көлемдік көрсеткіштерін жоспарлау. Станцияның сапалы көрсеткіштерін жоспарлау.

Еңбек бойынша жоспар.

Жұмысшылар санын жоспарлау.

Еңбек өнімділігін жоспарлау.

Шығындар мен табыстар балансы.

Практикалық сабақ

Станция жұмысшыларының санын анықтау.

Практикалық сабақ

Станция жұмысшыларына айлық, жылдық еңбекақыларын есептеу.

Практикалық сабақ

Еңбек өнімділігінесептеу.

Практикалық сабақ

Станцияның пайдалану жұмыстарының шығындарын анықтау.

Практикалық сабақ

Табыс салағын есептеу.

Әлеуметтік салықты есептеу.

Білуі керек: әлеуметтік және экономикалық дамудың жоспарының бөлімдерінің мазмұны; бекітілетін және соңғы сандар; станцияның жоспар-болжамы.

Істей білуі керек: көлемдік  және сапалы көрсеткіштерін анықтау; станция жұмысшыларының санын анықтау; еңбекақы қорын жәнееңбекақы төлеу қорын анықтау; статьялар бойынша жалпы шаруашылық және негізгі шығындарды жоспарлау.

6.     ЖАҚ «ҚТЖ ҰК» кәсіпорындарында өндірістік-қаржылық іс-әрекетінің есебі мен талдауы.

6.1 Аудит. Есеп. Бақылау.

Бақылау жүйесі қандай нышандарға ие: аудит, тексеру, ішкі бақылау.

Аудит деген не, міндетті, өз бастауымен. Ішкі тексеріс пен бақылауды анықтау.

Есеп саясаты- бір есептік кезеңнен көп  қалыптастырылатын және шаруашылық жүргізуші субьетінің барлық құрлымдық бөлімшелерге бір қаржылық есептің көрсеткіштерінің сәйкестік мақсатымен басшымен қабылданатын әдістер жиынтығы.

Қаржылық есептің талдауы:

3.Басшылық есептің талдауы.

4.Қаржылық талдаудың есебі.

Анализ әдістері:

1.     Көлденең.

2.     Тік.

5. Трендік.

6. Факторлық.

Білуі керек: Ішкі тексеріс пен бақылаудың, аудиттің анықтамасын; «Аудиторлық әрекет туралы» ҚР заңы; талдау әдістерін.

Істей білуі керек: тәжірибеде талдау әдістерін қолдана білу.

Пәнаралық байланыстар: Теміржол көлігіндегі қозғалысты басқару мен тасымалды ұйымдастыру.

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                             

                    Әдебиеттер мен оқу құралдары.

1.Экономика железнодорожного транспорта. Под. ред. Дмитриева В.А.

2.Беленький М.Н., Силаев Н.И. Экономика эксплуатационной работы на железнодоржном транспорте.-М.: Транспорт, 1980-311с.

3.Исингарин Н.К. железные дороги Казахстана. Том II 1977-2007.-Алматы: Экономтрансконсалтинг, 2007.-696с.

4. Экономика железнодорожного транспорта// Под ред. Дмитриева В.А., Журавль А.И., Шишкова А.Д. 1997.

5. Ағымдағы баспасөз құралдары.


Ұқсас жұмыстар

Атмосфералық қысымды өлшеу
Пән бойынша оқу бағдарламасының мақсаты
Жаңартылған білім мазмұнының ерекшеліктері
Жаңартылған оқу бағдарламасының тиімділігі
Электрондық оқулықты пайдалану саласы
Жаңартылған білім беру бағдарламасы негізінде 7 сыныпта физика пәнін оқытудың мүмкiндіктерін айқындап, әдістeмесін әзірлеу
Жаңартылған бағдарламаның ерекшеліктері
Қазақ тілін оқытудын мақсаты мен маңызы
Зақымдану ошағы
Жаңартылған білім беру мазмұнындағы бастауыш мектептің бағдарламасы және оқыту әдістемесі