Кіріспе

КІРІСПЕ

1.     Көлік экономикасының мазмұны

2.     Көліктің экономикадағы  басқа салалармен байланысы

1.       Нарықтық  экономиканың инфрақұрамында көлік жүйесі аса маңызды ролі атқарады. Өйткені, тек қана көлік тауарлар мен жолаушыларды тасымалдау құралы болып табылады. Өндірушімен тұтынушының арасында көлікке «көпір» деген атағын беруге болады.

  Нарықтық экономиканың бөлігі болып көлік экономикасы бұл саланың жұмысында жалпы экономикалық заңдары мен басқа салалармен өзара байланыстарын анықтайды. Көлік жүйесі жұмысын атқару барысында сұраныс, ұсыныс, ақша айналымы, қор жинақтау заңдары пайда болады.

   «Көлік экономикасы және өндірісті басқару» пәні оқыту пәні ретінде тасымалдау барысында экономикалық, техникалық, әлеуметтік және тағы басқа факторлардың байланыстарымен көліктің жұмысына, тасымалдау процессінің өзіндік құнымен тиімділігіне, еңбек өнімділігіне әсер етуін қарастырады.

     Көлік экономикасының негізгі мақсаттары :

1.     Көліктегі процесстерді зерттеу

2.     Тасымалдаудың өзіндік құнын есептеу

3.     Жоспарлаумен тиімділігінің байланысын анықтау

4.     Кірістермен шығындарды салыстыру

        Көлік экономикасы  көлік саласы үшін аса маңызды болып келетін мәселелерді қарастыратын ғылым. Олардың арасында :

·        Жүктермен жолаушыларды тасымалдау ақыларын құрастыру принциптері

·        Көліктегі өзара байланыстары

·        Тасымалдаудың көлемі мен құрамы

·        Техникалық қамтамасыз етілуі

·        Көліктегі технологиялық поцесстері

·        Жұмысты ұйымдастырудың жалпы негіздері

2.     Экономикадағы басқа салалармен көліктің байланыстарын айта отырып, ең біріншіден оның керектігін анықтауға тиіспіз. Өйткені көлік, әсіресе темір жол көлігі , жүктерді алыс қашықтыққа жеткізіп беретін жалғыз ғана құрал. Сонымен қатар темір жол көлігінің тасымалдауы басқа көліктермен салыстырғанда ең тиімді әрі пайдалы болып келеді. Мұнда тапсырыс берушілерге және жолаушыларға ұсынылатын  қолайлы жағдай, қосымша қызметтер, қауіпсіздікке берілетін кепілдіктер, т.б.

                               

     Темір жол көлігі  жүйесінің басқа салалармен байланысы

                                        Радиальная диаграмма


Ұқсас жұмыстар

Пролог негіздері
Қаржылық және басқарушылық есептердің салыстырмалы мінездемесі
ЖОСПАРДЫҢ АЛҒАШҚЫ НҰСҚАСЫН ЖАСАУ
Ғылыми жұмыс кіріспенің жобасы
Эссені жазу кезеңдері
Білім берудегі жаңа үрдістер
Модульдік оқыту технологиясының оқушыларды дамытуға ықпалы
Қағанаттар атауы техникасымен топқа бөлу
Өндірістік сабақтарың ұйымдыстыру
Эссе элементтері