Қазақстанның көлік жүйесі және оның сипаттамасы.

ҚАЗАҚСТАННЫҢ КӨЛІК ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ОНЫҢ СИПАТТАМАСЫ

1.     Темір жол көлігі және оның сипаттамасы

2.     Темір жол желісін дамыту стратегиясы

1. Қазақстандағы жалпы темір жолдардың қашықтығы 15000 км астам,шет елдермен 15 шекаралық пункттар бар: олар Ресей Федерациясы, Өзбекстан, Қырғызстан, ҚХР. «ҚТЖ ҰК» АҚ  жалпы экономикадағы жүк айналымының 87 пайызын орындайды. Тасымалдаушы болып, көлік тауардың түрін өзгертпейді, бірақ оның құнын өзгертеді.  Бұл      қосымша құнның ішінде еңбек ақысы, жанармай, электрқуат, т.б.шығын.

  Қазақстанның Европамен Азияның ортасында орнадласқан ел болған соң евразиялық көлік- коммуникациялық құралы болуға мақсаты қойылған.

Өткен ғасырдың 90- шы жылдарғы дағдарыс кезінде ТЖ желісінің жағдайы төмендеп қалған, жабдық- техникалық базасы ескірген, жылжыйтын құрамы және жүрісті қамту құрал-жабдықтары жаңартылмаған. Бұл алдымызда тұрған проблеманы жақын арада шешу мақсатымен ҚР Үкіметі ішкі және сыртқы қарым- қатынастарды реттеу іс- шараларын еңгізіп отыр. Олар :

·        Темір жолдың тиімді және үнемді  ішкі бағыттарын ашу

·        Темір жолдың құрал-жабдықтарын жаңарту мақсатымен жылжыйтын                           мүлікті жасау және жөндеу зауыттарын ашу

·        Зерттеу жұмыстарын жүргізу

·        Заманауи технологияларын пайдаланып ескірген құрал- жабдытарын  ауыстыру

Бұл іс- шараларды іске асыру үшін  «ҚТЖ ҰК» инновациялық- технологиялық бағдарламасын қабылдаған.

Инновациялық- технологиялық бағдарламасының негізгі мақсаттары :

1.     Ғылымның темір жол саласының технологиялық дамуындағы көшбасшы ролін қамтамасыз ету

2.     Стратегиялық ғылыми негіздеу үдерісін ұйымдастыру

3.     құрал- жабдықтардың техникалық сипаттамаларын жақсарту

4.     Шетелдік ғылыми мекемелермен серіктестік қарым- қатынастарды дамыту

5.     ТЖ саласындағы нормативті- техникалық құжаттаманы қазіргі заманға сай ету

6.     ТЖ көлігінің объектілерін сынақтың барлық түрлерінен өткізу

2. Қазақстанның экономикасы нарықтық  жолға бағытталғаннан бері темір жол көлігінің ролі өсті.

Біздің территориямыздан 4 халықаралық коридорлар өтеді:

І Трансазиялық ТЖ магистралінің Солтүстік коридоры- «Батыс Европа- Қытай, Корея ,Жапония».Бұл коридор  Ресей мен Қазақстанның территориясынан өтеді. Біздің елімізде Достық- Ақтоғай- Саяқ- Мойынты- Астана- Петропавл стансалары арқылы

ІІ Оңтустік коридоры- «Өңтүстік Европа- Қытай және Оңтүстік Шығыс Азия». Бұл коридор Түркия, Иран, Орталық Азия, Қазақстан территорияларынан өтеді. Біздің елімізде Достық- Ақтоғай- Алматы-Шу- Арыс- Сарыағаш арқылы стансалары арқылы

ІІІ Солтүстік- Оңтүстік коридоры- «Солтүстік     Европа- Таяу Шығыс елдері». Бұл коридор  Ресей мен Иран, Қазақстанның территориясынан өтеді. Біздің елімізде Ақтау теңіз порты- Атырау стансалары арқылы

ІҮ ТРАСЕКА: «Шығыс Европа- Орталық  Азия». Бұл коридор Кавказ және Каспий теңізінің елдері арқылы өтеді. Біздің елімізде Достық- Алматы-Ақтау стансалары арқылы

Осы күрделі істерге байланысы инвестициялар көлемі 26 млрд  доллар құрайды.оларды іске асыру мақсатымен Қазақстанның көлік желісін дамыту стратегиясы қабылданған.Оны еңгізілуі 2 кезеңнен тұрады:

1.     2006-2011 ж.- дайындық кезеңі

2.     2011-2015 ж.- іске асыру кезеңі

Стратегияның басымдары:

1.Қазақстанның көлік желісін әлемдік желісіне қосу

2.Экономиканың өсуіне сай көлік саласын дамыту

3.Көлік коридорларын жетілдіру

4.Қазақстан көлік желісінің бәсекерлік қабілетін арттыру

5.тасымалдау үрдісінің тиімділігін көтеру.

Ел басы қойған мақсаттарды орындау барысында, 30 дамыған елдердің       қатарына       кіру жолында біз әр аймақтың дамуына сай жұмыс атқаруға тиістіміз.

Статистикалық мәліметтері бойынша      ҚР-да жердің 1000 м2  5,1 км ТЖ және 32,4 автокөлік жолдары    келеді.

Стратегияны  іске асырған соң жолаушы тасымалдардың көлемі 1,5 есе,алжүк тасымалдары 2 есе өсуге тиісті.

Эколгиялық сұрақтар бойынша іс- әрекеттер  халықаралық тсандарртарға бағыттанып орындалады.транзиттік тасымалдаудың көлемінде бірінші орында контейнерлік тасымалдау болады. Сонвымен қатар барлық көліктердің түрлері бір- біріне қайшы болмай тығыз байланыста болуда.

Ең біріншіден, біз ҚХР шекарасындағы Достық стансасын ашқан соң, темір жол желісін дамыту керекпіз.Оның жүк өткізу қабілеті жылына 25 миллион тоннаға дейін құрайды. Сол сияқты Сары-өзек – Қорғас жаңа темір жол желісінің жүк өткізу қабілеті бұл деңгейге болашақта жету керек.

Елімізде 2014 жылға дейін 1600 км жаңа жолдар салынуда, және 2700км қашықты темір жолдар электрмен жабдықтанады.

 


Ұқсас жұмыстар

ҚОЗҒАЛЫС ҚАРҚЫНДЫЛЫҒЫН АНЫҚТАУ
Жүк тиеу машинасы
Қалалардың орналасу факторы
Халықаралық автомобиль тасымалдарын жетілдірудің негізгі шаралары
Автомобиль көлігінің ұғымы және бұл көлікпен жасалатын жүк тасымалының сипаттамасы
Логистикалық жобаларды басқару
Дүние жүзі елдерінің қазіргі көлік жүйесі
Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі
Мектептегі экономикалық география білім жүйесін жүргізу әдісі мен тәсілдері
Көлік қылмыстарының қылмыстық құқықтық және криминологиялық аспектілері