Темір жол көлігіндегі жоспарлау мен жобалау.

ТЕМІР ЖОЛ ЖЕЛІСІНДЕ ЖОСПАРЛАУ МЕН ЖОБАЛАУ ҮРДІСІ.

1.     Жоспаралудың негізгі әдістері мен түрлері.

2.     Жобалау үрдісінің керектігі мен түрлері.

1.     ТЖ жұмысының негізгі мақсаты- тасымалдауды жоғары сапалы күйінде ұйымдастыру.Сондықтан жоспарлау мен жобалау жұмысы ең маңызды істердің бірі болып саналады. Жоспарлаудың бірінші мақсаты-көліктегі тасымалдау және қызметтеу процессін барлық керекті қаржылық, материалдық және еңбектік ресурстарымен қамтамасыз  ету.

Жоспарлаудың әдістері :

·        Тепе-теңдік әдісі - бұл әдіс бойынша жүйеде пайдаланатын құрал-жабдықтары мен оларды табатын көздері анықталады.Тепе-теңдіктердің түрлері:материалдық, қаржылық, жұмыс күшінің

·        Технико-экономикалық есептеулер- бұл әдіс бойынша 2 немесе одан көп нұсқалар салыстырылып,ең тиімді нұсқа анықталатын болады

·        Болжам жасау әдісі- мұнда өткен жылдардың көрсеткіштерін жоспралаған жылдың көрсеткіштерімен салыстырып, болашаққа болжам түрінде жоспар жасаймыз

·        Ғылыми әдістері- мұнда экономика- математикалық есептеулермен жаңа технологиялар пайдаланады.

Жоспарлар мерзімдер бойынша мынадай түрлерге бөлінеді:

1.     Болашақтық жоспарлау. Оның мазмұны:

·        Жүк және жолаушы тасымалдаудың көлемі

·        Сол көлемнің өзгеруі

·        Техникалық  қамтамасыз етуін арттыру жолдары

·        Күрделі құралдарды қолдану және сол жұмысты жақсарту

·        Еңбек өнімділігін көтеру

·        Тасымалдаудың өзіндік құнын төмендету

2.Жылдық жоспарлау . Мұнда керекті ресурстардың көлемдері тоқсан бойынша бөлінеді

3.Шұғыл жоспарлау. Ол айлық, он күндік, немесе алмасулық жоспар-тапсырма түрінде жасалады.

Жоспардың құрамы

1.ТЖ пайдалану жүйесі

2. Өндірістік кәсіпорындардың жұмысы

3. Күрделі жөндеу және күрделі салымдары

4.Ғылыми- зерттеу жұмыстары

5.Еңбек және жалаұы

6.Кіріс, шығын және пайда

2. Темір жол жүйесінде жобалау жұмысының керектігі саланың стратегиялық жоспарлауына байланысты. Болашаққа жоспар жасауда аса маңызды, күрделі жұмыстарды жоба арқылы іске асырады.

   Жобалаудың алдында зерттеу жұмыстары жүргізіледі.

Жобалау- ол лат тілінде projektus- алдыға шыққан, алдын-ала жасалған деген ұғымды анықтайды.

Жобалау- белгілі бір объектті құрастырып,оны іске қосу,пайдалану, жөндеу және істен шығару жұмыстарын білдіреді. Сонымен қатар жоба жасау   барысында тексеру, өзгерту жұмыстары жүргізілуі да мүмкін.

Жобалардың түрлері :

1.Функционалдық- мұнда жобаланатын объектінің негізгі қызметі жан- жақтан қарастырылады

2.Оптималдық- көлік жүйесінде жобалау барысында өндіріс пен тұтынушылардың талаптары орыдалу керек.

3. Желілік- мұнда желінің ішінде қызметатқаратын барлық құрам бөлімдердің өз-ара байланыстары және сыртқы ортаның әсері қарастырылады.

                       Жобалаудың негізгі принциптері :

·        Тәжірибелік пайдалығы

·        Құрамдық бөлімдердің бірлігі

·        Иілімдігі


Жобалаудың әдістері:

1 Творчестволық       2 Сараптама жасау   3 Құрастыру     4 Салыстыру 

5 Автоматтандырылған   6 Сұрақ- жауап     

«


Ұқсас жұмыстар

Көлік түрлері. Теміржол көлігі.
Жол қозғалысын ұйымдастырудың құрылымы
Теміржол көлігі бойынша жүк тасымалдауды ұйымдастыру
ҚР теміржолының дамуы
Инновациялық гранттардың қаражаттары
Жүк тасымалдаудың қаржы экономикалық көрсеткіштері
Көлік қызметіндегі негізгі сервис элементтерін зерттей отырып, қызмет сапасының деңгейін, оны басқару мәселелерін анықтау нәтижесінде қызмет сапасын жетілдіру жолдары
Жолаушылар тасымалданатын маршруттың сипаттамасы
Микропроцессорлық автоблокировка жүйелері
Темір жол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және басқару мамандығы бойынша тәжірибе есебі