Қазақстан теміржолы» АҚ-ң көлік саясатының негізгі бағыттары

«ҚАЗАҚСТАН ТЕМІР ЖОЛЫ» АҚ-ң КӨЛІК САЯСАТЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ

        Темір жол инфрақұрамасын дамытуы бұл желіні халықаралық стандарттардың талабына сай келтіруге және Қазақстанның ішкі экономикасының қажеттілігін қамтамасыз етуге бағыттанатын болады.

Көлікті дамыту   Стратегиясын іске асыру мақсатында темір жол желісінде әлі шешілмеген мәселелер тұр:

·        Қазақстанның көлік желісінің үлесі жалпы экономикадағы өнім өндіру көлемінде басқа салалардың қалып барады.

·        Инвестицияларды еңгізу саясаты төменрек

·        Ескірген жылжымалы құрамы

·        Заманауи біліктілігі бар қызметкерлер жеткіліксіз

·        Логистикалық жүйе дамытылмаған

·        Жаңа технологияларды еңгізу деңгейі әлі халықаралық деңгейінен қалып барады

Темір жолдың алдында тұрған алғашқы тапсырма- транзиттік коридорлардағы және жүк айналымы көп ішкі участоктардағы магистралдық желісінде техникалық қамтамасыз ету, өткізу мүмкіндігі мен электрлендіру деңгейін жақсарту. Кеңес одағы кезінен кейін жаңартылмаған,  тозып қалған негізгі қорларды бүгінгі күннен бастап жаңарту керекпіз

Аймақтық  дамуы Солтүстік- Оңтүстік (Ресей- Орталық Азия) және Батыс- Шығыс ( Оңтүстік Азия мен Батыс Европа арасында) бағыттары бойынша жүргізілу керек.

Көлік стартегиясын іске асыру барысында бір нешеу жобалар еңгізіліп жатыр:

Бейнеу - Шалкар ст., бұл желі батыс аймағына жүретін поездардың жолдарын 530 км қысқартады

Қорғас – Сарыөзек, Актау портынан ҚХР дейін жолдың арақашықтығын шамашен 2 есе қысқартады

Жезқазған - ст. Саксаульская темір жолдың орталық аймақтан Ақтау портына дейін көмір, түрлі-түсті металлдарды  тиімділікпен жеткізуде үлкен үлесі байқалады.

Шар ст. - Өскемен, бұл жол арқылы тасымалдау қашықтығы 300 км қысқарып, тасымалдау жұмысы Ресей территориясына кірмей-ақ жүргізіледі.                                                  

Каспий теңізіне дейін жүктерді апару процессінің тиіимділігін көтеру мақсатымен және Ақтау портының жұмысын жеңілдету үшін екі жаңа жолдар Маңғышлақ - Баутино и Ералиево - Құрық салынатын болады.

Көп жүктер өтетін Мақат - Кандыағаш, Алматы - Ақтоғай, Қостанай - Железорудная және Хромтау – Алтынсарин темір жол участкотары электрмен жабдықтанатын болады.

Стратегияның екінші мақсаты Үкіметпен қатар көлік желісіне серіктестік негізінде жеке меншік қаражатты пайдалану. Бұл бағытта іске асырылатын іс-шаралары арқылы мықты бәсекелік жүйесін ұйымдастырып, темір жол қызметтерін дамытуға болады. Мұндағы жұмыс бағыттары : локомотивтермен жүк вагондарын ұсыну, жолаушыларға қосымша қызмет көрсету, негізгі емес өндірістердің жұмыстарын дамыту.

Бірақ, сонымен қатар магистралдық темір жол желісінің қызметтері мемлекеттік монополиялық меншігінде қалатын болады.

ҚР темір жолын дамыту Бағдарламасы бойынша 2020 жылға дейін 1,5 мың локомотивтерді, 76 мыңнан астам жүк тасымалдайтын және 1,7 мың жолаушыларды тасымалдайтын вагондары сатып алынады. Инвестициялардың жалпы суммасы 5 триллион теңге құрайды. Сонымен қатар бағдарламада темір жолға арналған машиналарды жасау саланы дамыту жоспар қойылған, олар тепловоздар, электровоздар, жүк және жолаушы вагондар, рельстер мен шпалдар, сигнал беру және байланыс құралдары, электрмен жабдықтау құралдары. Бұл іс- шаралар іске асырылған соң жүк тасымалдайтын поездардың жылдамдығы 22 пайызға, жолаушы поездардың жылдамдығы 82 пайызға, жүк вагондардың өнімділігі 30 пайызға, локомотивтердің өнімділігі 15 пайызға, поездардың орта салмағы 30 пайызға, ал еңбек өнімділігі  25 пайызға көтерілетін болады.

Барлы аталған шаралар болашақта ұлттық темір жол желісін арттырып, тасымалдау үрдісін жылдам қылып, экспорттық өнімдерді тез арада жеткізіп, соңғы өнімнің құннында көліктік шығындарын азайтуға мумкіндік береді.


Ұқсас жұмыстар

Кəсіпорынның қызметкерлерін басқару жəне кадр саясатын қалыптастыру
Қазақстан территориясында теміржолдың даму мәселелері мен келешегі
Темір жол көлігінің дамуын мемлекеттік реттеудің теориялық-методологиялық негіздері
Қазақ халқының дәстүрлі шаруашылығы бұзылуының салдары
Ресейдің шаруаларын қоныс аудару және Қазақстанды аграрлық отарлау
Көлік кешенін муниципалды басқару
Түрксібті салу идеясының тууы
Теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау ерекшеліктері
Теміржол көлігінің Қазақстан экономикасындағы маңызы
Петроградтағы Қазан төңкерісі