Дәріс №4 Дешифраторлар және мультиплексорлар. 1.Дешифраторлар және мультиплексорлар.

Дешифратор деп - екілік кодты унитарлыға түрлендіргішті айтады. Мысалға 3-разрядты санның екілік унитарлы коды сегіз разрядты болып табылады, оның ішінде біреуі активті деңгейлі болады.

Екі кірісінде толық дешифраторда (сур.4.1) адресі А және В кірісінің екілік сигнал теріміне сәйкес келетін шығысында  логикалық бірлік түзіледі. Бұндай дешифратордың унитарлы кодының “төрттен бірі” деген атауы бар.

Рұқсат ететін Е кірісі болғанда (сур.4.2) дешифраторды  бір кірістен бірнеше шығысқа сигнал  демультиплексор – коммутаторы ретінде қолдануға болады. Е кірісіне берілетін сигнал, адресі А және В кірісіне берілген Yi шығысында қайталанады. Е=0 болғанда дешифратор жұмысы рұқсат етілмейді (құрылғының барлық шығысында логикалық 0).

Мультиплексор деп - бірнеше кірістен бір шығысқа  сигнал комутаторын айтады. Төрт кірісті Хi, бір Y шығысына коммутаторы үшін шығыс сигналы кіріс сигналының қатынасына байланысты

Рұқсат ететін Е(Е=1) кірісіне берілетін сигнал, А және В  адрестік кірістеріне  берілген код кіріс ақпаратын шығысы қайталайды Е=0 болғанда коммутатор жабық (Y=0 Хi кіріс сигналдарынан тәуелсіз).

Дешифратор мен мультиплексорлардың интегралды микросұлбалары инверсті шығыстары жиі болады, сонымен қатар ЖӘНЕ логикасымен біріктірілген (тура және инверсті)  рұқсат етілетін кіріс топтары болады ( сур.4.4 ).

К155ИД10 микросұлбасының ашық коллекторлық шығысына  (15 В, 80 мА) реле орамын қосуға болады. (70 В, 7 мА) сандық газоразрядты индикаторды басқаруға арналған К155ИД1 микросұлбада тура сондай функционалдық сұлба болады. ОЕ кірісіндегі логикалық бірлікте К555КП15 микросұлбасы тұйықталмаған шығыс жағдайында болады.

Кез- келген төрт айнымалылы бульдік функцияны сегізканалды мультиплексор көмегімен жүзеге асыруға болады. Ол үшін

Аналогты екі бағытты кілт негізінде орындалған мультиплексорлар, демультиплексорлар ретінде қолданылуы мүмкін. Көпканалды коммутатор құру кезінде мұндай микросұлбалардың шығыстарын біріктіруге болады (“монтажды НЕМЕСЕ”).


Ұқсас жұмыстар

Дешифраторлар, шифраторлар
Екілік дешифраторлар
Сандық құрылғылардың түйіндерінің жіктелуі
Сандық құрылғылардың математикалық негіздері
Цифрлық сигналдардың коммуторлары
Шифраторлар, дешифраторлар
Шифраторлар, дешифраторлар туралы
Аналогты электронды құрылғылар
Мультиплексорлар
Мультиплексорлар мен демультиплексорлар