Апта 1


: «Дене мәдениетінің даму тарихы»

1.Алғашқы қауымдық кезең

2.Дене тәрбиесінің Антикалық жүйесі (б.з.Ү-ІҮғасыр)

3.Ежелгі Греция

4.Ежелгі Рим

5.Ежелгі Шығыс және Азия

6.Парсы (б.з.д.ҮІ-Үғасыр)

      Алғашқы қауымдық кезең. Денені шынықтыру еңбек етуден пайда болған. Ол шамамен 80-8 мың. жылдары дами бастады. Адамзаттың ағзасын өзіндік қажеттілікпен қамтамасыз ету дене мәдениетінің негізгі міндеті болып табылады. Алғашқы қауымдық қоғамның өзінде-ақ денені қозғалысқа келтіру арқылы еңбек етуде, аңшылыққа шығуда, соғыс кезінде орасан зор ықпал ететін- ол, дененің физикалық жетістігі екенін арғы аталарымыз жете түсінген. Осыдан дене мәдениетінің қалыптасуы басталды.

       Алғашқы адамдар сол кездері орындаған әртүрлі сиқырлы церемонияларында, дәстүрлі билерінде, ойындарында, соғыста және басқа да іс-әрекеттерінде дене жаттығуларын қолданған. Яғни, қазіргі таңдағы жаттығулар сол алғашқы қауымдық қоғам кезінде пайда болған.

      5-4 ғасыр. Біздің дәуірімізге дейінгі VI-V ғасырларда осы Қазақстан жерінде тұрып, өмір сүрген біздің арғы ата-бабаларымыз сақтар кезінде өз заманына сай дене тәрбие жүйесі болған. Сақтардың дене тәрбие жүйесінің негізгі әскери-жауынгерлік  және жарыс-сайыс  бағытында болды. Ашық аспан астында киіз үйлерде тұрып негізгі кәсіптері мал өсіру мал өсіру болған сақтарға кенеттен келген жауларынан от басын, елін, жерін қорғау үшін сезімтал, күшті, епті, төзімді, батыл болу керек болды. Сондықтан да олар бала кездерінен атқа міну, садақ ату, күрес жаттығуларымен айналысқан. Сақтардың балалары 4-5 жастарынан  атқа шауып, 7-8 жасынан ат үсті дене жаттығуларына үйреніп, меңгере бастаған.

      Сол кездерде сақтармен қатар өз жерлерінде өмір сүріп жатқан гректердің «спартандық», «афиндық» дене тәрбиесі жүйелері блғанын біз білеміз. Сол спартандық  құрбылары секілді сақтардың да қыз-келіншектері ерлермен бірдей дене тәрбиесі жаттығуларымен айналысқан, жаумен соғысқан.

      Б. д. д. II ғасырда Шығыс Түркістанда пайда болып, біздің дәуірімізде Қазақстан жерінде қоныстанған ғұндардың дене тәрбиесі жүйесі сақтардың дене тәрбиесі жүйесіне ұқсас болған. Ғұндардың ат үсті жаттығуларына өте жетік болған, шауып келе жатқан аттың үстінде теріс отыру, тік тұру, жерге секіріп қайта отыру, аттың бауырынан өтіп қайта отыру, шауып келе жатып жерден қамшы алу,жамбы атып түсіру секілді жаттығуларды ғұндар өте жетік меңгерген.

        Монғолдар билік жүргізген кеде әскери-дене тәрбиесі жүцесі іске асырылды. Ол кезеңде әрбір ер адам атымен, қару жарағымен соғысқа аттануға дайын тұруы керек болды. Сол кезде «Ерлердің үш ойыны» дене тәрбие жүйесі болды. Ол күрес, садақ ату және атқа шабу спорт түрлеріне негізделген болатын.

       Әмір Темір билігі кезінде жеке сайыс, шахмат, өнерлері дамыды. Темірдің өзі де сайыс өнеріне жетік, дене қуаты жетілген, шахматты да жақсы ойнайтын адам болған.

      XV ғасырдан бастап Қазақ хандығы кезеңінде дене тәрбие жүйесі ұлттық ойындарды және әскери-жауынгерлік өнерлерді жетілдіру сипатында болды. Қазақтың ұлттық ойындары ат бәйгесі-аламан бәйге, жорға жарыс, күрес дамыды. Ат үсті ойындары-көкпар, аударыспақ, күміс алу, қыз қуу, шауып келе жатып жамбы ату, ат үсті жаттығуларын орындау өнерлері дамыды.

    Қазақ хандығының дене тәрбиесі жаттығулары жүйесі тек қана жарыс сипатында ғана емес, күнделікті тіршіліктерінде де жетілдіріп отырылды.  Күнделікті атқа отыру барысында орындалатын әр түрлі ат үсті жаттығулары, күнделікті орындалатын әр түрлі ат үсті жаттығулары, күнделікті орындалатын бие байлау, бұғалық тастап-құлын ұстау, аңға шығу, тауда, жазықта жүгіру, кешке ойналатын әр түрлі қазақтың ойындары (ақ сүйек, арқан тарту, алтыбақан тебу т.б. ойындар), қолдары босағанда күреспен айналысу, садақ ату, қару-жарақ түрлері жаттығуларын меңгеру жастарды шынықтырды, батырлыққа, батылдыққа тәрбиеледі, дене қуаты қасиетін жетілдірді. Сол кездегі дене тәрбиесі жүйесінің өз заманына сай болғанының дәлелі қазақ халқының ұлан байтақ жерді сақтап қалғаны, өздеріндей саны бар, тұрақты әскері бар, темірдей тәртібі бар, бір орталыққа бағынған жоңғар әскерін, жоңғар елін жеңуі.  

      Ежелгі Грецияда дене мәдениеті құлиеленушілік қоғамда дамыды. Оның көркеюі б. з. д. VI-V ғ. ғ. болды. Сондықтан да дене мәдениетінің ерекшеліктерін көбінесе ежелгі грек елдерінде, яғни Афины мен Спартадан көруге болады.

      Ежелгі грек мәдениетінде, әсіресе, б. з. д. V-VI ғ. ғ. адамзат денесінің физикалық және табиғи сұлулығын  рухани және интеллектуалдық қасиетін біріктірген. Ең бірінші сың атлетикалық жарыстың жеңімпазын мадақтаудан басталды. VI ғасыр философы Ксенофан айтуы бойынша, қала және мемлекетке көп пайда әкелетін ақыл және байқампаздық барлық атлетикалық күштер мен жылдамдықтан гөрі бағалануы қажет. Осы дене және рухани мәдениетінің өзара күресі Ежелгі Грецияда өте ертеден басталды. Гректердің пайымдауынша, «Илиада», «Одиссей» поэмаларының пайда болуы осыған негіз болды деді.

      Ежелгі Грецияда атлетикалық ойындардан басқа Панэллиндық ойындар да болған. Мысалы, Аполлон құдайының қарамағындағы Пифиялық ойындар б. з. д. 582 жылы өткен. Рухани және дене мәдениетін байланыстыратын атлетикалық және музыкалық бағдарламаны қамтыған Пасейдон құдайдың қарамағындағы Немиялық, Истмиялық ойындар өтті. Олимпия тек қана атлетикалық сайыс өтетін жер ғана емес, сонымен қатар поэттар, жазушылар және философтар өнер көрсететін орын.

       Спартадағы дене мәдениеті б. з. VI ғасырда үлкен мағынаға ие болды. Шамамен 9 мың спартандықтар, 30 мың жартылай бостандықтағы азаматтар, 200 мың құлдар осы мекенде тіршілік етті. Осыған орай Спартадағы әскери лагерь пайда болды. Спартандықтар жастайынан денені шынықтырып, тек қана әскери істермен айналысқан.

       Сонымен, спартандықтар бала тәрбиесінде міндетті түрде әскери-физикалық  жағынан үлкен мән берген. Және де олар әскерлерін шыдамдылық пен қайраттылыққа тәрбиелеген. Ал Афиндықтар физикалық қасиетін және ақылдылығын өзара үйлесімділікте ұстауға тырысқан.

      Ежелгі Рим. Ежелгі Римдағы дене тәрбие тек тәжірибелік мақсатта жүрді, және ол спартандықтарға ұқсас болды.

      Балалар он екі жасқа дейін отбасында тәрбиеленген. Әкесі ұлын үй шаруашылығын жүргізуге, қару қолдануға қолданған, Отанға деген патриоттық сезімді тәрбиелеген. Денені шынықтыруда дәстүрлі ойындар мен жаттығуларды қолданған. Үйінде тәрбие алған римдық  жасөспірімдер 16-17 жасқа келгенде әскерге алынған. Әскери дайындық өзінің кереметтілігімен ерекшеленген. «Войско» атауы «жаттығу», ал «легион» термині «таңдап алу» деген сөздерден шыққан. Римлиндықтар әскер құрамына жастарды таңдап алған. Жас әскербасылар таңертеңнен  қару-жарақ қолданумен жаттыққан және де көптеген дене жаттығуларын да жасап өткен. Ал үлкен дәрежедегілер күніне бір рет қана жаттыққан. Әскердегілер ағаш жарып, көптеген ауыр жүктерді көтерген, суда жүзген, бөгеттерден өткен.