Апта 4

Дене тәрбие сабақтарында  жаттығуларын оқыту әдістемесі мен мазмұны.

1.      Жаттығуларды бастапқыда үйретудің кезеңдері, мақсаты мен оқыту әдістемесі.

Дене тәрбиесі   сабақтары   балалар   бақшасындағы  3-6 жастағы балалармен дене тәрбиесі жұмыстарын жүргізудің  негізгі түріне жатады. Сабақтың мақсаттары: жаңа қозғалыстарға үйрету, алдыңғы сабақтарда  меңгерген әрекеттерді жетілдіру, дене қуаты  қасиеттерін тәрбиелеу. Дене тәрбиесі  сабағы тәрбиешінің басшылығымен жетісіне 2-3 рет жүргізіледі.

Сабақтың ұзақтығы 3-4 жастағы балаларға 15-20 мин, 4-5 жасқа дейінгі балаларға 20-25 мин, 5-6 жастағы балаларға 25-30 мин созылады. Сабақ үш бөлімге бөлінеді: кіріспе, негізгі, қорытынды. Кіріспе бөлімнің міндеттері- балаларды ұйымдастыру, олардың зейіндерін келешек  орындалатын  жаттығуларға шоғырландыру, бала ағзасын негізгі бөлімде  орындайтын жаттығуларға дайындау, денелерін қыздыру. Кіріспе бөлімде негінен қозғалыс  түріндегі жаттығулар орындалады. Олар: жүру, аяқтың ұшымен, өкшемен жүру, жүгіру, бағыттарын өзгертіп жүру, жүгіру, жыланша жүру, заттардың арасымен және т.б.

Сабақтың негізгі бөлімінде балаларға жаңа жаттығулар үйрету, қайталау, алдыңғы сабақтарда өтілген жаттығуларды жетілдіру және  дене қуаты  қасиеттерін тәрбиелеу міндеттері орындалады. Негізгі бөлімде ең алдымен жалпы дене дамыту жаттығулары, жоғарыдан  төмен кезектестікпен – алдымен қол, иық деңгейі жаттығулары, сонан соң кеуде, аяқ бұлшық ет жаттығулары орындалады. Жалпы дене дамыту жаттығуларынан кейін спорт түрлерінің негізгі қозғалыс түріндегі жаттығулары: жүру, жүгіру, секіру, өрмелеу, лақтыру және тепе – теңдік жаттығулары орындалады. Міндетті түрде негізгі бөлімге балаға физиологиялық және эмоциялық әсер беретін қозғалмалы ойын түрлері кіргізіледі.

Қорытынды бөлімде бала ағзасын қалпына келтіру, босаңсыту жаттығулары беріледі. Берілген жүктемелерді төмендету үшін жүру жаттығулары, тыныс алу жаттығулары, қозғалысы аз қозғалмалы ойындар, ықыласқа арналған жаттығулар орындалады.


Ұқсас жұмыстар

Тәжірибенің мақсаты
Үздіксіз педагогикалық тәжірибе (ҮПТ) міндеттері
Үздіксіз педагогикалық тәжірибе міндеттері
Пән Жаратылыстанудағы математикалық моделдеу
Құқық қорғау қызметінің қағидалары
Сұйықтық қозғалысының ламинарлық режимі
Жасөспірімдердің ерікті зейінінің өзгеру динамикасы
Қарапайым түсініктер заттарды санау
Академиялық жазу және мәтін
Экономикалық дамудың қазақстандық үлгісі