Апта 10

Оқу, тәрбиелеу үрдісінің әдістері

Қарастырылатын сұрақтар

1.     1 жастағы балалардың дене тәрбиесі

2.     2 жастағы балалардың дене тәрбиесі

Дене тәрбиесі бала тәрбиелеуде ақылдылық, өнегелік және жарасымдылықтың негізігі құралы болып табылады. Оның бір ерекшелігі – әдейі жинақталған және белгілі жағдайда ұйымдастырылған адам денесінің қимылы.

Сау балалар бір жасында ересек адамдардың көмегімен немесе үй жиһаздарынан ұстап, ал кейбіреулері өздері жүре алады. Осы уақытқа дейін олардың өзіне лайықты омыртқаларының иілісі пайда болады. Бұл өте қиын қозғалыстар, көптеген бұлшық еттердің топтары мен мүшелерінің алдын ала келісімділігі.

1 жастағы балаларды суға шомылдыру арқылы шынықтыруға болады. Баланы сумен таныстыру: жел толған резенке ойыншықтармен баланың бетіне су шашып, ал кейінірек ваннада бұрылуға, отыруға және тұруға үйрету керек. Кейде балалардың жүрерден бұрын суға жүзуді үйренген кездері де бар. Алғашында балаға душтың жылы суын шашып үйретсе, кейінрек 1 жастағы бала өзіне – өзі қоя сушашқышымен су шашқанда, бетіне су тисе де, қорықпайтын болады.

Тәжірибе көрсеткендей, ерте суда жүзуге үйреткен баланың жақсы дамуына мүмкіндік туғызады да организмнің барлық жүйелеріне дұрыс әсерін тигізеді.

Шыныққан балалар күннің ылғалдығын, ыстықты және суықты жақсы көтереді, суық тиіп және басқа да ауруларға онша көп ұшырамайды.

2 жастағы балалардың қозғалыстарын жетілдіретін негізгі жаттығулар: жүру, өрмелеу, кедергілерден өту, доптармен, ойыншықтармен, обручтармен, гимнастикалық таяқтармен, скакалкалармен ойнайтын әр түрлі ойындар. Бұл жастағы балаларға аранлған сабақ түрі – ойын. Ойын арқылы балалар өздерінің қимыл қозғалыстарға деген сұраныстарын қанағаттандырады. Дене тәрбиесі жаттығулары сабақтары аптасына 2-3 рет өткізіледі.

        Тәңертеңгілік гимнастиканың ұзақтығы 2 жастағы балалар үшін 5 минутқа созылады.

2 жастағы балалардың дене тәрбиесі кезінде барлық дене қуаты қасиеттерін дамыту міндеттері орындалады. Ең алдымен, ептілік, қимыл үйлесімділігі қасиеттерін дамытуға назар аудару керек. Олар: тепе-теңдікті ұстай білу, дәлділік, ырғақтық, әр түрлі қозғалыстар үйлесімділігі. Ойын кезіндегі қарапайым қимыл-әрекеттерді орындау, қайталау арқылы жылдамдық қасиеттері дамиды. Жаттығулар арапайым және ойын түрлерінде беріледі.

Бұл жастағы балаларға берілетін дене қуаты жүктемесі орташа, онша ауыр да емес, сондай жеңілде емес болып берілуі керек.


Ұқсас жұмыстар

Тәжірибенің мақсаты
Қарапайым түсініктер заттарды санау
Үздіксіз педагогикалық тәжірибе (ҮПТ) міндеттері
Үздіксіз педагогикалық тәжірибе міндеттері
Жасөспірімдердің ерікті зейінінің өзгеру динамикасы
Сұйықтық қозғалысының ламинарлық режимі
“Иммунология” пәні бойынша практикалық сабақтар жоспары
Математикадан логикалық есептер жинағы
Биотехнологияда қолданылатын биологиялық нысандар пәнінің жұмыс бағдарламасы
Тағам биотехнологиясы пәнінің жұмыс бағдарламасы