Апта 14


 1-сыныпта оқыту әдістемесі


         Дене шынықтыру мен спортты дамытудың маңызды бөлімдерінің бірі Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептеріндегі спортталған дене тәрбиесі (СДТ) болып табылады.

         Дене тәрбиесінің мазмұны мен түрін жаңартудың спортталған дене тәрбиесінің мәні жалпы дене дайындығы топтарында, шаңғы спорты, спорттық жекпе-жектер, стол теннисі, баскетбол, волейбол, спорттық гимнастиканың оқу-жаттығу топтарында спорттың таңдап алынған түрлерімен үйренушілердің ерікті түрде шұғылдануынан тұрады. Сабақ оқу кестесіндегі сағаттардың қатарына енгізіліп және 2 сағаттан аптасына 3 рет сабақтан тыс өткізіледі.

         Спортталған дене тәрбиесін енгізудің мазмұндық және ұйымдастырушылық құрылымын жаңарту процесін біртіндеп, кезеңмен дамытуды көздейді.

Орта мектептің 9–сыныптарының оқушыларын дене тәрбиесін ұйымдастырудың жаңа түріне алдын-ала дайындау қажет. Оқу жылының басындағы дене тәрбиесі сабақтарының бірі сабақтың негізгі  бөліміндегі жаттықтыратын режімдердің көлемін біртіндеп өсіру арқылы өткізіледі. Осы кезеңде таңдап алынған спорттың бөліктерімен таныстырылады.

10-12 сыныптардың оқушылары мектеп директорының атына жазылған арызға сәйкес спорттық оқу-жаттығу топтарында өзі таңдаған спорт түрлерімен шұғылдануға ауысады. Ықылас білдірмегендер жалпы дене дайындығы (ЖДД) спорттық топтарында шұғылданады.

Адам физиологиясын, яғни сенситивтік кезеңдерді ескере отырып 6 жастан бастап иілгіштікке жаттығуларды беру қажет, 8-9 жастан бастап шапшаңдық пен ептілікке, 11-12 жастан бастап шыдамдылыққа және 15 жастан бастап күшті дамытуға арналған жаттығулар берілуі тиіс.

15-16 жастағы оқушыларда қозғалыстың кез келгенін іс жүзінде зерттеу үшін морфологиялық және функционалдық алғы шарттар туындайды. Дегенмен де бұл кезеңде оқушылардың қызығушылығы, сұранысы мен қабілеттеріне сәйкес оқу-жаттығу топтарына бірыңғай 10-12 сыныптарды біріктіру есебінен жасөспірімдер мен қыздарды бөлек оқытуды ескере отырып, жеткіншектің жыныстық жетілу дәрежесіне байланысты дене жүктемелерінің көлеміне жеке тұрғыдан келу қажет.

Жас шағынан бастап жалпы дайындау және спорттық бағдар беру жүріп жатады, бұл жастарда азғана, яғни маманданудың жекелеген элементтері ғана беріледі. Сонымен бірге жоғары сынып оқушыларында спорттың кейбір түрімен шұғылдануға деген себептер айқын байқалады, бірақ бұл төменгі сыныптарда да, спортталған дене тәрбиесін ұйымдастыру мүмкіндігі жоқтығын білдірмейді.