Пән туралы мәлімет

Атауы:           «Информатиканы оқытудың әдістемесі»

Кредит саны – 2

Оқу сабағының өткізілетін орны: СМПИ  №3 оқу корпусы, аудиториялар сабақ кестесіне сәйкес.

Оқытушы туралы мәлімет:

Информатика  және ақпараттық технологиялар кафедрасының  аға оқытушысы:

А.А.Абишова - E-mail: аааsemey@mail.ru

Жұмысқа келу уақыты: 8.00-17.00

Оқу жоспарынан көшірме

Курс

Семестр

Кредит

Дәріс саны

Зертханалық сағат  саны

СРСП

СРС

Барлығы

Бақылау формасы

2

4

2

15

15

15

45

90

Емтихан

Пререквизит: Пәнді меңгеру үшін студент информатика, педагогика, психология, білім берудегі ақпараттық және коммуникациялық технологиялар пәндерінің білімдерін меңгерген болуы керек.

Постреквизит: Қазіргі ақпараттық технологиялар, Қазіргі заманғы мектепте ИОӘ-нің өзекті мәселелері пәндерін игеру қажеттілігі бұл пәнді меңгеруге тікелей байланысты.

Қысқаша сипаттама:

Курстың мақсаты   - Қазақстан Республикасының жалпыға міндетті мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес, «Информатиканы оқытудың әдістемесі» курсы оқытудың басты мақсаттарын жүзеге асыруды қамтамасыз етеді: білім берудің барлық баспалдақтарында информатиканы оқытудың теориясына байланысты жаңа білімді үйрену, ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдаланудың дидактикалық мүмкіндіктерін меңгеру, арнайы әдістермен оқушылардың қабілеттерін толығырақ ашу және дамыту. «Информатиканы оқытудың әдістемесі» пәні ақпараттандыру құралдарын пайдалануға байланысты мәселелерді қарастырады, адамның ақпараттық коммуникациялық технологияларды меңгеру тәжірибесін түсіндіруді қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, білім беру жүйесін ақпараттандыруда толық жетекші роль атқарады.

«Информатиканы оқытудың әдістемесі» пәнін  оқытудың міндеттері – информатиканы оқытудың әдістемесінің теориялық негіздерін меңгеру, болашақ информатика пәні мұғалімін «информатика» курсын оқытуға қажетті білім, іскерлік пен дағдылармен қамтамасыз ету; сондай-ақ, студенттерді озық педагогикалық іс-әрекеттің жалпыланған тәжірибесі негізінде өз бетімен сабақты жоспарлауға, тақырыптық жоспар құруға, сабақ конспектісін жасауға, әдістемелік жұмыстар жасауға баулу; оқу үрдісінде пайдаланылатын нақты қолданбалы программалық қамтамасыз етуді пайдаланатын мамандарды дайындау.

«Информатиканы оқытудың әдістемесі» пәнін оқудың нәтижесінде студенттер:

· Информатика мен ақпараттық коммуникациялық технологияларды оқытудың барлық мақсаттарын – білім беру, тәрбилеу, дамыту – түсініп, білуі тиіс;

· Жалпы білім берудегі информатика мен ақпараттық коммуникациялық технологиялардың орны мен мәнін білуі тиіс; Информатика мен ақпараттық коммуникациялық технологиялар курсының тұжырымдамалары мен мазмұнын тұтас білуі тиіс; Мазмұнды іріктеу принципін түсініп, оны пайдалана білуі тиіс;

· Информатика мен ақпараттық коммуникациялық технологиялар курсын оқыту құралдарын меңгеруі тиіс, оқытудың дәстүрлі және инновациялық әдістерін меңгеру, оқушылардың ақыл-ой әрекетін басқара білуі тиіс; Сабақтың әртүрлі ұйымдастыру формаларын меңгере білуі тиіс; Информатика мен ақпараттық коммуникациялық технологиялар курсының басқа пәндермен пәнаралық байланысын жобалап, құра білу іскерлігі болуы тиіс;

·      Информатика мен ақпараттық коммуникациялық технологияларды оқыту үрдісін талдауды үйреніп, оның программалық және техникалық қамтамасыз етілуін жасап, пайдалана білуі тиіс.

«Информатиканы оқытудың әдістемесі» курсы «педагогикалық информатика» «информатика», «педагогика», «психология» және т.б. пәндерден алынған білімге сүйенеді.


2. Курстың тақырыптық жоспары

Дәріс тақырыптары

сағат саны

1

Информатиканы оқыту әдістемесі педагогикалық  ғылым ретінде. Педагогикалық білім  жүйесіндегі информатика курсын  оқыту  әдістемесі. Орта мектепте информатиканы оқыту әдістемесі мен теориясының жалпы мәселелері. Информатиканы оқыту әдістемесі пәні және информатика мұғалімін кәсіптік дайындау жүйесіндегі орны.

1

2

Информатика ғылым және орта мектептегі оқу пәні ретінде. Информатиканы оқыту әдістемесінің педагогикамен, псиxологиямен және информатика ғылымымен байланысы.

1

3

Мектепте  информатиканы оқытудың  мақсаттары мен  міндеттері. Жалпы білім беретiн орта  мектепте  информатиканы оқытудың әдістемелік жүйесі. Оның негізгі  бөліктерінің жалпы  сипаттамасы

1

4

Информатика негіздерін  оқытуға қажетті құжаттар. Орта жалпы білім берудің  мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты. Информатика бойынша  жалпы  білім беру  стандартының функциялары мен орны. Стандарттың негізгі құрылымы және негізгі бөліктері.

1

5

Жалпы орта білім беретін мектептерде информатиканы оқыту тұжырымдамалары. Информатиканы үздіксіз оқытудың үшкезендік құрылымы

1

6

Бастауыш  мектептегі  информатиканың кіріктіріліп  оқытылуы. Бастауыш мектепте информатиканың кіріктіріліп  оқытылудың қажеттілігі. Оның мақсаттары мен міндеттері.

1

7

Мектептің информатика курсы бойынша бағдарламалар мен оқулықтарға талдау. Негізгі  бағдарламаларға және мектеп информатика курсы бойынша  оқулықтарға  талдау жасау.

2

8

Орта мектептегі  информатика  курсын бағдарламалық  қамтамасыз  ету. Информатика курсын оқыту құралдарының жүйесі. Оқыту  мақсатындағы  компьютерлік  оқу құралдарын  жасау кезеңдері

1

9

Информатика кабинетінде оқушылардың жұмысын ұйымдастыру. Мектептегі информатика  кабинетіне қойылатын негізгі талаптар. Кабинетті жабдықтау және оған қызмет ету.  Оқушы мен мұғалімнің жұмыс орны. Техника кауіпсіздігіне қойылатын  талаптар. Компьютерлік техникада  жұмыс істеудің санитарлық- гигиеналық жұмыс істеу  нормалары.

1

10

Информатика курсы  бойынша  оқу  үрдісін  жоспарлау. Оқу үрдісінін тақырыптық жоспары және сабақ жоспары. Сабақтың конспектісі және оның құрамы. Сабақтың  дидактикалық мақсаты және оның қорытынды нәтижесі. Информатика сабағының құрылымы, оған қойылатын талаптар.

2

11

Орта мектептегi информатика курсының мазмұны.

Мектептегі оқу жоспарындағы информатика курсының алатын орны

1

12

Информатиканы оқыту әдістеріне шолу. Орта мектепте  информатиканың дәстүрлі оқыту әдістері. Оқытуды нақтылы ұйымдастырудың формалары

2

Барлығы

15

3. Зертханалық сабақтар            

Сабақтардың тақырыбы

Сағ.саны

1.     

Бағдарламалар, жоспарлар, оқулықтар,  оқу құралдары олардың құрылымдары және мазмұны.

2

2.     

Информатиканың программалық құралдары. Мектептік ДЭЕМ үшін негізгі программалау тілдердіне шолу.

2

3.       

Оқу - оқушының қажеттігін жүзеге асыру.

2

4.       

Сабақ және оның құрылымы.

3

5.       

Оқудың салт-дәстүрлі әдістері. Информатикадағы теория мен  практика, кері байланыс және басқару.

3

6.       

Оқытудың ұйымдастырылған формаларының  жүйесі.

3

           Барлығы

15

4. СӨЖ бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру графигі

Тақырып

Бақылау формасы

Балл

Жұмысты тапсыру мерзімі

1.    

Телекоммуникациялық жобалар:

ұйымдастыру және өткізу

Реферат

3

1-апта

2.    

Информатиканың базалық курсының оқу бөлімінің тақырыптарын құрылымдау (тақырыптың құрылымданған конспектісін мысал арқылы)

презентация

4

2-апта

3.    

Информатиканың базалық курсының теориялық материалдарының негізінде ағымдық, аралық бақылауды ұйымдастыруға арналған тест тапсырмаларын дайындау.

Кез келген ортада құрылған программа

3

3-апта

4.    

Информатиканың базалық курсының теориялық материалдарының негізінде қорытынды және өзіндік бақылауды ұйымдастыруға арналған тест тапсырмаларын дайындау.

Кез келген ортада құрылған программа

4

4-апта

5.    

Информатиканың базалық курсының бөлімдерінің тақырыптары бойынша қызықты тапсырмалар мен есептер құрастыру

Тапсырмалар

электронды

түрде

3

5-апта

6.    

Информатиканың таңдаулы бөлімдерінің бірінен факультативтік курстың бағдарламасын және жүргізу әдістемесін жасау

Электронды

түрде

4

6-апта

7.    

Бастауыш мектепке арналған информатика курсы

презентация

4

7-апта

8.    

Компьютер білімді  тексеру  құралы  ретінде.

презентация

5

8-апта

9.    

Жеке пәндерді тереңдетіп оқытатын мектептер мен сыныптардағы информатика

презентация

5

10-апта

10.

Информатика оқу кабинетінің жабдық-талуына қойылатын талаптар

презентация

5

12-апта

11.

Информатика сабағында ойын элементтерін пайдалану

презентация

5

14-апта

Білімді бағалау туралы мәлімет

«Информатиканы оқытудың әдістемесі» курсы практикалық курс болып табылады, сондықтан барлық зертханалық жұмыстарды,  бақылаудың негізгі түрін құрайтын жеке тапсырмаларды орындау міндетті шарт болып табылады.

Дербес компьютерде жұмыс істеудің нәтижесінде алынған машықтар пән бойынша жеке тапсырмалардың орындалуының дұрыстығымен бағаланады. Сабаққа қатысу міндетті болып табылады және ешқандай сабақ босатудың себепті жағдайлары студентті барлық практикалық және жеке тапсырмалар кешенін орындаудан босатпайды.

Қорытынды бағалауға:

Ағымдық бақылау – 60%                           Емтихан                  - 40%

Қорытынды бағалау келесі формула бойынша есептелінеді:

                               

мұндағы:                   ИО - қорытынды бақылау;

                                   Р1 – бірінші аралық бақылау бағасының сандық эквиваленті;

Р2 – екінші аралық бақылау бағасының сандық эквиваленті; 

Е – емтихан бағасының сандық эквиваленті.

            Қорытынды баға осы курс бойынша алған нәтижелерге сәйкес төмендегі бағыттар бойынша бағаланады:

  1. үй тапсырмасы      (макс. балл-10)
  2. ағымдық бақылау  (макс. балл-20)
  3. аралық бақылау     (макс. балл-30)
  4. қорытынды емтихан  (макс. балл-40)

Төмендегі кестеде оқытудың кредиттік технологиясымен жалпылама қабылданған, әріптік символдар қолданылатын, GPA – студенттің оқу жетістіктері деңгейінің орташа бағасын –  анықтау үшін қажет бағалау жүйесі көрсетілген.

Оқу курсын бітіргеннен кейін қорытынды бақылау формасы – емтихан.

Бекітілген мерзімнен кейін тапсырылған студенттер тапсырмалары қабылданбайды.

Бағалардың % бойынша шкаласы

Әріптік жүйеде бағалау

Ұпаймен сандық эквиваленті

Дәстүрлі жүйемен бағалау

95-100

А

4,0

Өте  жақсы

90-94

А-

3,67

 

85-89

В+

3,33

Жақсы

80-84

В

3,0

 

75-79

В-

2,67

 

70-74

С+

2,33

Қанағаттанарлық

65-69

С

2,0

 

60-64

С-

1,67

 

55-59

D+

1,33

 

50-54

D

1,0

 

0-49

F

0

Қанағаттанғысыз

Тәртіпті бұзу немесе жұмыстарды тапсыру мерзімінен ауытқу үшін айыппұл салынады:

o       Кешігу  0,1 балл азайту

o       Дәріс сабағын босату  0,5 балл азайту

o       Зертханалық сабақтарды босату  0,5 балл азайту

o       Жұмысты уақытылы тапсырмаубағасын жарты баллға кеміту

1-ші рейтинг бақылау қортындысын шығару кезінде студенттің 7 апта бойынша жинаған пайлар саны есептелінеді.

2-ші рейтинг (қорытынды) бақылау қорытындысын шығару кезінде студенттің 8-14 апталар аралығында жинаған ұпайлар саны есептелінеді.

Егер 2-ші рейтинг бақылау бағасы  30 баллдан төмен болса, рейтингті жоғарылатуға жіберілмейді. Бұл жағдайда 2-ші РБ бағасы қорытынды бақылау бағасы болып табылады. Қорытынды рейтинг бақылау 15 аптада қойылады.

Егер қорытынды РБ нәтижесі бойынша рейтинг 30 баллдан кем болмаса, студент емтиханға жіберіледі.

Курстың саясаты мен процедурасы пәнді оқу үрдісінде студенттерге келесі әкімшілік талаптарды қояды:

  1. Курстың компоненттеріне және оқып-үйренуге қойылатын негізгі талаптар:

-          Студент сабаққа қатысуы, зертханалық жұмыстар мен СОӨЖ талаптарын орындауда белсенділік танытуы тиіс;

-          Дәріс сабақтарында конспект жазып, мұқият тыңдап, тәртіп бұзбауы қажет;

-          Зертханалық жұмысқа тек ақ халатпен келуі қажет;

-          себепті  жағдаймен қатыспаған  сабағын (деканаттың  рұқсатымен) қайта  тапсыру;

-          өз  бетінше  кітапханада және үйде  дайындық  жасау;

-          барлық  тапсырмаларды  өз  уақытында  орындау

  1. Сабақта өзін-өзі ұстау ережесі:

-         Кешікпеуі, аудиторияға қоңырауға дейін кіруі қажет;

-         Сырт киімін гардеробқа тапсыруы қажет;

-         Сабақ кезінде ұялы телефонын сөндіруі қажет;

-         Зертханалық сабақтарда ақ халатта болуы қажет;

-         Таратпа материалды ұқыпты қолдануы (бүктемеу, жыртпау) қажет;

-         Оқытушы жағынан консультация қажет болған жағдайда қолын көтеруі қажет;

-         Сабақ кезінде сұрануға және аудиториядан шығуға рұқсат етілмейді.

Оқу топтарындағы  келіспеушілік жағдайларды  оқытушылар  немесе  эдвайзердің  қатысуымен  ашық  түрде  талқыға  салу керек,  шешілмеген  жағдайда  деканат  қызметкерлері  көмегімен  қарастырылады.

II курс бойынша студенттің қорытынды бағасы келесі  компоненттерден құрылады:

№ апталар

Дәріс сабақтар үшін ұпай

Зертханалық сабақтарда алған ұпайлар

ОСӨЖ үшін

ұпай

СӨЖ үшін ұпай

Барлық ұпайлар саны

қатысу

қатысу

баға

барлығы

қатысу

орындау

 

1

1

 

1

2

1

3

6

2

1

 

1

2

1

4

7

3

1

 

1

2

1

3

6

4

1

 

1

2

1

4

7

5

1

 

1

2

1

3

6

6

1

 

1

2

1

4

7

7

1

 

1

2

1

4

7

 

 

 

 

 

 

 

 

I рейтинг қорытындысы

7

 

7

14

7

25

46

8

1

 

1

2

1

4

7

9

1

 

1

2

1

4

7

10

1

 

1

2

1

4

7

11

1

 

1

2

1

3

12

1

 

1

2

1

4

7

13

1

 

1

2

1

3

14

1

 

1

2

1

4

7

15

1

 

1

2

1

 

3

II рейтинг қорытындысы

8

 

8

16

8

20

44

қорытынды рейтинг

15

 

15

30

15

45

90

    Тапсырманы орындағаны үшін  баға : «5-ке» орындалған тапсырма 3 балл,

                                                                     «4-ке»  орындалған тапсырма 2 балл,

                                                                     «3-ке»  орындалған тапсырма 1 балл, 

                                                                     «2-ге»  орындалған тапсырма - 0 балл.

                      ЖКИ сем = (15 дәріс+15 зертх+15 СОӨЖ+45 СӨЖ) = 90 балл


Ұқсас жұмыстар

CLIL -ді оқытудың теориялары, дидактикалық принциптері, психологиялық ерекшеліктері және модельдері
Жаңа ақпараттық және коммуникациялық технологияларды оқу-тәрбие үрдісінде пайдалану жолдары
Портфолио және оны даярлау жолдары
Вуздағы кафедра құжат айналымын DELPHI көмегімен дамытуды ұйымдастыру
Үздіксіз педагогикалық тәжірибе (ҮПТ) міндеттері
Үздіксіз педагогикалық тәжірибе міндеттері
Мектеп оқушыларының мәліметтер базасы
Коммуникативтік дағдылар түсінігін анықтау
Әдебиетті оқыту әдістемесінің ғылыми пән ретіндегі мазмұны
ҚҰЖАТТАР ПОРТФОЛИОСЫ