Информатика ғылым және орта мектептегі оқу пәні ретінде. Информатиканы оқыту әдістемесінің педагогикамен, псиxологиямен және информатика ғылымымен байланысы

Тақырыбы:                         Информатика ғылым және орта мектептегі оқу пәні ретінде.

                                   Информатиканы оқыту әдістемесінің педагогикамен,

псиxологиямен және информатика ғылымымен байланысы

Мақсаты:                 Қоғамның алға қойған мақсатына  байланысты информатиканы

оқытудың заңдылықтары қарастырылады

Қазіргі кездегі білім беру сферасы жаңа сапалы деңгейге еніп, оқу үрдісінде компьютерлік технологияны  жаппай  қолдану міндетін шешіп отыр. Бұл – электрондық оқулықтар мен ресурстарды эффективті түрде қолдануды талап етеді.

Қазіргі кезге дейінгі білім беру үрдісін қарапайым үш түрде қарастыруға болады:

1.      Информацияны беру  және қабылдау. Онда “Оқытудың техникалық құралдары” көмегімен сабақ материалдарын иллюстрациялар: фотосурет, сурет, бейне, дыбыс көмегімен үлкен аудиторияларда көрсету мүмкіндігі артады. Оқушылардың информацияларды оқытушы көмегінсіз-ақ қабылдау мүмкіндігі пайда болады.

2.      Іс- тәжірибелік сабақтар. Бұл информацияны меңгеру негізінде білімін тереңдету болып табылады. Оқу аудиториясында есептер шығару, физикалық эксперименттер жасау, экономикалық есептеулер  жүргізу немесе философиялық проблемаларды  талқылау негізінде белгілі нәтижеге  жету үшін информацияны  қолдануды үйренеміз.

3.      Аттестациялау. Бұл оқушылар білімін тексерудің әр түрлі әдістері: ағымдағы  сұрау, белгілі  пән бойынша нақты есепті шешуді қамтитын комплексті  емтихан.

Компьютердің пайда болуы аудиториялық және өздігінен жұмыс істеудің арасын біріктіріп, жаңа - өздігінен аттестациялау формасын тудырды.

Іс- тәжірибелік сабақтарда да  компьютерді қолдану мынандай мақсаттарға жетуге мүмкіндік береді:

1.      Оның көмегімен  лабораториялық жұмыстарды орындауды әрбір  жеке детальдары  бойынша көрсетуге, химиялық реактиві бар пробирканы  қозғалысқа келтіру немесе радиотехникалық сызбаны баптау мүмкіндігін беретін “виртуальдық лабораториялар” ұйымдастыруға  болады.  Виртуальдық лаборатория көмегімен жасалынатын эксперименттердің ауқымы өте үлкен.

2.      Компьютерде  интерактивті эффектінің ролі өте зор. Оның көмегімен әрбір  оқушы кез келген сұрақ бойынша іс-тәжірибе жасауда жіберілген қателері туралы  хабарлама, оны түзету әдістері жөнінде  нақты кеңестер ала алады.

3.      Жағдайды басқару ойындарының көмегімен іс-тәжірибелерді әсерлі орындау мүмкіндігі.

Өзін - өзі аттестациялау білім бекітудің кез келген кезеңінде жеке түсініктерді қорытындылау мақсатында қолданыла береді. Қазіргі  мультимедиалық технология жеке пәндер бойынша тестілеуде, әр түрлі мақсаттардағы есептерді шығару жолдарына түсініктемелер беруде және динамикалық графика элементтерін  пайдалануда қолданылады.

Білім беруде жаппай компьютерлік технологияны ендіру қазіргі информациялық және мультимедиалық (IT/MT) технологияның барлық  мүмкіндіктерін қолдану негізінде іске асады да білім берудің сапасын көтеруге жағдай жасайды.

Информатиканы оқыту әдістемесінің педагогикамен, псиxологиямен және информатика ғылымымен байланысы;

Жалпы бiлiм беретін орта мектепке "Информатика және есептегіш  техника негіздері" курсының енгiзiлyiне байланысты педагогика  ғылымның жаңа саласы пайда болды, оның зерттеу объектісі – информатикaны оқыту әдістемесі деп аталады.  Мұнда қоғамның алға қойған мақсатына  байланысты информатиканы оқытудың заңдылықтары қарастырылады. Оқыту зандылықтары информатика дамуының нақты кезеңіне сай зерттеледi.

Қазiргi уақытта информатиканы оқыту әдiстемесі қарқынды даму үстінде оның көптеген мәселелер теориялық жағынан зерттеудi тaлап етедi. Педагогика ғылымының  осы саласы тұтас, әpi толық бiр мәнді болу үшiн информатиканың барлық деңгейде оқытылуы зерттелyi керек. Мектепке дейiнгi кезеңде, мектепте, орта оқу буындарының барлық типтерiнде, жоғaрғы мектепте, информатиканы өзiнше оқитындар үшiн және т.с.с. Осы аталған буыңдардың бәpi қазiргi уақытта педагогика ғылымының алдына өзіне тән проблемаларын қоюда. Бiздің жағдайда алдыңғы кезекте қарастыратын мәселемiз, мектеп көлемiнде             оқытылатын  "Информатика" курсын oқытy әдiстемесi. Информатиканы оқыту әдiстемесi оқытудың жалпы мақсаттарына сәйкес өзінің алдына келесi негiзгi мiндеттердi қояды: Информатика және есептегiш техниканы нақты мақсатын және орта мектептегi жалпы бiлiм беру пәнiнiң мазмұныy анықтау, оқыту түрлерiн ұсыну; Информатика мен есептегiш техниканы оқытудың барлық құралдарын қарастыру (оқу құралдары, программалық құралдар, компьютерлер және т.б.), мұғaлiмнiң практикалық жұмысына оларды қолдануға нұсқаулар беру;

Информатиканы оқыту әдістемесі жаңадан қалыптасып келе жатқан жас ғылым. Педагогика ғылымының iргелi бөлiгi ретiнде өзiнің дамуында информатиканы оқыту әдicтемесi философияға, педагогикаға, психологияға, информатикаға сүйенедi. Сонымен қатар, орта «Информатиканы оқыту әдістемесі» деп аталатын курс мектептегі информатика курсының жaлпы ғылыми оқу-әдістемелік дидактикалық ұйымдастырушылық педагогикалық, психологиялық мәселелерiн жан-жaқты қарастыратын курс болып табылады.


Ұқсас жұмыстар

ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ Бастауышты оқытудың әдістемесі мен педагогикасы мамандығы үшін
Информатиканы оқыту әдістемесінің педагогикамен, психологиямен және информатика ғылымымен байланысы
Информатиканы мектепте оқытудың жалпы мәселелері
Информатиканы оқыту әдістемесі (ИОӘ)
Информация, информатика
Информатиканы оқытудың нақты мақсаттарын анықтау
Есептеу техникасы және дербес компьютер
ИНФОРМАТИКАНЫ ОРТА МЕКТЕПТЕ ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ЖАЛПЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ