Информатиканы оқыту әдістеріне шолу. Орта мектепте информатиканың дәстүрлі оқыту әдістері. Оқытуды нақтылы ұйымдастырудың формалары

Мақсаты:                  Орта мектепте информатиканың дәстүрлі оқыту әдістері мен оқытудың  нақтылы ұйымдастыру  формаларына  шолу

Дидактикада оқушының іс-әрекеті, мұғалімнің іс-әрекеті және олардың бірлескен іс-әрекеті деп бөледі. Мысалы, оқушыларға арналған инструкцияны жасау – педогогтың іс-әрекеті; инструкциямен ЭЕМ-дегі программамен жұмыс істеу – оқушының іс-әрекеті; ЭЕМ-де орнындалған оқушының жұмысының нәтижесін қорғау (тапсыру) – олардың бірлескен іс-әрекеті.

Информатика курсында оқушылар мен мұғалімнің бірлескен іс-әрекетінің көлемін қысқартуда іс-әрекеттің тәуелсіз түрі салыстырмалы түрде елеулі орнын алады. Курстың мақсаттарының бірі ЭЕМ-мен жұмыс кезіндегі оқушының педагогтан тәуелсіздігі, одан кейін программистен тәуелсіздігі, өз бетімен білім алуға дағдының қалыптасуы. Сондай-ақ, компьютер мұғалім мен оқушы арасындағы тәуелсіз іс-әрекеттін көлемін едәуір кеңейтеді. Әрине, бұл педогогты іс-әрекетінен толық босатады деген сөз емес. Педогогтың оқыту алгоритіміндегі жүзеге асырылатын білімімен тәжірибелері оқушының өз бетінділігінің жоғарлауына әкеледі.

Сондай-ақ, информатика курсында танымды басқару мен өздік басқару функциясы айқын көрінеді. Компьютермен жұмыс істеген оқушының өз бетінділігі басым, оның алдына қойған мақсаты бар. Мұғалімнің міндеті оқу іс-әрекетін ұйымдастырып, оқушының іс-әрекетін басқару.

Сөйтіп, оқыту әдісі жалпы мағынада, оқушының жеке тұлғалық қасиетін өзгертуге бағытталған танымдық іс-әрекетін басқару әдісі ретінде қарастырылады.

Оқыту әдісін топтауға арналған негіздер жиынтығы айтарлықтай. Оқыту әдісін оқыту мазмұны бойынша топтау өнімді (продуктивті) болып есептеледі;

1)  әлем жайында білім;

2)  іс-әрекет тәсілдерін жүзеге асыру тәжірибелері;

3)  шығармашылық іс-әрекет тәжірибесі;

4)  эммоционалдық құндылық қатынас тәжірибесі.

Бұған оқушыларды тәрбиелеудегі педогогтың әсері де қосылады.

Оқушылардың белсенділігі мен өз бетінділігінің негізгі дидактикалық функциясы оқыту мазмұнымен тығыз байланысты. Дайын мәліметті меңгерудегі репродуктивті іс-әрекетте оқушының белсенділігі төмен болатыны, ал проблемалық іздеу тәсілінде, шығармашылық іс-әрекетті белсенділіктің жоғары болатыны белгілі.

Сондай-ақ, әдістерді топтаудың томендегідей негіздері бар:

§     білім алу тәсілі (теория және практика);

§     кері байланысты жүзеге асыру тәсілі (бақылау және өздік бақылау);

§     оқушылардың ойлау әрекеттері (логикалық аспект).

            Информатиканың мазмұнына қатысты оқытудың нақты әдісін аталған белгі параметрлердің комбинациясы ретінде түсінуге болады.

Оқытуды нақтылы ұйымдастырудың формалары.

Лекция. Лекция термині екі мағынаны білдіреді. Бұл форма да әдіс те бола алады. Оны компьютер құралын демонстрациялау және көрнекілік пайдаланып жүргізуге болады. Лекцияда басқаруды мұғалім жүргізеді. Егер оқушыларда компьютерде дайындалған конспектілер болса танымдық қызметке ынтасы артады, қандай да бір нәрсені жазбай тастап кетуден қорықпайды. Конспектінің тиімді формасы сол жақтан тейзисті түрде маңызды жазып беріп, оң жаққа оқушылар өз коментарийлерін жазу керек. Бұл жұмыс барысын жекешелендіру, оқушының ойлау танымына септігін тигізеді. Басқа жағынан алғанда мұндай дайын конспектілержартылай зейін қойып тыңдалуға әкелуі мүмкін. Мұндай жағдайда барлығын жұмысқа қызығушылық, жұмыс ырғағы, мұғалімнің шеберлігі шешеді.

Семинар. Семинар фронтальды формада жекелеме жұмысқа көшу формасы болып табылады. Сондықтан информатиканы оқып-үйренуді өз мағынасын сақтайды. Ары қарай машинаға дейінгі жұмыс дағдыларын қалыптастыруы керек. Себебі, таныс емес ортаныс меңгеруді немесе алгоритм жасауда тура экран алдында орындауды көпшілігі орындай алмайды. Ал, инструкцияны алдын-ала білмейінше жұмыс істеу машинаның уақытқа да, оқушылар көзіне де зиянды. Тіпті ақыр соңында компьютерде не жасалды? Осының барлығын ұжымдық түрде тыныш жағдайда қорыту формасы керек. Компьютердің өзі оқушы оның алдында не істеп отырса соның мәнінен оқушы назарын тайдыруы мүмкін. Жинақталған жұмыс тәжірибелердің негізінде компьютердің жұмысына кеңінен болжам жасау қабілетімаңызды интеллектуалды білім болып табылады. Мұндай жұмыстарда да семинар қажет. Оқушы семинардағы жұмыс нәтижесі қалай есепке алынатынын білуі керек. Оқушы тапсыру керек:

1.            енгізуге дайын алгоритм текстін.

2.            ЭЕМ-сыз құрылған алгоритмдеу орындауға кестесі.

3.            инструкция бойынша сұрақтарға жауап.

4.            программамен диалог жобасы.

5.            Өзінің не бөтен программаға инструкция немесе коментария беру.

6.            программа жұмысынан күтетін нәтижені сипаттау.

7.            ойын қатысушыларының рольдік функцияларын сипаттап, қателерін белгілеу.

Лабораториялық (Зертханалық) сабақ. Лабораториялық сабақ компьютерлік кластағы негізгі оқыту формасы болып табылады. Кей жағдайларда фронтальдық жұмысты бірге бастаған күннің өзінде жан-жаққа кетіп қалуы мүмкін. Бұл жерде мұғалімге өзі дайындаған инструкциялар көмектеседі. Жұмыс алдында дайындықты үстірт тексеріп шығуға болады. Дайын еместерге компьютерге отырып қажеті жоқ. Мұндай жағдайда компьютер ғана емес, жай столдар қойылған ыңғайлы. Мұны оқушы жаза деп түсінбеуі керек. Себебі ол өзі дайын емес оқушылардың қызығушылығын одан әрі төмендетеді. Дайындалмай келетін тағы бір себебі өзіне-өзі артық сенімділік болуы мүмкін. Бұл жерде мұғалім «дайын болмасаң компьютерде жұмыс істемейсің» деген ұстанымда болу керек. Қазіргі кезде жаңа программалық ұстанымдар бар, оларда жұмыс барысында оқуға арналған жанама көмектер енгізілген. Бірақ бұл көмек бірінші рет оқылып отырмай, бұрыннан білетіндерді еске түсіруі үшін пайдаланса жұмыс жылдам жүреді.

Индивидуальды (жекелеме) практикум. Индивидауальды практикум лабораториялық фронтальды сабақтармен салыстыра жұмыстың неғұрлым жоғарғы формасы болып табылады. Оның өзіне тән белгілері: деңгейі мен күрделілігі бойынша тапсырмалардың әртүрлілігі, өздік жұмыс жасау, оқулықтарға арқа сүйеу, күрделі сұрақтарды мұғалімнен сұрау. Бұл негізінен сабақтан тыс формаға көшу формасы болып табылады.

Оқытудың сөздік әдісі. Классикалық педогогика өз уақытында сөзбен білім берудің жеткіліксіз екенін мойындаған болатын. Сондай-ақ, Я. Каменский информацияны кітаптан, лекциядан, алудың жеткіліксіз екенін, заттарды өз бетімен танып, бақылау арқылы информация алудың маңызды екенін атап көрсеткен.

Көнекілік әдіс. Информатика курсындағы көрнекілік әдіс – оқушының жолдасының немесе мұғалімнің жұмысын бақылау, одан кейін компьютерлік ортаның жұмысының өзгерісін бақылау. Енді олардың ішіндегі негізгілерін қарастырайық.

Иллюстрация. Информатика курсында информацияның таңбалық табиғатын толық бейнелеп көрсетуге мүмкіндік береді. Бәрінен бұрын, көзге көрінбейтін нәрселерді бейнелегеннің пайдасы зор. Мысалы, тақтадан сандық немесе текстік мәндермен жазылған тік төртбұрышты көрсету (ЭЕМ-нің барлық зердесінің үлгісі, зерденің ұшықтарын көрсету). ЭЕМ-мен алғашқы тансу ретінде қағазға бейнеленген клавиатураны көрсету, ол өзі де көрініп тұр, бірақ клавиштардың қызметі сөзбен түсіндіріледі. Бұл жерде иллюстрация сөзбен жалғастырылады.

Демонстрация. Мұғалім компьютердегі орындалатын іс-әрекеттің үлгісін үнемдей-ақ, демонстрациялауға болады. Кез келген компилятор орны мен мәнің демонстрациялай алады. Оқушылар өзінің жұмысының нәтижесін мұғалімге немесе жолдастарына демонстрациялап бере алады. Компьютерлік демонстрацияның маңызды ерекшелігі – көрнекті бейнелерді қозғалмалы күйінде басқару. Оқушы демонстрациялауды өзінің дербес қарқынымен орындайды және қайталауына мүмкіндік бар.

Практикалық (іс-әрекет) әдістер. Қарастырылып отырған жағдайда практика оқушының іс-әрекетіне қатысты теориямен емес, сөзбен және бақылаумен салыстырылады. Информатика білімнің үш түрлі көзін үйлесімді түрде біріктіреді: сөз, бақылау және іс-әрекет. Мысалы, нұсқауларды оқып (сөз), мұғалімнің әрекеті мен ЭЕМ-нің жұмысын бақылай отырып (заттық әдіс), оқушылар компьютермен практикалық іс-әрекетті орындай бастайды. Мұнда әдістер бірін-бірі толықтырады.

Оқыту әдістерінің құрлымы – орта мектеп информатика элементтерін пәнаралық байланыс негізінде оқытудың әдістемесіне қатысты анықталады. Әдістемені жаңарту барысында, оқыту құралдарының алатын орны ерекше. Ал, біздің оқыту әдістемемізге қолданылтын негізгі техникалық құрал – компьютерлік техника болып есептеледі.

Информатика және дәстүрлi оқыту әдiстерi.

Оқытудың сөздiк әдiсi. Классикaлық педагогика өз уақытында  сөзбен бiлiм берудiң жеткiлiксiз екенін мойындаған болатын. Сондай-ақ, Я.Коменский информацияны кiтаптан, лекция даналудың жеткiлiксiз екенін, заттарды өз бетiмен танып, бақылау арқылы информация алудың  маңызды екенін атап керсеткен.

Көрнекілік әдісi. Информатика курсындағы көрнекiлiк әдісі –оқушының жолдасының немесе мұғалiмнің жұмысын бақылау, одан кейiн компьютерлiк ортаның жұмысының өзгерiсiн бақылау. Енді олардың  iшiндегi  негізгілерін қарастырайық.

Иллюстрация. Информатика кypcындa информацияның таңбалық табиғатын толық бейнелеп көрсетуге мүмкiндiк бар. Бәрiнен бұрын көзге көрінбейтін нәрселердi бейнелегеннің пайдасы зор.  Мысалы, тақтада сандық немесе текстік мәндермен жазылған төртбұрышыты көрсету (ЭЕМ-нiң барлық зердесінің үлгісін, зерденің ұяшықтарын көрсету). ЭЕМ-­мен алғашқы танысу ретінде қағазға бейнеленген клавиатураны көрсету, ол өзі де көрініп тұр, бiрақ клавиштардың қызметі сөзбен түсіндіріледі. Бұл жерде иллюстрация сөзбен жалғастырылады.

Демонстрация. Мұғaлiм компьютердегi орьндалатын ic-әрекеттің үлгiciн үндемей-ақ демонстрациялауға болады. Кез келген  компилятор кателердің орны мен мәнін демонстрациялай алады. Оқушылар өзiнiң жұмысының нәтижесiн мұғалiмге немесе жолдастарына демонстрацияланады бере алады. Алгоритмнiң атқарылу үрдісi атқарылуы кестесінің көмегімен демонстрацияланады. Практикум жүйесiн кестенің атқарылy мысалы ретінде түсінyгe болады. Сондай-ақ, атқарылуы мысалы ретінде ic-әрекет пpоцесiн демострациялауға дaмy мүмкiн болды. 

Практикалық (ic-әрекеmmiк) әдicmep. Қарастырылып отырған жағдайда практика оқушының ic-әрекстiне қатысты теориямен емес, сөзбен және бақылаумен салыстырылады. Информатика бiлімнің үш түрлі  кезiн үйлесiмдi түрде бiрiктiредi: сөз-бақылау және ic-әрекет. Мысалы, нұсқауларды оқыту (сөз), мұғалiмнiң әрекеті мен ЭЕМ-нiң жұмысын  бақылай отьrрып (заттың әдiс), оқушылаp компьютермен практикалық ic-әрекеттi орындай бастайды. Мұнда әдicтер, бiрiн бiрi толықтырады.

Информатикадағы теория мен практика ұғымы жалпы ғылыми  категориямен толық үндеседi. Информатика тiлінде теория  компьютерлiк әлемнің жұмысын, қасиеттерiн түciндipy немесе болжау құралы, ал практика - теориямен теорияларға арналған гипотезалар көзiн тексеру құралы. Мысалы, лекция сабағында мәлiметтер қорын басқару жүйесін қатысты теория: iздеуге сұранысты кұру ережесi және т.б. Практикада оқушы машинамен меңгерген командаларын тексередi. Семинар сабағында алгоритмнiң нақты орындалуын түсiндiру, лабораториялық сабақта алгоритмдi тексередi. ЭЕМ-сыз алгоритмнiң дұыстығын дәлелдеу таза териялық әдiспен жүргiзiледi. Бірақ бұл тәсіл аса күрделі емес алгоритмдермен шектеледі.

Алгоритмдi құру немесе түрлендipу - бұл оқушының жұмыс  icтeyiне  нұсқауына негiзделrен теориялық icәрекет. Практиканың негiзгi түpi ешқандай ережесiз компьютерлiк ортаны зерттеу болып табылады.  Tiпті  ағылшын тiлiндегi нұсқау қолда болғанмен оның  мазмұны барлық уақытта түсiнікті  бола бермейдi.

Жұмыстың комбинацияланған әдiсi программаны жүргiзу болып табылады. Бұл жерде қатенiң себептерін практикалық тaлдay мен оны практикалық тексеру өзара үйлесім  табады.

Kepі байланысты жүзеге асыру тәсiлдерi. Бақылау.

Информатика кypcындaғы бақылаудың ерекшелiгiн төмендегідей тұжырымдауға болады. Жалған жауапты оқушы мойындамайды, оны компьютердің шығарғаны деп есептейдi; компьютер оқушының  өзiнiң ic-әрекетін ұғынуына нәтиженiң дұрыс немесе қате eкeндiгі  жөнiнде хабарлама бередi.

  Мұғалімнің дәстүрлi бақылауымен қатар, тестік бақылауының да маңызы бар. Бақылаушы басқа адамның ойлay жүрiсiн түсінуді үйренедi де, өзінше бiлiмiн сыртқа  шығарып сөйлеуге дағдыландыру.

Компьютердiң бақылауы қатеге көп көңіл аударуды талап етедi, бақылаудың келесi кезеңi - өзiндiк бақылауға көшуге мәжбүр болады. Бұл бақылаудың күрделі де, ең  жоғарғы түрі болып есептеледi. Әлбетте адам өзiне сенуге  және өзiне баға беруге бейiм келедi. Өзiн бақылай бiлу, icкерлiгi, мейлі компьютердiң көмегімен болсын, өзiндiк ойлаудың ең  жоғарғы дәрежесi.

       Керi байланыс жылдам немесе баяу болуы мүмкін. Жылдам байланыс тиiмдi, бipaқ өте жоғары жылдам реакция - мұғалiмнiң түciнiктeмесі – оқушының ойлау  жүрiciнiң ашылуына кедергі жасауы ықтимал. Оқытуды, ұйымдастыруға қатысты бақылауды ауызша және жазбаша деп белуге болады. Жазба тiл пайдалы, үлкен еңбектi талап  етедi.


Ұқсас жұмыстар

Информатиканы оқытудың нақты мақсаттарын анықтау
ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ Бастауышты оқытудың әдістемесі мен педагогикасы мамандығы үшін
ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Мектепте информатика пәнін оқыту әдістемесі
Информатика курсын оқыту құралдарының жүйесі
Бастауыш сыныптарда оқушыларды оқыту барысында пәнаралық байланысты жүзеге асыру жолдары
Информатиканы орта мектепте оқытудың теориялық-әдістемелік негіздері жайлы
Информатиканы дербес оқыту әдістемесі
Информатиканы продуктивті оқыту әдістері
Ақпараттық технологияны оқыту процесінде пайдалану