Бу қазандықтары мен шаң дайындау жүйелері есебі

Бұл дипломдық жұмыста бу қазандықтары мен шаң дайындау жүйелері есебі әдісінің әдеби шолуы орындалып қарастырылған: қазандық пен шаң әзірлеу жүйесінің жылу есебі, газды және ауа тракті мен шаң жүйесінің аэродинамикалық есебі, жылу балансының есебі, ластану мен күлқож қалдықтарынан келтірілген зиян есебі.
«AES Өскемен ЖЭС» АҚ БКЗ-320-140 қазандығы үшін жобаланбаған Мақұбаның қоғыр және Семейдің тас көмірін жағу мүмкіндігі қарастырылған.
Ұсынылып отырған көмірлерді жобадағы Кузнецк көмірімен салыстырғанда әртүрлі жүктіліктегі есебі келтірілген.
- Пеш көлемі мен пештің қиылысқан жері, ВЗП кейінгі ауа температурасы мен ІІ кезеңдегі экономайзерден кейінгі газдың көрінетін пештен шыққан кездегі газдың температурасын анықтау үшін қазандықтың жылу есебі;
- Диірмен мен диірмен желдеткіштерінің өндірушілігін анықтау үшін шоқ дайындау жүйесінің жылу және аэродинамикалық есебі;
- Тежеп-үрлегіш машинасының өндірушілігін анықтау үшін газды және ауа трактінің аэродинамикалық есебі;
- Төлем мөлшерін анықтау үшін қоршаған ортаны ластау мен күлқож қалдықтарының түзілуінің есебі;
- Жобаның шығыны мен тиімділігін анықтау үшін экономикалық тиімділік есебі.
Келтірілген есептен байқайтынымыз, осы көмірлерді БКЗ-320-140 қазанында жағуға болады. Қазандық агрегаты семей тас көмірін жаққан кезде 320 т/сағ. бу өндірушілігін қамтамасыз етеді. Майкұбаның қоңыр көмірін жаққан кезде қазандық агрегатының бу өндірушілігі 280 т/сағ. құрайды.
«Ескі» жерлерге жаңа айдарлы жылытқыштар орнатылды. Жаңа құрылымды екінші сатылы су үнемдегіш орнатылды. Дайындау жүйелері мен тежеп үрлегіш машиналардың жабдықтары өзгеріссіз сақталған. Жылытқышқа шаңның берілуі ыстық және жай жылытылған ауадан тұратын кептіру агенті арқылы жүзеге асырылады.
Жобаланған көмірді жаққан кезде қоршаған ортаға шығарылған қалдықтың мөлшері артады, бұл отынның калориясының төмендігі мен минералдық құрылымына байланысты. Қазақстан Республикасының «Қоршаған ортаны қорғау туралы» және «Атмосфералық ауаны қорғау» заңдарына сәйкес «AES Өскемен ЖЭС» АҚ атмосфераға шығарылған зиянды қалдықтарды ұстау, залалсыздандыру және оларды азайту бойынша іс шараларды жоспарлап және жүзеге асыруға міндетті. Осыған байланысты экологиялық көрсеткішті жақсарту бойынша келесі іс шараларды енгізу мүмкіндігін қарастыруды ұсынамыз:
 Отынды сатылы жағу (ауаны жылытқыштан жоғары шығарумен үшінші қайтара үрлеу, төменгі үрлеу ауаны су түтікше аймағына берумен);
 Бірінші ауада қышқылды азайту (жоғары топтасқан шаңды беру - ПВК);
 Пешке азотты және күкіртті реаргенттерді енгізу;
Осы іс шараларды енгізу шығарылатын қалдықтарды бірнеше есеге азайтуға мүмкіндік береді, бұл келесі жұмыстың тақырыбы бола алады.



Ұқсас жұмыстар

Қазандық цехы
ЖЭО қосалқы жабдықтары
Жылыту жүйелеріне арналған жылу тасымалдағыштар
Қазандардың құрылмасы, классификациясы
Жылу сұлбасын есептеу
Жамбыл жылу ЖШС жэц – 4 қазандықтарының атмосфераны ластауынан пайда болған экологиялық тәуекелді есептеу
Ақтөбе қаласы бейметалл құбырлар дайындау зауытындағы су қыздыру қазандығының автоматтандырылуын жобалау
Жылыту жүйелерінің элементтері
Конденсатты электр станцияларының ерекшеліктері
Газ турбинасы
ТҮМЕН ҰЛЫ МҮДЕ ҚАҒАН
БУМЫН ҚАҒАН
Жазаның жүйелерінің және түрлерінің жалпы сипаттамасы
Диалектика — даму мен ең жалпы байланыс жөніндегі ілім
ӘБУ НАСР ӘЛ-ФАРАБИ
Жиынтық сұраныс және жиынтық ұсыныс,бұлардың кейнстік үлгісі
Қазақстан Республикасының заңдарын сақтауын тексерулерді ұйымдастыру мен жүргiзу ережесi
Ақшаның маңызы, қызметтері және оның ерекшеліктері