БІЛІМ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУ САЛТАНАТЫ

Шәудірбаева Гүлшат Иманғалиқызы — Алтынсарин орта мектебінің педагог-ұйымдастырушысы (Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы).

Білім күніне арналған «Алғашқы қоңырау» салтанаты

Жүргізуші сөзі

Алтын шапақ шашыратып көгінен,

Күз кеп жетті сағыныштан сезіммен.

Балапандай ұясына асыққан,

Шәкірттерін шаттандырып сеніммен.

1 қыркүйек — Білім күні мерекесіне арналған «Қазақстан–2050: бір халық — бір ел — бір тағдыр» атты салтанатты жиынға қош келдіңіздер!

Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! Баршаңызды 1 қыркүйек — Білім күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, ашық аспан, бейбітшілік пен ынтымақ тілейміз. Жаңа оқу жылы құтты болсын!

Бүгінгі «Алғашқы қоңырау» мерекесіне арналған салтанатты жиын ашық деп жарияланады.

Мемлекеттік рәміздер

Қазақстан Республикасының Туы көтерілсін! Ту көтеру құрметі облыстық және республикалық олимпиадалардың жүлдегеріне беріледі.

(Ту көтеріліп, Әнұран орындалады.)

Құттықтау сөздер

Мектеп басшысының құттықтауы

Салтанатты жиынымыздың алғашқы сөз кезегі мектеп басшысына беріледі.

Түлектерім тас қияға өрледі,

Шетелден де жүлдесіз боп келмеді.

Биіктерді бағындырсақ ұжым боп,

Мектебімнің басшысының еңбегі.

Бүгінгі салтанатты жиынға аудан әкімшілігінен қатысып отырған қонақтарды атай отырып, сөз кезегін ________________________ береміз.

Ата-аналарға сөз

Қандай ғажап, қарашы жан-жағыңа,

Күміс күлкі симай тұр қара мұңға.

Ата-анадай бақытты бар ма екен жан,

Қол жеткізген аңсаған арманына.

Жақсы шәкірт азамат атанады, халқы мен ата-анасынан бата алады. Ұрпаққа айтар ақ тілегін білдіру үшін ортаға ата-аналарды шақырамыз.

(Ата-аналарға сөз беріледі.)

Қайырымдылық және қолдау

1 тамыз — 30 қыркүйек аралығында өтіп жатқан «Мектепке жол» республикалық акциясына демеушілік көрсетіп жүрген ата-аналарды ортаға шақырамыз.

(Әлеуметтік жағдайы төмен оқушыларға оқу құралдарын табыстау рәсімі.)

Алғашқы қоңырау соғу рәсімі

Кезекті қоңырау соғу рәсіміне кезек беріледі:

  • 1-сынып оқушысы: ________________________

  • 11-сынып оқушысы: ________________________

Қорытынды

Құрметті қонақтар, ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Сіздерді жаңа оқу жылының алғашқы қоңырауы Білім еліне шақырады.

Осымен «Алғашқы қоңырау» мерекесіне арналған салтанатты жиын жабық деп жарияланады.